«Кеше және бүгін» контекстінде дәстүрлі және дәстүрден тыс материалдарды қолданып, киім топтамасын жобалау
Автор: 3292054 • Апрель 4, 2019 • Курсовая работа • 10,486 Слов (42 Страниц) • 943 Просмотры
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.
Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы
Костюм дизайнының нысандарын жобалау ІІІ
пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Кеше және бүгін» контекстінде дәстүрлі және дәстүрден тыс материалдарды қолданып, киім топтамасын жобалау
Тапсырған: Диз-41 тобының
студенті
Алдонгарова Н.
Қабылдаған: п.ғ.к., доцент
Манабаева А.Ш.
Қарағанды 2018
Мазмұны:
Кіріспе................................................................................................... | 4 | |
1 | «Кеше және бүгін» контекстінде киімді жобалаудың теориялық негіздері.................................................................................................. | 7 |
1.1 | «Кеше және бүгін» контекстінде киімді жобалаудың заманауи үлгілері .................................................................................................. | 14 |
1.2 | «Кеше және бүгін» контекстіндегі киімнің ерекшеліктері сипаттама............................................................................................... | 23 |
2 | «Кеше және бүгін» контекстіндегі заманауи киімнің көркемдік шешімі.................................................................................................... | 25 |
2.1 | «Айкөркем» киім топтамасына сипаттама.......................................... | 28 |
2.2 | «Айкөркем» киім топтамасын жобалау.............................................. | 36 |
Қорытыныды ........................................................................................ | 39 | |
Пайдаланған әдебиеттер....................................................................... | 41 | |
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. «Сән әлемі» десе, бұл әлем кеше ғана пайда болып, жер жүзіне тарағандай болып елестейді. Себебі бүгінгі ауызекі тілдегі «мода» ұғымы заман ағымымен қоса жылжып, жаңарып отыру дегенді білдіреді. Дегенмен біле білсек, «сәндік», «сәндену» деген ұғымдар сонау тас дәуірінде Еуропада пайда болған. Ер адамдар пілдердің, мүйізтұмсықтардың, сусиырлардың тісі мен жүндерінен әртүрлі әшекей бұйымдар жасап, мойындарына тағып, терісін оң иыққа жамылып жүруді ең алғашқы сән түріне айналдырған. Ал біздің дәуірімізге дейінгі 2900 жыл бұрын ең алдымен – теріден, кейін матадан тігілген белдемшелер пайда болып, Вавилонда шәлі тағып, жейде кию жиілей бастаған. Темір дәуірі жақындаған сайын сән әлемі дами түсіп, гректер белдік атаулыны ойлап тапқан. Біртіндеп плащ, халаттар тігіліп, еркектер – алтын ободок, ал әйелдер бастарына жеңіл тәж тағуды сәнге айналдырады. Осылайша, сонау ХІV ғасыр, нақтырақ айтқанда 1350 жылдары, Франция мен Италияның суретшілері «сәндік» іздеп, гильдиялар мен цехтар ашып, өмірге «сән әлемі» келген. Франция, Италия, Англия, Испания, Америка сынды елдерде уақыт оздырмай, жылдам дамып отырған «мода» 1900 жылдары болашақ Кеңес үкіметінің қол астында болған елдерге де жетеді. Қазіргі атағы жер жаратын Поль Пуаре мен Кристиан Диор да сол 1903-1905 жылдары жарық көрген. Ал Коко Шанельдің «кішкентай қара көйлек» ұғымы 1926 жылы пайда болған. Әрине, айта берсек, Бруно Банани, Викторияс Сикреттің дәуірі басталғалы біраз болды. Ал қазақстандық «мода» жайлы не білеміз?
...