Қызылорда тарихы
Автор: Биболат Сатжанов • Август 6, 2018 • Статья • 585 Слов (3 Страниц) • 770 Просмотры
БС-80
Шежірелі шаһар
КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫСТАР КЕЗЕҢІ
Қызылорда қаласының экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуы жаңаша қарқын алған кезеңі 1950-1960 жылдармен сәйкес келеді. Осы жылдары облыс орталығында ірі өнеркәсіп орындарының жұмысы жанданып, автокөлік жолдары салына бастады. Ірі құрылыс трестері ұйымдастырылып, тұрғын үй, мектеп, балабақша, мәдениет үйі мен сауда нысандары бой көтерді. Соғыстан кейінгі жылдар Қызылорда үшін күрделі құрылыстар іргесі қаланған кезең болды.
Бұл уақытта салынған нысандардың ең ірісі – целлюлоза-картон комбинаты. 1956 жылы Мәскеуден келген мемлекеттік жоспарлау институтының арнаулы экспедициясы облысты аралап, аса бағалы шикізат – қамыстың мол қорын анықтаған. Осыған байланысты, еліміздегі тұңғыш целлюлоза-картон комбинатын Қызылордада салуға шешім қабылданды. Кейін қамыстың қоры азайды. Осыған байланысты комбинатқа Сібірдің ағаштары эшалондармен әкелінген.
Ұзындығы 450 метрге жуық, биіктігі 40 метрден асатын құрылыс күн санап биіктей түсті. Іске қосылған алғашқы жылы комбинат 73 мың тонна целлюлоза, 70 мың тонна картон өндірді. Өскелең өмір талабы олардың алдына үлкен міндеттер қойды. Сондықтан оның әрбір цехы жаңа техникамен жабдықталып, мамандардың білім деңгейін көтеруге көңіл бөлінді. Комбинат жанында №8 кәсіптік-техникалық училище мен Краснокамский целлюлоза-қағаз техникумының филиалы жұмыс істеді. Көптеген жастар бұл оқу орындарында кешкі ауысыммен оқып, күндіз комбинатта еңбек етті.
Қаладағы өндіріс орындарының қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету үшін Титов және Гагарин аумақтарының іргесі қаланды. Ол жақтан 2 он жылдық мектеп пен балабақша салынған. Онда «Бумажник» атты мәдениет сарайы халыққа қызмет көрсетті. Бір ғана «Қызылордастрой» тресінің құрылыс нысандарында 7 мың адам еңбек етті.
Осы кезеңде көлемді құрылыс-монтаж шаралары атқарылды. Жергілікті тұрғындар игілігіне 95 мың шаршы метр тұрғын үй, 700 орындық балабақша, 2670 орындық 2 мектеп пайдалануға берілді. Жалпы ұзындығы 4 шақырым жылу магистралы жүргізіліп, ауыл шаруашылығы материалдық-техникалық жабдықтау бірлестігінің жөндеу-механикалық зауыты қайта жабдықталды. Силикат-кірпіш, құрама жем зауыттары және басқа маңызды нысандар салынды.
Ірі құрылысқа Виктор Карпович басшылық жасап, Лев Пан есімді бас инженер бекітілген. Комбинат жұмысын жандандыру үшін Чехословакия, Молдавия, Белоруссия секілді шалғай елдерден қолында жолдамасы бар жас мамандар легі келді. Кеңес әскері қатарынан оралған жауынгерлер де Қызылордадағы құрылыс дабылын естіп, бағытын осы жаққа бұрды.
Сол кездері қала құрылысында Христофор Колпакиди бастаған ағаш ұсталары, Тәжібек Ахметов жетекшілік еткен бетоншылар, Дастанбек Қайрановтың тас қалаушылар бригадалары үлкен табысқа жетті.
...