Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Күрделі етістіктер және оның табиғаты

Автор:   •  Декабрь 5, 2018  •  Курсовая работа  •  7,126 Слов (29 Страниц)  •  5 Просмотры

Страница 1 из 29

                            «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінен

Курстық жұмыс

       Тақырыбы: « Күрделі етістіктер және оның табиғаты»

Мазмұны 

Кіріспе...............................................................

1.1Сөзжасамның зерттелу тарихы.....................................................

1.2Күрделі етістіктің жалпы теориялық мәселелері...........................................

1.3 Күрделі етістіктің өзіндік  сипаты..............................................................

1.4 Күрделі етістік пен аналитикалық формалы етістіктің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.............................................................................................

Қорытынды........................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................

 

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі:  

        Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылу оның өзіндік зерттеу нысаны болумен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді.

       Қазақ тіл білімінде күрделі сөз проблемасы ертеден түрлі ғалымдардың зерттеу объектісі болып келеді.Күрделі етістік түркологиядағы өте ірі проблемаларға жатады,оның әлі шешуді керек ететін мәселелері де көп.

Курстық жұмыстың мақсаты:

        Ғылыми жұмыстың арқауы етіп алынған күрделі етістіктің түрі мен табиғатын зерделеу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

        - Сөзжасамның зерттелу тарихына шолу жасау;

        - Күрделі етістіктің жалпы теориялық мәселелеріне тоқталу;

        - Күрделі етістіктің өзіндік  сипатын анықтап, оларды жүйелеу;

          - Күрделі етістік пен аналитикалық формалы етістіктің ұқсастықтары мен      айырмашылықтарын анықтау.

1.1Сөзжасамның зерттелу тарихы

Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылу оның өзіндік зерттеу нысаны болумен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілері, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б болып жатқан толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселерді зерттейді яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді.        Сөзжасамды тіл білімінің жеке, дербес саласы деп тану мәселесі басталғанына бірсыпыра уақыт болды. Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс тіл білімінде алғаш ұсынған акам. В.В. Виноградов болды. В.В. Виноградов бұл пікірді 1950 жылдары ұсынған болатын. Содан бері ғалымдар бұл пікірді дәлелдей, дамыта келе 1970 жылы шыққан “Русская грамматика” кітабында оны жеке сала ретінде беріп, сөзжасам тіл білімінің жеке саласы деген пікірін жария етті.1980жылы шыққан “Русская грамматикада” сөзжасам жеке сала ретінде беріліп, бұл мәселенің түпкілікті шешілгенін дәлелдейді. 

Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы – ұзақ уақыт бойы ғалымдардың пікір-таласының нәтижесі. Ресейде сөзжасам мәселесін зерттеп, ол туралы дәлелді пікір айтқан сөзжасамның өзіндік зерттеу нысанасы барын, оның тіл білімінің басқа салаларынан ерекшелігін ашқан, басқа салаларымен байланысын да көрсете білген ғалымдар болды. Олардан Г.О. Винокур, Е. С. Кубряков, Е.А. Земская, Н.Д. Арутюнова, А.Н. Тихонов, И.С. Улухановтарды айтуға болады. 

Сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп тану мәселесі шетел ғалымдарының зерттеуінде де дәлелденді. Оған 1978 жылы Вена қаласында өткен лингвистердің дүниежүзілік ғылыми конгресі дәлел болды. Бұл конгресте сөзжасам мәселесі тұңғыш рет күн тәртібіне қойылып, оған арнайы секция бөлінген. Конгресте тіл біліміндегі сөзжасам мәселесіндегі олқылықты жою мақсаты көзделіп, сөзжасам мәселесін зерттеуді күшейту мәселесі алға қойылды. Ғылымдағы бұл бетбұрыстан түркі тілдерінің ғалымдары да тыс қалмады. Татар тілінің маманы Ф. А. Ганиев өзінің сөзжасамның мәселесіне арналған докторлық диссертациясында “Сөзжасам-татар тіл білімінің бір саласы”деген тақырып бөлініп, онда осы мәселені жан-жақты дәлелдеген. 

...

Скачать:   txt (93.2 Kb)   pdf (279.9 Kb)   docx (36.7 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club