Этникалық топтардың жаппай депортациялану себептері және зардаптары
Автор: arujan052003 • Сентябрь 28, 2021 • Лекция • 471 Слов (2 Страниц) • 392 Просмотры
Орындаған:Төлеу Аружан
Этникалық топтардың жаппай депортациялану себептері және зардаптары
Қазақ халқы ең қонақжай, кеңпейіл халық десек те, көп болмайды, себебі көп жылдар бойы халқымыз өз жерімен қаншама ұлт өкілдерімен оларды кемсітпей, өз қатарынан бөлмей бөлісі отыр. Олардың ішінде орыс, қырғыз өзбек т.б. ұлттар бар және олардың тілі туыстас, жақын, мәдениеті ұқсас болса, ол ұлттар бірігіп, этникалық топтарды құрайды. Этникалық топтардың тарихы байырғы заманнан бастау алады. Алайда олардың тарихындағы ең есте қаларлық, ұмытылмас жағдай-этникалық топтардың жаппай депортациялануы.
Депортациялау дегеніміз-белгілі бір халықты өз еркінен тыс елден шығарып, яғни қуғынға ұшырату немесе жер аударту. Депортация тұрғылықты халықтың жағдайына, демографиялық мәселесіне, әлеуметтік жағдайына да әсер етеді, алайда ең бастысы жер аударылып кеткен халықтар өз отбасыларынан ажырап қалады, яғни жападан-жалғыз қалып, басқа елге өз келісімінсіз жер аударылып кетеді. Ауқымды депортация 20 ғ. 30 жылдары мен 50 жылдарының басында КСРО-да орын алған болатын. Депортацияның зардабынан миллиондаған халық қырылып қалды. Сол кезеңде өз ұлтына жаны ашып, халықтың құқығын, қамын, мүддерлерін қорғаған зиялыларымызды жазықсыз қуғынға ұшыратса, бұл жолы тұтастай халықты туған жерінен күштеп, танымайтын, білмейтін аудан, қалаларға жер аудартып жіберді. Мысалы, гитлерлік әскер мен режимге көмек берді деген сылтаумен Еділ жағалауындағы немістер, Қырым, Солтүстік жерлеріндегі көптеген халықтарды қудалап, бейтаныс жерлерге жер аудартып жіберді.
...