Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ер Едіге

Автор:   •  Февраль 6, 2023  •  Эссе  •  6,508 Слов (27 Страниц)  •  189 Просмотры

Страница 1 из 27

ЕР ЕДІГЕ

Ерте заманда Бабағұмар деген әулие бар екен. Он бесте әулиелік қылып кеткен екен. Сол уақытта бір қызға көзі тиген екен. Көзі тиген сол қыз буаз болған екен. Буаз болған соң ұл тапты. Ол ұлдың атын Баба түкті Шашты Әзіз қойды. Жиырма бес жасқа келгенде әулиелік қылып жөнелді. Ағұн дариясына барды. Дария жағасында алтын шашын алдына алып тарап отырған қызды көрді. Қыз жақын келгенде суға шомып кетті. Баба түкті Шашты Әзіз де қыздың артынан шомып кетті. Дарияның астында алпыс ақ отау тұр екен. Отауға кіріп барды. Ішінде ай десе аузы жоқ, күн десе көзі жоқ, бұлғарыдай бұлқыған, бұлұсы жұпар аңқыған ғажайып бір қыз отыр екен. Қызды көрді де қайта шықты. Қыз етегінен ұстап, «я, жігіт, қайда барасың?» - деді.

«Мен саған сөйлеспеймін, сөйлесем күнакар боламын деп барамын – мен сені, іздегенім жоқ, жібер», - деді. Қыз айтты: «егер мені алмай кетсең он бестегі күнәм мойныңа», - деді. Жігіт ақыл ойлады: «мен сені алмай кетсем күнәм жоқ болар деп едім, алмай кетсем күнәм көп болады екен, айналайын» деп ой қылды. Некелеп алды. Қыз айтты: «әбден менікі болдың ба?». «Я болдым», - деді.

  • «Олай болса мен етігімді шешкенде аяғыма қарама. Көйлегімді шешкенде қолтығыма қарама, басымды жуғанда шашыма қарама», - деді. Күндерде етігін шешеді: аяғы ешкінің аяғындай – оны жігіт көрді. Бір күні көйлегін шешті. Қолтығынан өкпесі көрініп тұр. Жігіт тағы да көрді. Қыз көргенін білді. Аспанға ұшып кетті. Қайран «кет құдайым», деп қайтып түсті. Тағы күндерде бір күн қыз шашын жуды. Бас терісін алдына алып тарап отыр. Жігіт тағы көрді. Қыз аспанға ұшып жөнелді. «Ей, жігіт!» деді, ішімде алты айлық балаң кетіп барады. Ніл дариясының басында Құмкент шарының қасына балаңды тастап кетермін. Өзің іздеп тауып ал» деді. Сонымен қыз кетті. Баб түкті Шашты Әзіз баланы іздеп Ніл дариясын қыдырды. Ніл дариясының басында Құмкент шарының қасында жібек орамалға ораулы жатқан баласын тауып алды. Елсіз, күнсіз жерде туды деп атын «Едіге» қойды да, жауырынына таңды. Тоқтамыс ханның ауыр жұртына алып келді. Ноғайлының жұрты екен. Үш жасқа келгенде қолынан ұстап молдаға берді. Баласының бар парызынан құтылған соң Шашты Әзіз ғайып болды. Ұшып кетті. Онан соң сегіз жасқаша Едіге оқуда тұрды. Оқуда тоқсан бала бар еді. Сол балалармен күрескенде бәрін де жықты. Бәрінің де киімдерін алып үйіп салды. Киімдерінің үстіне шығып отырып айтты: «Міне, Тоқтамыс ханның тағының үстіне отырдым», - деді де, киімдерін қайтарып берді.

Күндерде бір күн екі кісі келе жатыр еді. Едіге балаларға айтты:

«Өздеріңіз сәлем бермеңіз, егер сәлем берсе алыңыз. Сәлем бермейсіңдер деп сөксе жауабын мен берейін», - деді. Екі кісі келді. Балалар сәлем бермеді. «Балалар неге сәлем бермедіңдер» - деді.

Едіге: «бастан өздерің неге сәлем бермейсіңдер?» - деді. Екі кісі айтты: «Біз үлкен бе, жоқ сендер үлкен бе?». Едіге айтты: «Біз үлкен». Екі кісі: «Сендер қалайша үлкен боласыңдар?», - деді. – «Егер мен тоқсан баланың жасын санап салсам сонда біз үлкен болмаймыз ба?», - деді. Екі кісі сөзден жығылды да: «бағанағы дауымызды осыған салайық», - деді. «Ей бала, даулы болып Тоқтамыс ханға бара жатыр едік, енді дауымызды саған салғалы тұрмыз. Бітіресің бе?» деді. – «Егер құдай аузыма салса бітірермін» деді. «Олай болса мынау – Алшын атасы Көкжалды мерген. Мен Кеңестің ұлы Кеңжанбаймын. Еділ мен Жайық менікі еді. Онан қашқан қоян да менікі еді. Жайықтың жағасында Ақ көлдің сағасында жатқан ақ қоянды көрдім де, атайын деп мылтығыма кеттім. Мен мылтығымды алып келгенше Көкжалды атып алыпты. Осының төресін беріңіз», - деді. Сен қандай жерден аттың?» деп Көкжалдыдан сұрады. Ол қанша жерден атқан мөлшерін көрсетті. Егер бір төре берсем екеуіңіз де көнесіз бе?» - деді. Екеуі де «көнеміз» - деді. Баланың төресі: қоянды алып бір балаға құшақтатты да Кеңестің Кеңжанбайына айтты: «Балаға тигізбестен қоянды атқан жерден ат: егер балаға тигізсең – құнын бер: оқ далаға кетсе – қояннан бейдамақ бол: тигізсең – қоян сенікі болады», - деді. «Бұл төреге көнбеймін, Тоқтамыс ханға барамын деп Кеңжанбай ашуланды. Қайтып келді. «Ұстат балаңа, атамын!» деді. Балаға дарытпастан қоянның қалаған жерінен тигізді. Едіге: «Ендеше бұрын көрген қоян сенікі» деді. Көкжалды: «бұл төреңе көнбеймін» деп ашуланды. Екеуі Тоқтамыс ханға барысты. Хан алдында Кеңжанбай: «бір төре болып еді», - деді. Тоқтамыс «қандай төре?» - деп сұрады. Кеңжанбай баланың берген төресін айтты. Сонда Тоқтамыс хан: «Сол баланың төресі – төре, біз ондай төре бере алмаспыз да», - деді.

...

Скачать:   txt (82.3 Kb)   pdf (149.4 Kb)   docx (232.6 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club