Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бүгінгі таңда отансүйгіштікке қажеттілік бар ма?

Автор:   •  Апрель 17, 2022  •  Эссе  •  667 Слов (3 Страниц)  •  269 Просмотры

Страница 1 из 3

        Бүгінгі таңда отансүйгіштікке қажеттілік бар ма?        

        Адами құндылықтар ерте заманнан тұлға болып қалыптасуда айрықша рөл ойнайтын маңызды тәрбие құралы ретінде есептелінген. Аталмыш қасиеттер ішіндегі мемлекеттің дамуына жағдай жасайтын аса қажеттісі – отансүйгіштік. Отаншылдық дегеніміз адамның туған жеріне, еліне, Отанына деген шексіз ықыласы мен құрметі, оның дініне, тіліне, салт – дәстүріне деген сүйіспеншілік сезімі. Қай кезеңде болмасын аталмыш қасиет халыққа қалаулы, елге елеулі азаматтардың бойынан табылған және мемлекеттің алға жылжуында ерекше рөл атқарған. Сонау Тәуке хан тұсынан жоғары бағаланатын отансүйгіштік қасиет әлі күнге дейін өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ. Олай болса, қазіргі кезде отаншылдық сезімі ұрпақтың бойынан неліктен табылуы қажет?

Отансүйгіш туған елінің табиғатын, тау – тасын, жан жануарлары мен өсімдігін, сонымен қатар, оның моральдық құндылықтарын сақтаудан бастау алады. Оның бүгінгі таңдағы маңызы ұшан – теңіз. Біріншіден, отансүйгіштік ұлттың, мемлекеттің жоғалмауына жағдай жасайтын мықты кірпіш секілді қызмет атқарады. Толығырақ айтқанда, 21 ғасыр жаһандану ғасыры болып саналатындықтан, батыс елдерінің ықпалымен көптеген ұлттық құндылықтар жойылудың сәл – ақ алдында тұр. Оңтүстік Корея елінің «к-поп» үлгісіне еліктеген жастардың саны күннен – күнге артуда. Олар жай ғана өзге елдің стиліне еліктеп қана қоймай, қазақтың ұлттық санасына осы бір ұғымның сіңуіне жағдай жасауда. Қазіргі таңда көптеген жеткіншектердің пір тұтатын тұлғалары осы саланың өкілдері, яғни «Найнти уан» немесе «91» сынды ән топтары. Олар музыка саласына ғана өзгерістер енгізбей, болашақтың кепілі болып саналатын жас ұрпақтың толыққанды шаш және киім стилдерін өзгертуіне әкеліп соғуда. Қазақ ұлтына жат болып саналатын түрлі түстерге боялған шаш үлгілері, жыртылған киімдер күнделікті өмірде аса таңқалдырылмайтын күйге жетті. Мұндай әрекеттер өркениетті қазақ қоғамындағы рухани жаңғыру процесінің жүзеге асырылуына кедерге келтіретін жаңа толқын ретінде есептелінуге тиісті. Себебі, аталмыш үрдіс ертеден бері сақталған ұлттық құндылықтардың бағалылығын төмендетіп қана қоймай, жоғалуына әкелуі әбден мүмкін. Демек, бұл жағдайда отансүйгіштік қасиеттің ұлттың өзіндік ерекшеліктерін сақтап қалудағы маңызды рөлі айқындалады. Екіншіден, ұлтжандылық мемлекеттің дамуына даңғыл жол ашады. Мемлекет өздігінен дами алмайды, мұндай құбылыста қоғамның алар орны ерекше. Ал қоғам еліне деген шексіз сүйіспенщілікке ие тұлғалардан құралады. Отансүйгіш адамдар қиын сәтте белгілі болады және олар өз елінің басына күн туғанда аянбай еңбек ету арқылы жерін, ұлтын сақтап қалуға тырысады. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхан сынды қоғам қайраткерлері мемлекеттің дамуына ғана емес, елдің жағдайы төмендеген кезде өз бастарын қатерге тігіп, күн демей, түн демей қызмет еткен. Олардың ерен еңбегі халқының кемел болашаққа қадам басуына жол ашып, қараңғылықта шырақ секілді көмек берді. Сонымен қатар, соғыс кезіндегі асқан ерлікпен көзге түспен Әлия мен Мәншүк сынды батыр тұлғалар Отанға деген шексіз сүйіспеншілігімен көзге түскен кемеңгер кісілер. Отансүйгіштік қасиетті ұрпақ бойына сіңірту арқылы өз мемлекетінің тарихын бағалайтын, оның дамуына аса мән беретін патриот тұлғалардың қалыптасуына жағдай жасауға болады. Үшіншіден, отансүйгіштік қасиетті арттыра отырып бәсекеге қабілеттілікті дамытуға болады. Яғни, мемлекеттің алдындағы перзенттік парызды өзінің жеке мүдделерінен биікке қойып, кез – келген жағдайда елінің салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпын әлемге таратуға тырысқан кісі отансүйгіш болып саналса, мұндай тұлғалар өз жерінің туын жоғарыға көтеретіндігі айқын. Бәсекеге қабілетілік жаңашылдықтарды ойлап табумен байланыстырылса, отансүйгіш адамдар ойлап табуға тиісті ұғымды әрдайым өзінің туған тарихымен, салт – дәстүрімен байланыстыруға тырысады, ал мұндай нақты қадам бастаманың ерекше болатындығының кепілі болмақ. Осындай нәтижеге қол жеткізу мақсатында, Қазақстанда патриоттықты арттыру мақсатында 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларда аталмыш мәселені дамыту алға қойылған болатын. Отансүйгіштікті биліктің көмегімен рухани құбылыс ретінде күшпен адам санасына сіңдіру мүмкін емес, ол тәрбие институттары біріге жұмыс жасағанда ұрпақтың санасында уақыт өте қалыптасатын қасиет.

...

Скачать:   txt (9.4 Kb)   pdf (92.7 Kb)   docx (9.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club