Мәдениет рәміздер,мәндер,таңбалар мағыналар ретінде
Автор: Yeshmuratova1 • Апрель 23, 2022 • Реферат • 337 Слов (2 Страниц) • 728 Просмотры
Мәдениет рәміздер,мәндер,таңбалар мағыналар ретінде.Мәдениеттің ақпараттық-семиотикалық түсінігі.
Әлемде кез келген жаңадан мемлекет пайда болғаннан кейін,әр ел өзінің мемлекеттік рәміздерін:туын,елтаңбасын,гимнін шығара бастайды.Мемлекеттік рәміздердің ел ішінде мемлекетіміздің рухын,даналығын,болашаққа деген арман-мақсаттары мен үміттерін жеткізетін ерекше құнды байлығымыз.Рәміздердің өзін зерттеп,айналысатын ғылымдары болады:геральдика,вексилология. Тұңғыш президентіміз Н.Н.Әбішұлы мемлекеттік рәміздерімізді ерекше тұтып,құрметтеп,сақтауымыз керек екенін айтқан.Себебі еліміз үшін бірден-бір басты құндылық ол әрине рәміздеріміз.Саяси тұрғыдан келсек рәміздер-белгілі бір елдің өмір салтын,бүкіл-болмыс ерекшелігін,арман-аңсарын,басқаларымен байланысын білдіретін белгі.Қазақстанның саяси-әлеуметтік тарихының маңызды бөлігі осы рәміздеріміз.
Таңбаларымыз сонау заманнан бері елімізде пайда болған жазулар.Таңба негізінен заттың қандай да бір мағынасын білдіретін,іс-әрекет пен мінезділікке әкелетін дүние.Елімізге таңбалар алғашында сонау тас ғасырынан бастау алады.Тас дәүірінен бастау алады деп айтқаным өйткені сол кезеңнің еңбек құралдарындағы ою-өрнекті ,қашалып басылған ойықтарды айта аламыз.Ал адамның саналы түрде нобайлап сызып,кейіптеп қашап,жазғандарын Каспий жақтан табылған ескерткіштерден байқай аламыз.Адамдардың көпшілігі ойлауы мүмкін таңбаларды тек ескерткіштерге ғана пайдаланғанба деп,ал негізі шын мәнінде таңбаларды жерлеу дәстүріне де қолданған.Жерлеу дәстүріне қолданған себебі сол адамның қай рудан,қай жерден шыққанын білдіру үшін.Таңбаларды тек қазақ еліне тән деп айту қате болады,себебі таңбаларды түркі халықтарыда көп қолданған.Әлі күнге дейін еліміздің таңбалары дұрыс зерттелген жоқ.Сонымен қатар осы таңбалардың руна жазуларымен,сына жазуларымен тығыз байланыста екенін аңғаруға болады.Таңба сонау ғасырларда қасиетті де,қадірлі саналған.
...