Ежелгі түркі поэзиясы мен қазақ әдебиеті. Орхон ескерткіштерінің жазылуы
Автор: Гүлзира Мұрат Мұқсынқызы • Февраль 3, 2021 • Реферат • 907 Слов (4 Страниц) • 1,404 Просмотры
[pic 1]
«Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық»
Университеті
СОӨЖ
Тақырыбы: Ежелгі түркі поэзиясы мен қазақ әдебиеті
Орхон ескерткіштерінің жазылуы
Орындаған: Мұрат К.
Қабылдаған: Абиыр Қ.
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Ежелгі түркі поэзиясы мен қазақ әдебиеті
2. Орхон ескерткіштерінің жазылуы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І.Кіріспе
Қазақ әдебиеті тарихы- қазақ халқының қоғамдық, әлеуметік және саяси өмірінің бейнелі көрінісі. Соның сүрлеуі, ізі болып табылады. Міне, сондықтан да біз қазақ әдебиетінің түп-төркінін, қайнар бастауын, ежелгі дәуірін түсінуіміз үшін алдымен халқымыздың бұрынғы-соңғы тарихын бүгңнгң күн тұрғысынан тереңірек танып, білуіміз қажет. Ал тарихи тәжірибені, халықтың сан ғасырлар бойы сақтап келген асыл қазынасы яғни әдеби-мұраларды танып-білу қоғамымызыдың әр азаматының рухани жағынан кемелдене түсіп, еліміздің егемендігін нығайта беруге игі ықпал етері сөзсіз.
Әйтсе де бүгінгі күнге дейін қазақ халқының шынайы тарихы объективті түрде жазылып біткен жоқ. Ал халықтың тарихын толық танып-білмей тұрып, болашақтың көкжиегін айқын көру, бағдарлау мүмкін емес. Әрбір халықтың өмір сүрген мекені, тіршілк еткен жері, өзара ара-қатынас міндетін атқарып тұратын ана тілі, сөз өнері, өзіндік салт-санасы, әдет-ғұрпы, дін мен ділі болғандығы мәлім.
Тарихы жоқ халық болмайтыны да шындық. Ал тарих ғылымы үлкенді-кішілі барлық халықтарды тарихи үрдістің субъектісі деп біледі. Сол халыхтардың өзара байланыстарын, әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлестерін жан-жақты зерттегенде ғана күллі адамзат тарихы туралы түсінік алуға болады. Сол сияқты ежелгі түркі поэзиясы мен қазақ әдебиеті орхон ескерткіштерінің жазылуында зерттеп, оқып қана толықтай мағлұмат білуге болады. Ол үшін түркі поэзиясындағы ескерткіштердің жазылуын дұрыстап назар салып, зерделеп іздену қажет. Сонда ғана өзіңе қажетті барлық мәліметті таба аласың.
ІІ.Негізгі бөлім
1. Ежелгі түркі поэзиясы мен қазақ әдебиеті
Біздің заманымыздан бұрынғы сақтар мен ғұндар дәуірінде өмірге келген жоқтау, мақтау өлеңдері, мақал-мітелдер, қанатты сөздер көркем үлгілері сан ғасырлар салып барып, Түрік қағанаты тұсында ғажайып батырлық жырларын жазу үшін үлгі-өнеге, тарихи-типологиялық, жүйелі-салыстырмалы талдау әдістері арқылы дәлелденіп көрсетіледі.
- Ежелгі түркілердің арғы тегі саналатын сақтар мен ғұндардың ерлік дастандары мен қазақтың қазақтың батырлық жырлары арасындағы байланыс белгілері, кешенді түрде тарихи аспектіде сараланып дәлелденіп отыр.
- Түрлі тарихи кезеңдерде өмірге келген көне түркі әдеби жәдігерліктерін өзара типологиялық салыстыру арқылы ежелгі ежелгі түркі поэзиясы мазмұн, форма, композиция, стиль, поэтика тұрғыда ұдайы жетіле түсу динамикасында болғаны айқындалады.
- Ежелгі түркі поэзиясында жиі қатынасқа ұшырайтын қанатты сөздердегі, мақал-мәтелдердегі, фразеологиялық тіркестердегі тұрақтылық, шектеушілік, жұптық-бірлік сияқты форма- қазақ жыраулары поэзиясындағы дидактикалық-шешендік сөздерге де тән сипат, біртұтас, үзілмес желі екендігі жан-жақты сараланды.
...