Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

XX ғасырдағы Қазақ мәдениеті

Автор:   •  Апрель 18, 2020  •  Контрольная работа  •  510 Слов (3 Страниц)  •  729 Просмотры

Страница 1 из 3

6-апта -  №6 -Бөж

Шығыстану факультеті . 104-топ(қытай)

шетел филологиясы , Тоғызбай Кәмила.

"Алаш"," Үш-жүз", "Шура-и-ислами" партияларының негізгі мақсат-міндеттеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.

"Алаш" партиясы
1917 ж. 5- 13 желтоқсанда Орынборда II- Жалпықазақ съезі болып өтті. Съезде Б.Құлманов және оның орынбасарлары Ә.Бөкейханов, А.Кенесарин, Х.Досмұхамедов, О.Қарашев төрағалық етті. Онда тез өзгеріп отырған саяси жағдайдағы партия тактикасынының әртүрлі аспектілері, сандай-ақ Қазақ автономиясын және оның үкіметін құру туралы мәселелер талқыланды.
Съезд Қазақ автономиясының құрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары, Каспий облысы және Алтай губерниясының қазақтар мекендейтін аудандары кіруі керек деп қаулы етті.
Съезд делегаттары, Уақытша үкіметті құлатқаннан кейін, күн сайын қалалар мен селоларда, қазақтардың тіршілік етуіне қауіп тудыра отырып, анархияның өсуі күшейе түскенін атап көрсетті. Сондықтан да, "аман қалу мақсатында, "уақытша халық Кеңесі" деген атаумен мықты өкімет құруды қаулы етті, оны " Алашорда " деп атады және қазақ жеріндегі бүкіл атқару билігін өз қолына тез алуды тапсырды. "Алашорда" автономиясының орталығы болып Семей қаласы жарияланды. "Алашорданың" халық Кенесін (үкіметін) Ә.Бөкейханов басқарды. Съезд аймақтық уездік комитеттер мен Кеңестер ұйымдастыруға қаулы етті. Кешікпей съезден кейін, "Алашорда " автономиясының Батыс бөлімі- Ж. Және Х. Досмұхамедовтар басқарған "Ойыл уалаяты " құрылды. Ол Орал, Лебәжі, Гурьев, болыстығының және Маңғыстау уезінің қазақтарына билігін жүргізді.
Съезде қазақ милициясын құру жоспары жасалды. Оны әр облысқа тепе-тең түрде бөлу, оқыту және уездер бойынша материалдық қамтамасыз ету болжанды. Милицияны қарумен қамтамасыз етуді салық салу есебінен түскен қаражатқа орталық әкімшілік іске асыратын болды. Офицерлер дайындауда Орынбор қазақтарының тәжірибесі мен көмегін пайдалану шешілді. Ал бұл атаман Дутов басшылық еткен Орынбор ақгвардияшыларымен одақты бекітетін-ді. Осы одақ қағаз жүзінде және тиімділігі аз болғанмен, болашақта Алашорданың жағдайын қиындата түсті.

«Үш жүз» партиясы — Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Төгісов, фельдшер және тілмаш Шаймерден ӘлжановӘбілқайыр ДосовЫсқақ КөбековМұқан Əйтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Төгісов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы «Үш жүз» гәзеті, оған Төгісов редакторлық етті. 1917 жылы қарашада Мұқан Әйтпенов және Шаймерден Әлжанов бастаған бір топ Омбы зиялылары «Үш жүз» аталатын саяси партия құрағандарын мәлім етті. Бұл партияның өмірге келуі қазақ зиялылар тобының білімі мен саяси мәдениеті түрғысынан біркелкі емес, сондай-ақ түрлі саяси ұстанымда екенінің айғағы. Келесі жылдың басына қарай бұл саяси ұйымдағы басшылық Көлбай Тоғысовтың қолына көшеді. Өздерін саяси партия ретінде жариялаған алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады. Үшжүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді. «Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үшжүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ. 1917 жылы құрылған саяси ұйымдардың бірі «Ислам жолындағылар кеңесі» («Шуро-и-Ислам») болды. Орталығы Ташкент қаласында құрылған бұл ұйымның қызметі жалпы Түркістан өңіріне ықпалды болды, сондай-ақ оның басшылығында Мұстафа Шоқай, Сералы Лапин болды.

...

Скачать:   txt (7.4 Kb)   pdf (72.4 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club