Неолит дәуірінің жаңалықтары
Автор: aiashka06 • Ноябрь 3, 2022 • Эссе • 251 Слов (2 Страниц) • 255 Просмотры
Ақынбекова Әсел 1601-12
Неолит дәуірінің жаңалықтары
Неолит кезеңі б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар арасын қамтиды. Бұл тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Тасты өңдеудің жаңа технологиялық тәсілдері: тегістеу, бұрғылау, аралау пайда болады. Мата тоқып, киім тігуді үйренді. Қыш құмыра жасауды біліп, ыдыстарға өрнектер салған.Саздан жасалған қыш ыдыс көзе деп аталады. Еңбек құралының дамуы адамзатты терімшілік пен аңшылықтан егіншілік пен мал шаруашылығына алып келді. Адамдар табиғат сыйына тәуелділіктен құтылып өмір сүруге қажетті азық-түлікті өздері өндірді. Мысалы олар астық қорына сенді оның қанша уақытқа жететінін болжай алды. Жер өңдеудің қарапайым түрін меңгеріп жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен өндіру және тоқымашылықпен айналыса бастады. Сонымен неолит дәуірінің басты ерекшелігі өнімді еңбектің пайда болуы. Тас өңдеу биік деңгейге көтерілді. Ұсақ тастардан өткірленіп алынған ұштар мен кескіштер құрамалы құралдар жасау үшін қолданылды. Мысалы оларға жебе мен найза, балта, кетпен, келі, келісаптар, дән үккіштер жатады. Адамдар жабайы жануарларды қолға үйретіп, жер өңдеудің қарапайым түрімен айналыса бастады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуы адамзат қоғамының дамуына үлкен әсер етті.
Қазақстандада неолиттік ескерткіштер кездеседі және олардың ғылымға белгілі 500 түрі бар негізгі белгілері бір-біріне ұқсас. Оған дәлел Арал өңірінен табылған найзаның тас ұштары,жалпақ пышақтар және жебе ұштары. Бұл тұрақтың тұрғындары негізінен аңшылар мен малшылар болған. Қорытындылай келе неолит дәуірі адамзаттың дамуы және ондағы ерекшеліктері қазіргі таңға дейін жалғасып келе жатыр.
...