Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы желісі бойынша «Бақыт құшағында» атты сахналық қойылым

Автор:   •  Май 23, 2023  •  Доклад  •  424 Слов (2 Страниц)  •  274 Просмотры

Страница 1 из 2

Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы желісі бойынша «Бақыт құшағында» атты сахналық қойылым

Автор: Бүгін сіздерге  Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы желісі бойынша «Бақыт құшағында» атты сахналық қойылымын  көрсетеміз. Бұл махаббат сезімі мен сағынышқа толы Әмірші мен кіші ханшайымның бақытты күндерінің көрінісі.

Ханшайымның ыстық сезімі зәулім мұнара салғызды, жан жақтан шебер шақыртып, әкелді Жаппар жалғызды. Ханшайым ақылына көркі сай, келбетті, сұлу, көрікті еді. Бұрымы белден, жанары жанға төгіліп тұр. Сол бір хас аруға жас жігіт ғашық әрі асық. Бар көңілін, ниетін мұнараға салады. Тәкәппар ханшаның көңілін аударуға бел буған шебердің ойы осы еді. Ол махаббаттан мұнара тұрғызды. Жәй ғана мұнара емес, ыстық сезімнен, іңкәр көңілден шыққан махаббат мұнарасы!

Ханшайым: Құдайым-ау, құдайым! Бұл не түс? Өңімде көрген жігітті түсіме кіргенін қалай түсінемін? Алақандай, алақандай екі көзі мөлдіреп,  жанымды оттай қарып барады. Жо-жоқ, мен әміршіге адалмын. Менің күткенім де, сағынышым да бір әміршім!

Әмірші: Көкпен таласқан көк мұнара, көздің жауын алары сөзсіз! Қасыңнан кеткім келмейді. Не деген сиқыршы болды? Бұл мұнарадан алыстағы жарды, аяулы арудың сағынышын көрдім, махаббаттың мұңын көрдім, ханшайымның көрегендігін көрдім, төрт жыл жорыққа кеткен қажыған-қайратымды шаршаған, сүлдемді тірілттің! О, менің сұлу ханшайымым!

Ханшайым:  О, әміршім! Сағындым, жүдедім десем, нанбайсың. Жүрегімде – Сен, бірақ шалғайсың. Қолыңда жанды тербету, адам да ету, пенде ету. Мәңгілік мынау мұнара болсын көңілде. Жүрегімнің төрінде – сұлу бейнең, Әміршім!

Әмірші: О, Сағыныш... сағыныштың өзі бір бақыт! Сағындым, жұпар исі аңқыған туған жерімді сағындым, құлай сүйген жарымды сағындым! Қасиетті қара домбыры үнін сағындым! (Домбыра ойнайды) 7-10 секунд

Не деген сезім! Кірпікке қос жанарың – қамалған түн, Артық деп айта алмаймын одан алтын! Қарайды ай сығалап, тайғанайды Құмартып оған сұғын қадаған күн! Аруым, жанарың жанарымды жанағанда, Болмайтын күй кешемін жан адамда! Еркіндік қанша жақсы болғанымен, Жетпейді кірпіктерің қамағанға!

...

Скачать:   txt (5.6 Kb)   pdf (70 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club