Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақын жыраулар поэзиясындағы ақша концептісі

Автор:   •  Апрель 15, 2018  •  Доклад  •  861 Слов (4 Страниц)  •  1,080 Просмотры

Страница 1 из 4

АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «АҚША» КОНЦЕПТІСІНІҢ КӨРІНІСІ

(ХV-ХVІІІ ғ.ғ)

КОНЦЕПТ «ДЕНЬГИ» (ДЕНЬГА) В ПОЭЗИИ ЖЫРАУ И АКЫНОВ

(ХV-ХVІІІ в.в)

THE CONCEPT OF «MONEY» (MONEY) IN THE POETRY OF ZHYRAU AND AKYNS

АННОТАЦИЯ

В статье рассматривается поэзия жырау и акынов аспекте когнитивной лингвистики. Исследуется различии и особенности концепта «деньги» в поэзии  ХV-ХVІІІ веках.

ANNOTATION

The article discusses the poetry of Zhyrau and akyns aspect of cognitive linguistics. Explores the differences and peculiarities of the concept "money" in the poetry of the XV-XVIII centuries.

Қазақ поэзиясын қалыптастырған жыраулар кейінгі ақындар поэзиясы қазақ дүнитанымының айнасы. Ақын немесе жырау белгілі бір этнос пен социумның өкілі болғандықтан жалпы мәдени құбылыстың дамуына өз көзқарасы өзек бола алады және оны көркем тілмен жеткізе алады. Сонымен қатар поэзия элементтері әлем көзқарасын нақты жеткізушіге қалай әсер ету керек екенін біледі.

        Ал қазақ қоғамы үшін жыраулардың атқарған рөлі ерекше болды. Бұл туралы М. Әуезов былай дейді: «Жыраудың міндеті – елге басшылық істеп, басалқа айту. Ол – алдымен елдің ақылшы кемеңгері, заманының сыншысы, қырағысы. Өз елінің биі, батагөйі. Ел билеген хан мен бектің ақылшы уәзірі. Хан шеше алмаған түйінге шешу сөз айтқан төре. Тыныштық заманда қиюы қашып, арасы ашылған қарындасты табыстырушы бітімші би. Қысылшаң заманда жол табатын, бет нұсқайтын кемеңгер көреген. Көпке айтқан сөзі – ел мұңы, ел қамы. Сөздердің барлығы әлеуметтік сарынмен айтылады. Жырау – заман сыншысы. Ақылшы. Үгіт, насихат айтады»[1, 92 б].

        Қазіргі таңда тіл біліміндегі зерттеулердің көбі негізгі категория ретінде концепт ұғымын алуда. «Концепт – адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі» [2, 267 б.]. Расымен, ақын-жыраулар поэзиясындағы жинақталған мәдени тәжірибе, танымдық көзқарас айқын мысал бола алады. Осыған байланысты тіл біліміндегі «концепт» ұғымы жинақтаған түсініктер негізінде талдау жасамақпыз.

        «Ақша» ұғымы әуелде алғашқы түсінікте функциясы бір болғанымен берілген ұғымдары әр түрлі болды. Өйткені адамзат пайда болғаннан бері «ақшаның» қызметін түрлі дүниетаным мен мәдениетке байланысты өзге құрылымдар атқарды. Мәселен, көшпелі шаруашылықпен айналысатын халықтар үшін негізгі табыс көзі - төрт-түлік мал болды немесе оның бағалы терісі, терісін айырбастау. Кейінгі уақыт, қоғам өзгере келе бұл қызмет өз арнасын басқа жаққа бұрды. Осындай бетбұрыстар адам танымына әсер етпей қоймады.

        Қазақ түсіндірме сөздігінде «ақша» сөзін былай анықтауды:  сауда-саттықта тауар құнынының өлшеуіші болатын құнды қағаз [3, 34 б.]. Қазіргі қоғам үшын бұл қалыпты жағдай. Ал, қазақтың өткен тұрмысында бұл өзге таным аясында қаралған еді. Сол себепті «ақша» ұғымы өз айналасына ассоцациялық өріс құрады. Олар: алтын, күміс, пұл, бақыр, мал , дәулет, теңге, манат, пара т.с.с сөздерді жинақтайды. Жоғарыда аталған сөздер бұл әр дәуірдің «ақша» туралы түсініктері.

        Ақын-жыраулар поэзиясында осы ұғым, яғни «ақша» концептісінің берілу ерекшеліктеріне тоқталайық.

        Қазақ қоғамы көшпелі тұрмысқа бейімделген халық, сол себептен отырықшы тұрмыстың заңдарына бой ұсына алмады. Ақын-жыраудың өлең, толғауларын тақырыптық жікке бөліп қарап көрелік.

  1. Ақшаның, алтынның бағалы дүние екенін, соны салыстыру, теңеу мағынасында және олардың мүмкіндік иесі екенін түсіну.

Еділ менен Жайықтың

Бірін жазға жайласаң,

Бірін қысқа қыстасаң,

Ал қолыңды маларсың

Алтын менен күміске (Асан қайғы),

Сен – алтынсың, мен – пұлмын (Шалкиіз жырау),

Алыстан қызыл көрінсе,

Манат емей, немене?   (Бұқар жырау). Қазақ жер-суым ырыздық несібем деп білген, алтын басты ханын қадірлей білген. Бірінші қатарға осы ерекшеліктерді атап өте аламыз.

...

Скачать:   txt (10.8 Kb)   pdf (124.1 Kb)   docx (15.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club