Әскери қимылдарға амалсыздан көшу. Ауғанстандағы жаңа кабулдық жүйеге қарсы оппозиция
Автор: diasjoo • Октябрь 12, 2021 • Реферат • 7,103 Слов (29 Страниц) • 278 Просмотры
Бөлім 3.2. Әскери қимылдарға амалсыздан көшу . Ауғанстандағы жаңа кабулдық жүйеге қарсы оппозиция
1980 жылы қаңтар-ақпан айларындағы әскери жағдай шиеленісті болды. Жаңа кабулдық режимге сыртқы қарсылықтар айтарлықтай болмады. Қауіп-қатерлі жағдай республиканың солтүстік провинцияларында болды. Гиндукуш тауларында «келісімге келмейтіндердің» негізгі базасы құрылды.
«Кундуздың оңтүстік-шығысында орналасқан ауған артиллериялық полкінің сатқындығынан және ауған тау жаяу әскер дивизиясының кейбір бөліктерінің қарсыластар жағына өтуінен кейін, моджахедтердің жасақтары мен қарақшыларының қолына әскери ұжым мен дайындалған бөліктері тиді. Оларда көптеген шетелдік кеңесшілер мен нұсқаушылар жұмыс істеді. Ханабадтан шығысқа қарай соғыс қимылдарында оппозиция тарапынан бронетранспортерлар мен танкілер қатысты.Оларда икемді және таулы аймақ жағдайына бейім 400-600 атты әскерден тұратын атты әскер дивизиясы болды. Жергілікті халық олардан қатты шошынған еді. Моджахедтер ұлттық билікке оң көзбен қарағандарды, оларды айтуынша «теріс жолдағыларды» халықтың көзінше аяусыз азаптап өлтірді. Жастарды қинап өз жасақтарына қосып, ал әйелдерді тауға әкететін».
Мұсылмандық оппозиция өз күштерін ұлғайта берді. Ақпанның соңына қарай Ауғанстан аумағында 40 мыңдай «душмандық» бөлімшелер болды(«душмандар» деп кеңес әскері моджахедтерді атайтын).
Оппозицияның белсенділігі ақырындап күшейе бастады. Кеңес жүк көліктеріне, кеңес әскерлеріне шабуылдар жасала бастады. Халық арасында кеңес әскеріне және «теріс жолдағыларға» қарсы күреске шақыратын қағаздар таратыла бастады.
Ақпанның ортасына қарай саяси және діни наразылық акциялары Ауғанстанның көптеген қалаларында орын ала бастады. Шиеленістер Кабулда да өсті. 21 ақпанда кешке Кабулда жаппай наразылық қимылдар орын алды. Антикармалистік және антикеңестік мазмұндағы ұрандарды айқайлаған мыңдаған адамдар көшелерге шықты. Келесі күні таңертен наразылықтар қайтадан тұтанды. Қатысушылар саны 300 мың адамнан асып, басым көпшілігі провинциялардан келді. Халық бұқарасы орталық көшелерде лық толып, әкімшілік ғимараттарына кіру жолдары жабылды, кеңес елшілігі оқ астында қалып, нәтижесінде кеңес азаматтары қаза тапты.
Қарулы көтерілісшілер тобы діни адамдар тобының көмегімен адасқан, алданған халықтың біраз бөлігін өз жақтарына тарта алды, сонымен қатар, олар қылмыскерлерді кеңінен қолданды. Қарақшылар тобы дүкендерге, мейрамхана мен тұрғын үйлерге баса көктеп кіріп, олардың мүлкін жойып, тонаумен айналысты. Олар нан комбинатын басып алмақ болды, автокөліктерге тас лақтырып, оларды өртеді, бейбіт тұрғындарға қоқаң-лоқы көрсетті. Елордалық қонақүйдің бір ғимаратын өртеді, ал өртті сөндіруге келген өрт сөндірушілерге қарсы автоматтан оқ жаудырды. Нәтижесінде, қарапайым халық арасында құрбандар пайда болды.
КСРО Қорғаныс министрлігінің жедел тобының басшылары маршал С.Л.Соколов, маршал С.Ф.Ахромеев және генерал-полковник В.А.Меримский Демократиялық Ауғанстан Республикасының қорғаныс министрі Рафидің қабылдауында болды. Ол абыржулы күйге түсті. Осыдан кейін, 40-ыншы әскердің қолбасшысы Ю.В.Тухариновке мотоатқыштар ротасы және танк взводтарының көмегімен Кабулға кіретін жолдарды жабу туралы бұйрық берілді. Осы арқылы қала орталығында жаңа шерушілердің пайда болуын тоқтатты. Бірақ, шерушілерге қарсы оқ атпады. Кабулда төтенше жағдай енгізілді.
Кеңес тарапаның бағалауынша, бұл көтеріліс оппозиция тарапының есеңгіреу халы біткенін көрсетті. Ашық қарсылықтар жандандырылды. Діни насихат кенеттен өсіп кетті. Билікті коммунизм тыңшысы деп ашық қорлады.
Бірақ та, соныңда астыртын әрекет өз мақсатына жетпей, құрдымға кетті. Көтеріліс басшыларының тобын құрықтады, олардың қатарында АҚШ азаматы Роберт Ли, Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) агенті және 16 пәкістандық диверсант болды. Тұтқындалғандардың көбісі – қалаға басқа аймақтардан құпия енген адамдар, олардың басым көпшілігі Пәкістан мемлекетінен келген. Олардан қытайлық және америкалық көп көлемдегі қару-жарақтар, жарылғыш құрылғылар, өртенетін бөтелкелер, американдық, ағылшындық, батыс-германдық және пәкістандық валюталардың едәуір сомасы тәркіленді.
...