Екінші жалпықазақ сьезінің тарихи маңызы мен Алаш Орда үкіметінің құрылуын түсіндіріңіз
Автор: Zukhra2225454 • Декабрь 2, 2022 • Контрольная работа • 1,083 Слов (5 Страниц) • 481 Просмотры
49. Екінші жалпықазақ сьезінің тарихи маңызы мен Алаш Орда үкіметінің құрылуын түсіндіріңіз.
Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез. Бұл сьез “қазан төңкерісі” болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі кезеңде ұйымдастрылды. Құрылтайға қазақ жерінің әр аймағынан 81 делегат келген. Құрылтайда түрлі мәселелер қарастырылады. Алғашқы баяндаманы Ә.Бөкейханов жасайды және бұл қаулы қабылданады. Баяндама бойынша Қазан төңкерілісінен кейін Русия мемлекетінде әкімшіл жоқ болған соң, халық арасында алауыздыққа және бүлікшілікке ұшырап, күннен күнге халыө күйі нашарлағанын көріп, бұл жағдай қазақ-қырғыздардың басына келуі мүмкін деп, басқаратын үкімет керек деген шешімге келеді және қаулы қылады. Милиция құру туралы қаулы қабылданады. Қазақ-қырғыз автономиясын жариялау мерзімі туралы қызу пікірталас туып, Ә. Бөкейханов бастаған топ милиция құрғанша тоқтата тұрайық десе, Досмұхамедовтер бастаған топ жариялансын дейді. Артынан екі жақ ымыраға келіп, біраз шартпен автономияны жариялау Алаш Орда үкіметіне жүктеледі. Қазақ автономиясы, милиция, Ұлт Кеңесі, оқу мәселесі, ұлт қазынасы, мүфтилік мәселесі, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік, т.б. мәселелер енгізіліп, маңызы зор шешімдер қабылданды. Съез әр аймақтан келген өкілдердің өз елдерінде болып жатқан оқиғалар жайлы ақпарат берулерінен басталды. Одан соң Құрылтай жиналысына сайлау жөнінде айтылды. «Қазақ-қырғыз автономиясы — «Алаш» деп аталсын», «Алаш автономиясының жері, үстіндегі түгі, суы, астындағы кені — «Алаш» мүлкі болсын», «Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлт Кеңесін құруға, мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы - 25 болып, он орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Алаш Орданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алды» деген тарихи шешімдер болды. Съез Сырдария облысы қазақтарының съезін шақыруды қажет деп тауып, өз араларынан Б.Құлманов, Т.Құнанбаев, М.Дулатовты өкілдер ретінде жіберу туралы шешім қабылдады. Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады.
50. Қазақ саяси элитасының(Ә.Бөкейханов, М.Дулат, А.Байтұрсын, Ш.Құдайбердіұлы және т.б.) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі рөлі.
ХХ ғасыр басында орыс отаршылдығының озбырлығы барған сайын арта түскен шақта ұлтшыл азаматтар арғы тегіміздегі Алаш атымен бірігіп, ұлттық идеяны ту етіп бас көтерді. Осы зиялы топтың көшбасшысы Әлихан Бөкейханов: «Біз, хан тұқымы, қазақтың үмітін ақтап, елдігін, тәуелсіздігін сақтап қала алмадық, қарызымызды ақтау үшін көшін бастай алмасақ та, қосшысы боламыз» деуі де оның асқақ мұратын халық тағдырымен байланыстыруынан. Сол тұстағы зиялылардың алдыңғы сатында қазақтың жалпытүркілік тұтастық идеясын көтерген Мұстафа Шоқай, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі – Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш!» деп, ұлтын оятқан Міржақып Дулатұлы, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Асан Қайғыдан кейін қазақтың шекарасын белгілеп берген Әлімхан Ермеков, «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз!» деп ұран салған Сұлтанмахмұт Торайғыров және т.б. тұрды. Ар, намыс, әділет, адами қадір-қасиет, өз ұстанымына адалдық, тұрақтылық, тектілік – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының басты ерекшелігі. Ұлт-азаттық қозғалысының басшылары Әлихан , Ахмет Байтұрсынов , Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Бахытжан Қаратаев, Халел және Жанша Досмухамедовтер және басқалары – негізінен Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазан, Омбы мен Орынбор жоғары оқу орындары, училищелерінің түлектері». Олар өз қызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төлтумалығын сақтау, сонымен бірге тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шыңдау деп санаған..Басқа сөзбен айтқанда қазақтың тұңғыш интелегенттері сол кезеңнің ұлттық сұраныстарына жауап беруге тырысты. Халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында із қалдырған қайраткерлердің бірі – Әлихан Бөкейханов. Ə.Н.Бөкейханов Қазақстан тарихын, мəдениетін, тұрмысын, шаруашылығын, табиғи байлықтарын іргелі түрде зерттеп, негіз салған ғалымдардың бірі болып табылады. Əлихан Бөкейханов əр түрлі экспедициялар, ғылыми топтар ішінде жүріп, түрлі бақылауды, сұрауды, есептеуді саралау негізінде көптеген қайнарлар материалдарына сүйеніп алынған тарихи, экономикалық, статистикалық, шаруашылық деректерін қорыту барысында орыс тілінде жазылып, патша өкіметінің басылымдарында шыққан еңбектерінде қазақтың атамекені, меншікті жерлері, олардың бірте-бірте отарланып, түрлі айла-тəсілдермен мұжықтарға, көпестерге, шенеуніктерге тартып əперілуін дəлелдермен көрсетіп берген болатын. Ол сауатты, өте білімді, парасатты, өз заманының озық ойлы азаматы болды. Дала тұрғындарының ғана емес, өзге ұлттардың да құрметіне бөленді. Өз ұлтының ата тарихын жетік меңгеріп, мәдениеті мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүріне құрмет көрсетудің, туған халқына адал қызмет етудің үлгісін көрсетті. Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін үздіксіз күрес жүргізді.
...