XVII ғасырдың екінші жартысындағы Иранның әлеуметтік-экономикалық құрылысы
Автор: Дана Кошкина • Октябрь 18, 2021 • Доклад • 2,673 Слов (11 Страниц) • 660 Просмотры
XVII ғасырдың екінші жартысындағы Иранның әлеуметтік-экономикалық құрылысы
XVII ғ. ортасында Иран Сефевидтер династиясы басқарған аграрлы ел болды. Сефевидтер мемлекетінің шекараларына ирандық территориядан басқа тағы да XVI-XVII ғғ. жаулап алынған Закавказье, Кавказдың бір бөлігі, Мерв қаласына дейінгі Орта Азия бөлігі, Ауғанстанның батыс бөлігі (оның ішінде Герат, Фаррах, Кандагар, барлық дерлік Белуджистан) кірді. Ирандағы экономиканың негізгі салалары егіншілік, мал шаруашылығы, қолөнер болды. Егіншілік дақылдары болып бидай және арпа болды. Каспий маңы өңірлерінде күріш те өсірілді. Бұдан басқа Иранның көп аймақтарында мақта және тағы басқа техникалық дақылдар (табак, опиумдық мак және т.б.) өсірілді. Жеміс, оның ішінде жүзім өсіру кең тарады. Жібек өсіру бойынша үлкен дәрежеге жетті. Орталық Иранның көптеген жерлерінде егіншіліктің басты шарты қолдан суару (искуственное орошение) болды. Өзендер мен тау бұлақтарының сулары өрістерге жерүсті каналдары арқылы, сонымен қоса құдықтар және жерасты каналдары арқылы жеткізілді.
Мал шаруашылығында қой және ешкі өсіру негізінен көшпелі және жартылай көшпелі курд, лурс, белудж, туркмен, кашкай және тағы басқа тайпалардың ісі болды.
Ортағасырлық цех құрылысына негізделген Ирандық қолөнер XVII ғ. өте дамыған болды. Ерекше әйгілі болған ирандық кілемдер мен әртүрлі маталар. Сонымен бірге Иранда фарфор, фаянс ыдыс-аяқтар, көркем керамика, теріден, алтыннан, күмістен, қоладан және т.б. бағалы металлдардан жасалған бұйымдар өндірілді. Ішкі және сыртқы сауда дамыды. Сауданың ел ішінде таралуы тауар-ақша қатынастарының енгізілуіне әкелді, ал ол өз кезегінде ирандық шаруаларды кедейлендірген салықтың артуы мен ростовщичествоның таралуына алып келді.
XVII ғ. басында феодалдық сефевидтік Иранның экономикасы көтерілсе, ал XVII ғ. екінші жартысынан бастап құлдырай бастады. Суару каналдары жойылып, өңделетін жерлер ауданы азайып, ауылдық жерлердегі тұрғындар саны азая бастады. Осы экономикалық құлдыраудың басты себебі шаруалардың феодалдық эксплуатациясының күшеюінің елдегі өндірістік күштерден асып түсуі. Бұл жағдай ауылдардың кедейленуіне әкелді және сауда мен қолөнерге кері әсерін тигізді.
XVII ғ. Иранда феодалдық өндірістік қатынастар орнауын тоқтатпады. Су мен жерге феодалдық меншік орнады. І Аббас шахтың реформаларынан кейін мемлекеттік жер – диванидің үлесі артты. Сонымен қатар шах әулетінің жерлері – хассэнің үлесі де артты. Вақфтық жерлердің де үлесі артты. Бірте-бірте жеке меншік – мольк пен арбаби тарала бастады.
Иранда эксплуатацияланатын әлеуметтік таптар және қабаттары райяттар мен көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар, қолөнершілер болды. Ал үстем етуші тап зайырлы және рухани группировкалардан тұрды.
XVII ғ. екінші жартысында феодалдық орталықтанған монархияның басында сефевидтік шахтар тұрды. Шах елдің шексіз мүмкіндігі бар билеушісі болды. Шах мемлекетті басқару ісімен айналысатын «басты везирді» тағайындады. Сонымен қоса мемлекеттің әртүрлі салалардағы істермен айналысатын шенеуніктерді де орнатты.
Әкімшілік жағынан ел хассэ және дивани облыстарына бөлінген. Бұл облыстарды шах сайлаған билеушілер: дивани облыстарында беглербегтер, хассэ облыстарында арнайы везирлар.
Елдің әлеуметтік-саяси өмірінде дінбасылар үлкен рөл атқарды. Кей жағдайларды сефевидтік шахтардың шешімдерінде дінбасылардың әсері болды.
Басып алынған солтүстік-батыс және шығыс аймақтардағы Сефевидтердің билігі берік болмады. Осы облыстардың халқы сефевидтік наместниктер мен билеушілердің тарапынан ерекше қаналды. Сонымен қоса сол кездегі діни жанжалдасулар да орын алды: сол кездегі Иранда халықтың басым көпшілігі шиизмді ұстанған болса, жаулап алынған облыстардың халқы және ауғандықтар сунниттер болды. Бағындырылған халықтардың арасында христиандар да болды (армяндар, грузиндер). Осының бәрі бағындырылған халықтардың көтерілістеріне әкеліп отырды. Сефевидтік Иранның әлсізденуінің басты себептері: феодалдық қанаудың күшеюі, таптық күрестің ушығуы және бағындырылған халықтардың көтерілістері. Әсіресе бұл үрдіс сефевидтік соңғы шах Султан Хосейннің (1694-1722) кезінде байқалды. Салықтар 2-3 есе өсті. Әртүрлі облыстарда жүйелі түрде шаруалар мен қала халықтарының көтерілістері жүріп отырды. Ал билеуші феодалдық верхушка арасында зайырлы феодалдар мен дінбасылар арасында күрес орын алды.
...