Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: кәсіби тарихшы Е.Б.Бекмахановтың Кеңесары Қасымов б

Автор:   •  Сентябрь 17, 2021  •  Реферат  •  4,664 Слов (19 Страниц)  •  4,165 Просмотры

Страница 1 из 19

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Алматы  қаласы

Алматы  технологиялық  университеті

Ғылыми жоба үгісін құрастырған: Шалдарбек  Марзия

Тақырыбы: «Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: кәсіби тарихшы Е.Б.Бекмахановтың Кеңесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша «әділетсіз» айыпталуы»

Бағыты: 1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» тақырыбын  толықтай  ашу.

Секция:Қазақстан тарихы

Аннотация

Оқушы өзінің ғылыми жобасында Бекмаханов «еңбегінде таптық күрес те, феодалдық қанау да айтылғанын, маркстік-лениндік әдіснамадан ауытқымағанын» дәлелдеп шыққан. Мәліметтерді, деректерді өз жасына лайық таба білген. Деректермен дәлелдеген. Оқушы  бұл жобаны жазу барысында  кенінен дайындалғанын байқатты.

Мазмұны

Кіріспе... ................................................ 2б.

1.Ермұхан Бекмахановтың өмірбаяны.........2-3б.

2. Бекмаханов. Е. «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында».......3-4б.
3.Саяси қайраткерлердің шығармалық жұмыстары.........4б.
4.Ермұхан Бекмахановтың «Ұлтшыл» деп айыпталуы........4-5б.

5. Е.Бекмахановтың шығармасы. Қуғын-сүргіннің негізгі себебі ... ...5-6б.
6. Бекмахановқа қарсы қудалау ісі ... ... ... ... ...6-8б.
7. Е.Бекмаханов ақталуы ... ... ... ... ...8-9б.

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ...9б.
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ...9-10б.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: қарастырып отырған курстық жұмысымның өзектілігі Ермұхан Бекмаханов қазақ тарих ғылымының, халқымыздың мақтанышы, бірақ өкінішке қарай, оның бұл басты еңбегі 50-жылдардың басында қаралы тізімге ілінуі, сталиндік-империялық бұғаудың үзіле бастауы да оның жарықка шығуына жол ашпауы курстық жұмыстың тақырыбы және XIX ғасырдың 20—40-жылдары, оның ішінде Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі отаршылдарға қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы ұйымдастырған көтерілістерден кейінгі үш жүзді қамтыған ең көлемді бас көтеру болғандығын оның азаттық үшін болған ұлы аттаныс екенін тарихшылар іштей мойындаса да ашық айтуға батылының жетпеуі, жігерсіздік, отарлық тұжырымдаманың жалған интернационализмнің сананы жайлаған уыты Бекмаханов жазған шындықты тануға бөгет болып келуі үшінде бұл тақырып өзекті..  

Жұмыстың мақсаты: Тоталитарлық жүйенің бүкіл кеңес елінде нығаюы, қазақ қоғамы мен мәдени дамуында әсерін көрсету. Қазақ  зиялыларының күрделі тағдыры және Қазақстанда ұйымдастырылған Бекмаханов ісі қазақ мәдениетіне, рухына әкелген зардаптарын анықтау. Е.Бекмахановтың шығармасына қарсы жүргізілген процесстің жүруін көрсету.

Жұмыстың міндеттері: Е. Бекмахановтың шығармашылық жұмыстарын тереңірек зерделеп, тұжырымдап кезеңдік ерекшелігіне мән бере отырып жинақтап жазу. Курстық жұмыс тақырыбына қатысты жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтармен шектелмей тікелей деректерге мән беру қажеттілігін түсініп, қазақ тарихын түптеп зерттеген Е. Бекмахановтың шығармашылық жұмыстарымен еңбектерінен оқу – ағарту ісіне қатысты мағлұматтармен жұмысты толықтыру.

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Түйін: Бекмаханов тағлымы жеке басқа табыну дәуіріндегі ғылымда ойлау-зерттеу бостаңдығы болмағанын тарих ғылымы тұмшаланып, өресіз бюрократтардың, күншіл ғалымсымақ-тардың саяси қолшоқпарына айналып, өз пікірін айтқан авторлар үшін қандай зауал тудырғанын айқын дәлелдейді. 40—50-жылдардағы тарих майданы, әдебиет майданы да тура саяси майданға айналып, талай дарынды ғалымдардың тағдырын трагедияға ұшыратуы, еліміздің объективті тарихын жазуға тұсау болды, қажетсіз сыңаржақ «еңбектерге» жол ашты, халқымыздың ұлттық санасын тұмандандырды. Соның сазайын қазір де тартып отырмыз.

...

Скачать:   txt (49.9 Kb)   pdf (176.7 Kb)   docx (22.9 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club