Электрондық үкімет порталының функциялары
Автор: Asil Jan • Сентябрь 8, 2022 • Реферат • 9,555 Слов (39 Страниц) • 652 Просмотры
«Мектептегі информатика сабағы:
басымдықтар және жетілдіру стратегиялары»
педагогтердің біліктілігін арттыру курсы
ТЫҢДАУШЫНЫҢ
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ
[pic 1]
ҚАЗІРГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
Электрондық үкімет порталының функциялары.
Қазақстандағы цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау
Оқу мақсаты: 11.3.4.6 Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау; 11.6.2.2 электрондық цифрлық қолтаңбаның және сертификаттың мақсатын сипаттау; 11.6.2.3 электронды сандық қолтаңба қолдану алгоритмін сипаттау; 11.3.4.7 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау |
1-тапсырма. «Цифрлық сауаттылық» тақырыбы бойынша 10 сұрақ дайындаңыз. Сұрақтарды пайдаланып, Google Form сервисінің көмегімен өз әріптестеріңіздің (оқушылардың) арасында сауалнама жүргізіңіз. Зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды жасаңыз.
2-тапсырма.
1. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсат-міндеттері қандай?
(Ресурс: «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000827, https://digitalkz.kz/kz/o-programme/
Бағдарламаның әр бағытын жүзеге асырудың пайдасы қандай? Цифрлық мемлекеттің артықшылығы неде?
3-тапсырма.
ЭЦҚ-ны қолдану маңызын көрсету үшін мемлекеттік қызмет көрсету саласында «Бұрын қалай еді» және «Қазір қандай болды» инфорграфикасын құрып көрсетіңіз.
4-тапсырма.
Бүгінгі күні электрондық үкіметті қалыптастыру мен дамытудың төрт негізгі кезеңі аяқталды:
- Ақпараттық кезең
- Интерактивті кезең
- Транзакциялық кезең
- Трансформациялық кезең
Осы кезеңдердің мазмұнын сипаттаңыз
Ақпараттық кезең Интерактивті кезең Транзакциялық кезең Трансформациялық кезең |
IT STARTUP. CROWDFUNDING ПЛАТФОРМАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ. ЖОБАНЫ НАСИХАТТАУ
Оқу мақсаты: 11.5.3.1 Startup (стартап) түсінігін баяндау; 11.5.3.2 Crowdfunding (краудфандинг) платформасының жұмыс принциптерін сипаттау; 11.5.3.3 өнімді нарықта алға жылжыту және сату жолдарын сипаттау; 11.5.3.4 маркетингтік жарнама құру (инфографика, видео) |
5-тапсырма.
Стартаптың даму кезеңдерімен танысып, интернет қосымшасын жасауға бағытталған ІТ-стартаптың қадамдарын сипаттаңыз.
1. «Енгізу» кезеңі (Pre-Seed Stage)– идеяларды және оларды жүзеге асыру әдістерін іздеу.
2. Іске қосу (Startup Stage) – инфесторлардың қатысуымен өнімді нарыққа шығару. Өнім аналогтарынан артық болуы керек.
3. Өсуі (Growth Stage) – нарықтағы өнімге сұраныс, нарықтығы жоспарланған деңгейін дамыту.
4. Кеңейту (Expansion Stage) – бизнес-жоспардың мақсаттарына жету, жаңа нарықтарды игеру.
5. Шығу (Exit Stage) – компанияның даму шыңына жету. Инвесторлар өз үлестерін ірі компанияларға сатады
ІТ-стартаптың даму кезеңдері |
6-тапсырма. Қазақстандағы 10 үздік ІТ-стартапты сипаттаңыз (интернеттен іздеу және Тыңдаушыға арналған нұсқаулықты қараңыз)
7-тапсырма.
Краудфандингтің мүмкіндіктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз (краудфандингтік платформалар).
...