"Ай мен Айша" романындағы заман шындығы
Автор: bmoonzda • Ноябрь 10, 2021 • Реферат • 376 Слов (2 Страниц) • 2,376 Просмотры
"Ай мен Айша" романындағы заман шындығы
Шерхан Мұртаза - қазақ әдебиетіне қайталанбас талантымен олжа салған тұлға. Қазақтың кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескені, шындықтың шырақшысы, әдебиетіміздің көрнекті өкілі, заңғар шыңдарымыздың бірі де бірегейі. Жазушы шығармашылығына негіз болған шындық құбылыстарының үлкен бір арнасы - өз заманындағы аналар тағдыры екенін білеміз. Автордың ана тақырыбын арқау еткен ең көлемді еңбегі «Ай мен Айша» мемуарлық романы қазақ әдебиетінің елеулі жетістіктерінің қатарында. Екі кітаптан тұратын шығармада ана тағдыры ғана емес, сол кездегі тұрмыс келбеті мен заман шындығы кең көрініс тапқан.
Шығармадағы заман шындығын негізгі үш топқа бөлуге болады. Біріншісі: 1932 жылдардағы аштық. Екіншісі, аштықтың ізін шала келген кесапат - 1937 жылғы "халық жауларын" қудалау. Автор «Сол бір жаламауыз күн 1937 жылдың қысы еді»,- деп әкесі Мұртазаны жазықсыз қаралаған күнді баяндайды. Ал статистика 1937–1938 жылдары 135 мың қазақ интеллегенциясы саяси репрессия зобалаңының құрбаны болды дейді.Үшіншісі, Ұлы Отан соғысының тылдағы жайы. Шерхан Мұртаза соғыс салған қасіретті көріп өскен ұрпақ өкілі. Ол шығармасында 1941-1945 жылдар сипатын "соғысқа аттану, қаралы қағаз, майданға көмек көрсету, тылдағы тынымсыз еңбек" деген ұғымдармен ашып көрсетеді. Ер біткен соғысқа кетіп жатқан шақта әйелдер қауымы тылдағы ауыр еңбекті арқалады десек шындықтан алыс кете қоймаспыз. 1940 жылы әйелдердің еңбектегі үлесі 48% болса, 1942 жылы 75%-ға дейін артты. Сандардың өзі сөйлеп тұр. Ал "Ай мен Айшадан" жесір қалса да, жеңісті жақындату үшін тылда аянбай еңбек еткен, балалардың баянды болашағы үшін сұрапыл соғыстың зардабына көндіккен әйел-аналар бейнесін жиі көреміз. Айша – солардың жиынтық бейнесі. Қазақ әйелінің тектілігі мен қайсарлығын, адалдығы мен жанкештілігін бір бойына жинақтаған. Шағарманың қуаттылығы да Айша образының мықтылығында.
Аталған жылдары аналар заманның құйыңы соғып, басына бұлт төнсе де бар күшімен төзіп бақты. Балаларын жеткізіп, отбасының ошағын сөндірмеді. Сөйтіп жүріп бүтін бір әулетті жетілдірді, жалғастырды. Шерхан Мұртазаның «Шіркін, сол кездің әйелдері-ай! Азамат орнына азамат та болды. Ақыл- ес айтар ақылман да болды, отқа да түсті, суға да түсті. Бірақ бүк түсіп, белі сынбады. Егер олар сынғанда, елде ешкім қалмас еді» деген сөзінде үлкен мән-мағына жатыр. Яғни, "Ай мен Айша" романындағы заманның тар жолында тайғақ кешкен әйелдер бейнесі тарихтың аштық, елдегі халық жауларын ұстау, соғыс сынды толқындарынан туындаған.
...