Солдатқа хат
Автор: Emmi00 • Октябрь 28, 2020 • Эссе • 268 Слов (2 Страниц) • 684 Просмотры
Солдатқа хат.
Сәлем, солдат!
Менің атым Амина. Бүгінгі аспан айдай ашық, солай ғой? Есінде ме? Сен осындай бейбітшіл, көгілдір аспанды аңсап, ауылна хат жазып едің ғой? Міне, мен де бүгін cенің тұнып тұрған көзің көрмеген ашық күнін аясында саған жауабсыз қалар хат жазудамын. Білемін, сенің не көріп, қандай қиыншылқтан өткенінді. Оқыдым. Көзіме елестете алдым. Сен білесің бе?! Бейбітшіл, тәуелсіз өмірдің бояулары ашық ренгті, көзге тұрпатты екен. Дәл сенің бейнен секілді. Эх, солдат, солдат... Өкініш өзегімді түйіп барады. Жылайын десем, әттең, қайғым мен мұным мені жеңіп барды. Сенің жасаған ерлігін көз алдымда бұлдырлап, қан мен шайқас бейнесі қарашығымды ойып барады. Мен снарядтың жарылғаның естімедім, аштық мен суықтың не екенің сезбедім, лаулап жанған үйлер мен ауылдарың күлін көрмедім, тентіреп жылаған ананың зарын естімедім, осының барлығы сіздердің ерліктеріңіз.
“Ол 18 жасында қан майданға аттанып, қасық қаны қалғанша шайқасты.” Сіз туралы оқыған кітаптарымның, көрген фильмдерімнің, естіген әңгімелерімнің оқиға желісі дәл осылай басталушы еді. Өз Отанына деген махаббат, патриоттық сезім, шексіз ықылас – осы қаситеттердің бәрі бір сіздің бойынызда сақталғандай. Сізге, сіздің ерлігінізге алғысым шексіз. Құрметті солдат! Мен сізге соғыссыз өмірдің қалай екенің сәл болса да суреттеп берейін. Өзіңіз болмаса, өзге куә: Соғыссыз өмір тамаша! Соғыссыз заман – тыныштық пен сақтықтың, бейбітшілктің бір кепілі. Соғысы жоқ әлем - әдемі, ол түрлі-түсті гүлдер мен сиқырға толы. Қазіргі соғыссыз заман бейбітшіл, тәуелсіз, зайырлы, мықты мемлекет екенімізді дәлелдейді. Бірақ бұл әлем, қымбатты жауынгер, нәзік. Бұл әлем – сондай нәзік, өте нәзік...
...