«Абай жолы» романы, «Қияда» бөлімі
Автор: aiazhanseisenbek • Декабрь 1, 2021 • Доклад • 545 Слов (3 Страниц) • 1,813 Просмотры
«Абай жолы» романы, «Қияда» бөлімі
Абай жолы романының қай бөлімін алып қарасақ та, бөлім ішіндегі оқиға тақырыпшасымен дәлме-дәл үндес болып келеді. Қияда бөлімінің алдында, өрде бөлімінде,өрге шығып,жайқалған тұсын бейнелеп,сол кездегі тұрмыс-тіршіліктің оңалып тұрғанын суреттеген болатын.Ал,қияда бөлімінде,аты айтын тұрғандай,таудың қия басына шыққан, аумалы-төкпелі заман боп тұрғанын аңғартады. Ел арасында жаппай жұт болып,мал қырылып,соңы беделді деген үстем тап өкілдерінің ұрлыққа баруына да әкеп соққан кезеңдерді баяндау арқылы көрініс табады. 17 жастағы Абайдың әке атанғанымен бастап,әлі де болса, өзін әке сезіне қоймағандығы сөз етіледі.Тіпті «әке болдың» деп құттықтап кеп,мойнына жауапкершілікті арта келетіндердің алдында ұялып,қысылып та жүретін. Жазушы бұл бөлімде халықтың тұрмыс-тіршілігін,хал-ахуалын Абайлардың бейнесімен, табиғат-ананың сәуір,мамыр айлары болса да,үскірік жел мен ызғардың бар екенінен жеткізгендей-ақ. Бұл қыстың да тыныш өтпегендігі- Құнанбайдың ешкімге айтпай төртінші қатын алып бүлдіргендігі еді. Әйел болмысының,табиғи жаратылысының шыдамдылығын осы арада анық аңғара аламыз. Құнанбайдың бұл ісіне ренжігендігін Абай да білдіріп қояды. Жұтта қалған ауылдарға көмек көрсету барысында,Абай берген тапсырма бойынша,жиыны елу шақты ауыл жиылады. Тәкежан Қарашоқыға бет алып, әкесіне Абайдың үстінен шағымданады.Құнанбайдың сәлемін Жидебайға жорға Жұмабай алып келеді. Бұл уақытта,Абай Жидебайда еді.Жұмабайды кері қайтарса, Құнанбай ендігі де ашуланып,Жақыпты жібереді. Абай да қайтпай, Құнанбайдың Бердіқожа деген қожаның қызы Нұрғанымды тоқадыққа алғанын,соған ренжулі екенін,бұл жағдайдан шығар жолды білетінін айтып,Жақыпты да қайтарып жібереді. Арада он бес күн өткенде, жылы жел соға бастап, Абай өз қарамағына алған ауыл малдары аман қалады. Бұл ретте,Абайдың тура уақытында шешім қабылдай алып,халыққа жәрдемдесуі үлкен ерлігі еді. Енді көші-қон басталып,ел жайлауға көше бергенде,Зере сырқаттанып,ауырып қалады..Жағдайы түзелмей, Ұлжан мен Абайға соңғы сөзін айтып,бұ дүниемен қош айтысып кете барады. Бұл кездегі ауыртпалықты Абай көтере алмады,қырқы өткенге дейін құран аударып,әжесіне құран бағыштаумен болды.Бұл тұңғиықтан шығу үшін,дана Ұлжан Абайды ел аралауға жібереді.
...