Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәдениеттану пәні, зерттеу пәні, құрылымы, қоғамдағы орны, өз ойыңыз?

Автор:   •  Февраль 20, 2022  •  Эссе  •  724 Слов (3 Страниц)  •  357 Просмотры

Страница 1 из 3

«Мәдениеттану пәні, зерттеу пәні, құрылымы, қоғамдағы орны, өз ойыңыз?»

Адамзат баласының пайда болып, өмір сүрген уақыты мәдениет сөзімен үндесіп жатыр. Олардың тамақтанғаны, қоғамда белгілі бір іспен шұғылданғаны, адамдарға деген қарым - қатынасы, материядан өзіне қажеттіліктерін алудың барлығы - мәдениеттілікпен көрінетін құбылыстар. Адамзат баласының адамдық қасиеттерден айырылмауы - рухани мәдениеттіліктің қай деңгейде тұратындығын көрсетеді. Осы айтылған құбылыстардың барлығы – «Мәдениеттану» шекарасында жатыр. Ал зерттелу мақсаты – бізді қоршаған ортадағы адамдардың мәдениеттілігінің қандай деңгейде екендігін көрсету. Бұл орайда, «Қоғамымыздағы мәдениеттіліктің атқарар қызметі қандай?» және «қазіргі өркениетіміздің дамыған заманында бүгінгі мәдениетті жас тұлға болудың маңыздылығы қандай?». деген сұрақтардың санамызда туындары анық. Менің ойымша, қазақ елінің жас буындары тек елін сүйіп,адами қасиеттер мен ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп,өз елінің мәдениетін құрмет тұтқанда ғана сауатты,көзі ашық,мәденитті жас тұлға деп аталып, еліміздің өркендеуіне, одан әрімен дамуына өз үлесін қосады.

Кешегі әр қазақтың «мен» деген алып тұлғасы келер өмірдің жастарына сеніммен қараған. Ал сол келер өмірдің жастары – әрине бізбіз! Осы тұрғыда, «еліміздің жас тұлғасы ретінде не нәрсе атқарып жүрміз?» деген сауалдың көкейімізде туындары анық.Ащы болса да шындығы-қазіргі таңда өз мәдениетімізді бойға сіңірмей жатып,батыстың мәдениетіне қызығамыз.Солардай болуға тырысып,рухани құндылықтарымыздан аттап жатамыз. Осындай сəтте, қазақ үшін шырылдаған Ə.Бөкейхановтың: «Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ»,-деген осы бір сөзі көзімізді ашатындай.Қазіргі жағдайымыз «Былай тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынадының» кебі. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ы.Алтынсарин тəрізді азаматтарды тарих тудырып, көпшілікке мəлім еткенін білеміз. Ал олар өз ұлты үшін не қызмет атқарды? Оны біз жасай аламыз ба? Бірі тұңғыш мектеп ашып, бірі қазақ балалары үшін оқулықтар шығарды. Бірегейі қазақты ояту үшін «Оян Алаш!» деп ұран тастады. Міне, бүгінгі күні олардың барлығы «Ұлт ұстазы» деген есімге әбден лайық тұлғалар екендігіне ешкім күмән келтіре алмас. Сол ұстаздарымыздың жазып қалдырған еңбектері арқылы біз өз мемлекетіміздің көзі ашық жастары болып келеміз. Шынында – ақ, білім алу, ілім үйрену арқылы жаңарған заманымызда елімізге қызмет етіп, қоғамның бір мүшесі бола аламыз. Бұл тұрғыда, «Қазақстан – 2030» Стратегиясын

...

Скачать:   txt (9.1 Kb)   pdf (42.8 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club