Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының бірінші толқыны (Құлжа өңірі, Қашғария)

Автор:   •  Сентябрь 29, 2019  •  Реферат  •  4,657 Слов (19 Страниц)  •  2,542 Просмотры

Страница 1 из 19

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы

«Қазақстан тарихы мен мәдениеті» кафедрасы

№1 семестрлік жұмыс

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні

Тақырып: Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға  жаппай қоныс аударуының  бірінші толқыны (Құлжа өңірі, Қашғария)

Мамандығы: 5В071600 – Аспап жасау

Орындаған: Нұркаева Аружан

Группа: ПСк 17-1

Тексерген: профессор – Берлибаев Б. Т.

___________________   «___» ____________ 201__ж.

Алматы 2017

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Қазақ диаспорасы
  3. Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептер
  4. Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
  5. Қазақтардың Қазақстан аумағынан тыс жерлерге қоныс аудару себептері
  6. Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі
  7. Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу ерекшеліктері
  8. Құлжа
  9. Қашғария
  10. Ауғанстандағы қазақтар
  11. Қорытынды
  12. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Төмендегі материалдар қазақ жерiнде болған оқиғаларды және қарапайым халықтың тағдырын таразылай отырып, белгiлi бiр тарихи-оқиғалық тұтастығы бар кезеңдердi ретпен баяндап бередi. Қазақ диаспорасы, шетелде қазақ диаспорасының қалыптасуы жөнінде жалпы мәлімет беріліп кетеді де, басты тақырып талқыланады. Олар қазақтардың басқа шекаралас елдерге қоныс аудару себептері, Қытай және Ауғанстан жеріне көшу. Қазақ халқына ауыр күндер тап болады. Аштық, ашаршылық, жетіспеушілік. Мұның бәрі халықтың шекаралас елдерге қоныс аударуына әкеп соғады. Негізі қазақ халқының қанына сіңген көшпелі өмір. Бірақ көшу барысының өзі оларға оңайға соққан жоқ. Шекарадан асу үлкен бір ахуалға айналып, көтеріліс болып, бірнеше мың адам қаза тапты. Қытайдың Құлжа, Қашғар сияқты өңірлерін паналаған. Қытайға қоныс аудару туралы мәліметтерді табу оңайырақ болғанымен, Ауғанстанға көшу жайлы көп мәліметпен, анықтамалармен, дәлелдемелермен көрсетілмеген. Қазақтар Ауғанстанда XIX ғасырдың 40-жылдарыңда пайда болды. Ондағы қазақтардың алғашқы тобын Кенесары хан мен Наурызбай батырдың жасақтары құраған еді. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін, қазақ сарбаздарының бірқатары патша үкіметі жазалаушы отрядының қуғын-сүргінінен құтылу үшін Ауғанстанға асып кетті. Ал Қытайда болса,  XIX ғасырдың аяқ кезінде 100 мыңға жуық қазақ тұрды. XIX ғасырдан бастап біртіндеп көшкен болса, 1916 жылы патшаның қуғын сүргініне шыдамай бірнеше мыңға жуық қазақ қоныс аударып кетті. Қытайдағы қазақтар мал шаруашылығымен айналысты.

Қазақ диаспорасы 

Қазақ диаспорасы – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан  ҚытайғаОрталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5,4 млн деп есептеледі (1997). Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасы-ның, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан РесейгеҚытайғаӨзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 млн-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0,5 млн адам. Қазақ диаспорасы шоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі және АҚШ-тағы этн. қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Бұған олардың бірлесіп тұру тілегі ғана емес, сонымен бірге реципиент-елдің олар жөнінде жүргізген саясаты да ықпал еткен. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінен қанға сіңген тамаша бейімделгіштік, жерсінгіштік, алғырлық қабілет-қасиеттерінің арқасында Қазақ диаспорасы жартылай этникалық, мультимәдени, мультидіни құрылымды елдерде жергілікті тіршілікке бейімделіп кете алды. Өздері тұрып жатқан аймақтарда этн. азшылық болғандықтан, сол елдің саяси құрылымында Қазақ диаспорасының айтарлықтай салмағы жоқ.

...

Скачать:   txt (66.5 Kb)   pdf (249 Kb)   docx (30.3 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club