Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлемдік ғылым үшін сенсация жаңалық – «Алтын Адам»!

Автор:   •  Октябрь 17, 2022  •  Контрольная работа  •  7,115 Слов (29 Страниц)  •  228 Просмотры

Страница 1 из 29

Жоспар:

1. Кіріспе.

1.1. Әлемдік ғылым үшін сенсация жаңалық – «Алтын Адам»!

2.Негізгі бөлім.

2.1. Ғалымдар зерттеулері мен әшекей бұйымдарының маңызы.

2.2. Қазақстан жерінен тағы да табылған «Алтын адамдар».

2.3. «Алтын адам» – әлем музейлерінде!

3. Қорытынды.

3.1. «Алтын адам» – елдігіміздің символы!

Кіріспе

1.1. Әлемдік ғылым үшін сенсация жаңалық – «Алтын Адам»!

Біздің түп-тамырымызға жаңаша көз¬қа¬распен қарауға жол ашып, әлемдік ғы¬¬лым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қор-ға¬ны¬нан табылған, өнертанушы ғалымдар ара¬сында «қазақстандық Тутанхамон» де¬ген атқа ие болған «Алтын адам». Бұл жауынгер талай тылсым құ¬пия¬ның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін ғажап үлгісімен там¬сандыратын аса жоғары деңгейде көр¬кем дүниелер жасағанын бір ғана Алтын адам дәлелдеп берді. Жауынгердің ал¬тынмен апталған киімдері ежелгі ше¬берлердің алтын өңдеу техникасын жақ¬сы меңгергенін аңғартады. Сонымен бір¬ге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті.

Алтын адам V ғасырда өмір сүрген сақ ханзадасы деп жорамалданған. Алтын адам – Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан. Топырақ қорғандармен ұштасып жатқан қорым солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 шаршы шақырым жерді алып жатыр. 40-тан астам обадан тұратын қорымның оңтүстік шетінде биіктігі 6 м, диаметрі 60 м үйінді төбе астынан екі қабір ашылды. Біреуі ертеректе тоналған. Екіншісінен жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі ашылды. Қабір шырша бөренелерден жасалған, көлемі 3,3х1,9 м, биіктігі 1,5 м, сол жақ бөлігіне қойылған.1963 жылғы сел тасқыны Есік өзенінің арнасын бұзып, оның жағалауында тұрған автобазаны шайып кетті. 1969 жылы автобаза үшін жер бөлінді. Оның бас инженері И.А.Дубкарт құрылысты бастамас бұрын жергілікті археологтардың келісімін алу керек еді. Құрылыс үшін бөлінген аймақта Есік қорғандары орналасқан. Археолог Кемел Ақышев жердің жағдайын барлап қайту үшін жас маман Бекмұхамбетті жібереді. «Өзге төбелерден өзгеленіп тұрған қорғанды қорғауға алу керек» дейді. Осы өзгеше төбеден алтын адамды тауып алады. Кезінде Алтын киімді ханзаданы тонамақ болған қарақшылар топырақ астында қалып, мерт болған. Бұған қорымның беткі қабатында шашылған адам сүйектері дәлел болды. Ғасырлар бойы тоналмай бізге жетуіне сол сүйектер себеп болғанға ұқсайды. Өйткені тонамақ болғандар топырақтың беткі қабатында шашылып қалған сүйектерді көргеннен кейін «бізге дейін бұл жерді қазған» деп ойлаған, – дейді.

Алтын адамның үйсін ханзадасы екенін алғаш жорамалдаған жазушы Тұрсын Жұртбаев болатын. Қытай жазбаларында үйсіндердің күшейген кезін былайша баяндайды: «Үйсіндер — батыс өңірдегі ең құдіретті мемлекет, олардың 120 мың түтін, 188, 8 мың сауытты әскері болған. Елжау бидің 10 ұлы болған, соның тақ мұрагері етіп белгілеген тұңғыш баласы жас шағында 22 жасында қайтыс болады. Кейіннен әкесі қайтыс болғанда осы ұлының жанына жерленген. Ал Ақышевтің зерттеулерінде Алтын адамның мүрдесінің жанында тағы бір көсемнің мүрдесі болғаны жайлы айтылады. Жалпы дәстүр бойынша әрбір тұлға дара көмілуі керек. Басындағы қорған да жеке болуы керек. Жас ханзаданың әуел басында тұрғызылған қорғаны жеке болған, кейін екінші тұлғаны жерлеуінен кейін біріктіріп, үлкен қорған тұрғызылған.

...

Скачать:   txt (96 Kb)   pdf (143.2 Kb)   docx (38.8 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club