Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

1921-1922ж қазақстандағы аштық

Автор:   •  Сентябрь 21, 2021  •  Реферат  •  1,489 Слов (6 Страниц)  •  583 Просмотры

Страница 1 из 6

                 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАС ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ  МИНИСТІРЛІГІ

           ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК  ПЕДАГОГОИКА  УНИЕРСИТЕТІ.

                       БӨЖ                                       

                           Тақырыбы;1921-1922ж  қазақстандағы аштық.

                                                                                                                                                                                                      Орындаған; Қали Ә.

                                                                Тобы; 1901-21

                                                                Тексерген; Мырзалиева Э.

                                               

                                                             2021-2022

Азамат соғысынан кейін қазақстан өлкесінің экономи-калық  жағдайын  көптеген жылдарға кері шегерді. Өндіріс орындары жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 есеге кеміді, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады. Халық шаруашылығының жалпы өнім өндіруіндегі өнер-кәсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 процент болды.  

Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады. Орал губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді. Ең бірінші кезекте ұлттық байлықтың негізгі көзі болып саналатын мал шаруашылығы құлдырады. Соғыс жылдарында мал саны 10,8 млн. басқа кеміді, оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы ұсақ мал болды.

Сонымен қатар 1921 жылы ҚазАКСР-ң жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа душар болды. Осыған байланысты 1921 ж. бұл аймақ-тарда астықтың  жалпы түсімі 5 млн. пұт деңгейде ғана болды. Ал жергілікті халықтың бір жылғы астық пен астық тұқымдығына мұқтаждығы 22 млн. пұт көлемін қамтиды, яғни залал 17 млн. пұтты құрады. Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығын бұдан да қиын жағдайға душар етті. 1920–1921 жылдар аралығындағы жұттан кейін мал басы 1917 жылмен салыстырғанда 75% кеміді.

Азамат соғысының аяқталуына және елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының ауыр күйзелісіне қарамастан, Кеңес үкіметі күштеуге негізделген азық-түлік саясатын одан әрі жалғастырды. Орталық үкіметтің 1920 жылы 20 шілдедегі “Сібірдегі артық астықты алу туралы” декретінің күші Қазақстанның солтүстік аудандары мен Семей губерниясына да тарады. Осы декретке  сай 1921 жылдың  тамыз айына дейін бүкіл елдегі шаруаларға 119 млн. пұт (РКФСР көлемінде 423 млн.пұт) төтенше салғырт төлеу жүктелсе, соның ішінде 35 млн. пұт Солтүстік Қазақстанға міндеттелді.  Тапсырманың  26 млн. пұты Семей облысына міндеттелінсе, тек  Қостанайдың өзінен 6 млн. пұт астық  алынды.   Артық өнімдер ғана емес, азыққа қолданылып отырған астық және тұқым қоры да тәркіленіп отырды. Астық салығы мал шаруашылы-ғымен ғана айналысып отырған аудандарға да салынды. Оны төлеу үшін олар малдарын сатып астық сатып алуға мәжбүр болды.

Кеңес үкіметінің солақай  саясатының  нәтижесінде Республиканы сұрапыл  аштық жайлады. Бөкей губерниясында – 100 мың,  Оралда – 400 мың, Семей губерниясында – 500 мың, Орынбор – 445, Ақтөбеде – 360  мың адам ашықты. Көшпелілер арасында өлім ересек тұрғындар-дың 30 процентін қамтыса, ал кейбір аудандарда  халықтың 75 проценті қырылған. Әулиеата уезінде халықтың қатты қырылғандығы  соншалық, бұрынғы бірнеше болысты біріктіріп бір болыс ұйымдастыруға тура келді. Жалпы зерттеушілер  2 млн 300 мыңнан аса адам ашықты, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген мәліметтерді келтіреді.

Мұсылман зиялы қауымы арасынан мұндай сорақылыққа қарсы шыққан Т. Рысқұлов болды.  Ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына бірнеше

комиссариаттардың өкілдерін кіргізіп, арнайы ұйым құруды талап етеді. Түрікатқару комитеті Т. Рысқұловтың талабын қолдап, аштықпен күресті өздерінің қызмет жағдайына сәйкес респуб-ликаның азық-түлік, жер шаруашылығы, денсаулық сақтау, қаржы, темір жол комиссариаттарына жүктейді. Аштықпен күресті тікелей басқаратын ерекше Орталық комиссия ұйымдастырылады. Оның төрағасы болып Т. Рысқұлов тағайындалады. Бұл ұйым алғаш жұмысқа кіріскенде  көптеген объективті қиындықтармен қатар, өзі тектес азық-түлік ісіне қатысы бар басқа ұйымдар тарапынан жасалған қасақана іріткі салу әрекеттеріне кездесті. Рысқұлов жалпы Орталық комиссияның құрылуының өзін “дені дұрыс құбылыс емес”, үкіметтің құрамында  аштықпен күресуге міндетті толып жатқан  “экономикалық органдар бола тұра,  мұндай ерекше ұйым құруға мәжбүр болудамыз” дейді.

...

Скачать:   txt (13.8 Kb)   pdf (76 Kb)   docx (12 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club