Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Конфуции және даосизм философиясы адам туралы

Автор:   •  Май 10, 2022  •  Реферат  •  4,312 Слов (18 Страниц)  •  743 Просмотры

Страница 1 из 18

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Ғұмарбек Дәукеев атындағы

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

[pic 1]

№1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС

Пән: Философия

Тақырыбы: Конфуции және даосизм философиясы адам туралы

Мамандық: Жылу энергетикасы

Орындаған: Батырғалиқызы Аружан  тобы: ТЭк-20-2

Қабылдаған: ф. ғ. к., доцент Апашов С.Б.

Алматы, 2022 жыл

ЖОСПАР

КІРІСПЕ.........................................................................................

3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ...........................................................................

4

ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................

13

ДЕРЕККӨЗДЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................

14

Кіріспе

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында Шығыс пен Батыстың рухани игілігіне айналған ғұлама тұлғалар Конфуций мен И. Канттың еңбектеріндегі тарихи-философиялық сабақтастық және рухани-адамгершілік құндылықтарға жан-жақты талдау жасалынады. Компаративтік принциптерді негізге ала отырып, екі ойшылдың еңбектеріндегі гуманизм, саяси-әлеуметтік философия, философиялық этика мен білімге қатысты ұғымдар, оның жалпыадамзаттық қайталанбас болмыс-бітімі туралы жаңа маңызды ой-тұжырымдар жасалынып зерделенеді.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезеңде бүкіл әлемдік деңгейдегі рухани дағдарыс халықтар қарым-қатынасындағы түсіністік сияқты мәселелерге кері ықпал етуде. Өркениеттік құндылықтардың дағдарысы туралы Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында: «Әлем ауыр дүниетанымдық және рухани құндылық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Өркениеттер қақтығысын, тарихтың ақырын, мультимәдениеттің күйреуін жариялайтын үндері жиі естіледі. Жылдар бойы сыннан өткен рухани құндылықтарымызды қорғай отырып, біз үшін осынау керітартпа көзқарастан тартынуымыздың принципті маңызы бар. Біз мәдениеттер мен діндердің қатар өмір сүруі жағдайында өмір сүріп үйренуіміз керек. Біз мәдениеттер мен өркениеттер диалогына бейімді болуға тиіспіз», - деді. Осындай жағдайларға байланысты Шығыс пен Батыстың сұхбаттастығы, олардың өзара келісімді, бейбіт өмір сүруіне лайықты тиянақты тұжырым жасау қажеттігі туындайды. Әлем халықтарының ойшыл- ғалымдарының пайымдауынша, рухани дағдарыстан алып шығатын бағдарламалар бар. Ол өзара түсіністік негізінде қалыптасқан рухани біліктілік. Оны нығайту бүгінгі күннің талабы, өзекті мәселе екені жұмыста кеңінен талданады. Бүгінгі таңда өмірлік құндылықтар нәтижесінде қалыптасқан адамның рухани әлеміне қатысты пайда болған еңбектер жүйесі орнықты. Конфуций қатарлы ойшылдар адамның рухы оның табиғатын тануға, адамның ақыл-ой деңгейінде өз-өзімен, қоршаған ортамен, қоғамда үйлесімді өмір сүруі үшін практикалық қағидаттар ұсынды. Конфуцийдің саяси-этикалық ілімі бойынша қалыптасқан қағида-ережелер Қытай елінің қуатын нықтаған, халқының мәртебесін көтерген рухани дүниелер болып саналады. Бүгінгі күндері Конфуцийлік қағида-ережелер мен оның философиялық ой-тұжырымдарын бүкіл әлем халықтары мойындап, өз таным-түсініктерінен өткізіп, мағлұм етуде. Конфуций қалыптастырған ұғымдық тұжырымдар санаға қуатты ықпал етіп, киелі мұраға айналуда. Конфуцийдің тарихи мұраты адамзат баласының кемелдену деңгейлерін көрсетіп, өзін жағымсыз қылықтардан алшақ ұстау арқылы, адам бойындағы көркем мінез-құлық үлгілерімен айқындалады.

...

Скачать:   txt (65.5 Kb)   pdf (364.5 Kb)   docx (150.6 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club