Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ және әзірбайжан халықтарының әдеби-мәдени қарым-қатынастары

Автор:   •  Май 4, 2022  •  Реферат  •  2,901 Слов (12 Страниц)  •  438 Просмотры

Страница 1 из 12

Дәріс №10. Қазақ және әзірбайжан халықтарының әдеби-мәдени қарым-қатынастары

Қарастырылатын мәселелер:

  1. Қазақ пен әзірбайжан сынды түркі жұртының тағдыр-талайы мен таным-түсінік ортақтығы.
  2. Низами Гянджевидің шығармашылығы – шығыс поэзиясының ең жоғарғы сатысы
  3. М.Ф.ААхундов шығармашылығы негізінде әзірбайжан әдебиетінің жаңа реалистік бағытта дамуы
  4. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдағы  қазақ және әзірбайжан халықтарының әдеби-мәдени қарым-қатынастары        

         

Әзірбайжандықтардың ғасырлар бойы Парсы империясының құрамында өмір сүріп келгені тарихтан белгілі; олардың көпшілігі, нақтырақ айтсақ, үштен екі бөлігі қазіргі кезге дейін Иранда өмір сүрсе, ал аз бөлігі 1813-1828 жылдардан 1917 жылға дейін Ресей империясының жерінде мекендеген. 1918-1920 жылдары Солтүстік Әзірбайжан егеменді мемлекет болса, 1922-1991 жылдары КСРО-ға қараған, ал 1991 жылдан бастап КСРО құрамында болып келген басқа одақтас республикалар тәрізді тәуелсізідкке қол жеткізді.

Ежелгі замандардан бастау алған әзірбайжан халқының рухани-мәдени тарихында келесі кезеңдерді атап көрсетуге болады: тәңірлік (жартастағы суреттерде іздері сақталған), зароастрикалық (Авесталар мәтініндегі халық ауыз шығармашылығының үлгілері), агвано (албан)-христиандық (бүгінге дейін сақталған агвандық шіркеулер, Давдактың «Ұлы патша Джеванширдің өліміне» атты поэмасы), мұсылмандық (7-8 ғасырларда исламды қабылдауына байланысты). Әзірбайжан мәдениеті дәстүрінің негізінде ежелгі жалпы түркілік мәтіндер де бар.  

Түркі халықтары әдебиетінің ішінде көп ғасырлық тарихы бар әзірбайжан халық әдебиеті тұрмыс-салт жырларына, ертегілерге, аңыздарға, эпостық жырларға мейілінше бай болып келеді. Әзірбайжан әдебиеті әзірбайжан халқының көп жанрлы бай фольклорынан бастау алады. Батырлық эпос-дастандардың ішіндегі ең көрнектісі - «Көроғлы» дастаны. Бұл эпос Таяу Шығыс, Орта Азия елдерінде кең тараған.

Әзірбайжан жазба әдебиетінің ең көне ескерткіші - б.з.д. 6 ғасырда Мидия мемлекетінің территориясынан табылған «Авеста» болып табылады. «Авестаның» авторы Зардушт (Зорастр) деп есептеледі. Аталмыш жазба ескерткішінде әзірбайжан халқының дуалистік дүниетанымы, алғашқы қауым адамының жақсылық пен жамандықтың күресі туралы түсініктері көрініс тапқан.

Түркі халықтарына ортақ мұра болып табылатын «Қорқыт ата кітабының» (11 ғ) біздің заманымызға жеткен қолжазбасы 16 ғасырда қағаз бетіне түскен. Аталмыш әдеби ескерткіштің алғашқы зерттеушісі неміс ғалымы Фридрих Дитцтің ойынша «Қорқыт ата кітабының» кейбір сюжеттері, атап айтқанда, Төбекөз туралы сюжет Ежелгі Грециядағы осыған ұқсас сюжетке негіз болған. Төбекөз Гомердің «Одиссеясындағы» Полифемға қарағанда әлдеқайда көне кейіпкер. 14 ғасырда өмір сүрген тарихшы Рашидаддин Қорқыт атаның Мұхаммед пайғамбардың заманында өмір сүріп, оның елшісі болғанын атап көрсетеді.

Таяу Шығыс дәстүрлерінен бастау алған жазбаша әзірбайжан әдебиеті 7-11 ғасырларда Ислам дінін қабылдағаннан кейін араб тілінде, ал 10-13 ғасырларда араб тілімен қатар парсы тілінде дамыды.

Араб және парсы тіліндегі жазбаша поэзия Бағдат, Тебриз, Гәнж, Ширван және Таяу Шығыстың басқа да мәдени орталықтарында гүлдену шағын бастан өткерді. 10–14 ғасырлардағы атақты ақындар –Абульгасан Ардебили, Бакуи, Пир Гусеин Ширвани, Щеддин Шервани, Гатран Тебризи, Хатиб Тебризи, Мехсети-ханум Гянджеви, Абу-ль Ала Гянджеви, Низами Гянджеви, Хагани, Фелеки Ширвани, Изеддин Ширвани, Шамс Тибризи, Авхади Мараган, Ассар Тебризи азербайжандықтар болған.

«Малик уш-шуара» (ақындардың патшасы) деген атқа ие болған Абу-ль Ала Гянджевидің (12 ғ.) біздің заманымызға өзіндік стилімен ерекшеленетін әлеуметтік-философиялық ода-қасидалары жетті. Ақын Хаганидің газелдері, рубаилары мен қасидалары, ақынның Таяу Шығыс бойынша саяхаттары суреттелген «Екі Иракқа сый» атты поэмасы, тағдыр тәлкегі туралы «Хабсие» немесе «Түрмелік» элегиясы кеңінен танымал болды.

Ұлы ойшыл және гуманист Низами Гянджевидің (1141-1209 жж.) шығармашылығы шығыс поэзиясының ең жоғарғы сатысы болып табылады. Оның Хамсасы немесе Бестігі – «Құпиялар қазынасы» (1177), «Құсырау мен Шырын» (1181), «Ләйлі мен Мәжнүн» (1188), «Жеті ару» (1197), «Ескендір- Наме» поэмаларында махаббат пен адалдық, жақсылық пен тектілік тәрізді жалпыадамзаттық идеялар, өмір мен өлім философиясы, ашкөздік пен таққұмарлықтың адам санасын улайтын әсері жарқын характерлер мен тартымды сюжеттер арқылы көрініс тапқан. Ақын Авхади Марагаи (1274-1338) шығыс поэзиясының барлық жанрларында өнімді еңбек етті. Оның өлеңдер жинағы 15 мың бәйіттен тұрады. Мифологиялық патша туралы «Джами-Джам» (1334) немесе «Джамшидтің тостағаны» атты поэмасында ақынның діни-философиялық және этикалық көзқарастары көрініс тауып, білім күші, еңбек жасампаздығы жырланған.

...

Скачать:   txt (42.5 Kb)   pdf (130.6 Kb)   docx (21.7 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club