Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс
Автор: ulpano999 • Ноябрь 10, 2023 • Реферат • 573 Слов (3 Страниц) • 209 Просмотры
Тарау: Бірінші тарау-Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс.
Тақырыбы: Көне,орта және соңғы тас ғасыры
Адамзат тарихының дамуында кезеңдер 3ке бөлінген: тас дәуірі, мыс дәуірі және темір дәуірі. Ежелгі тас ғасыры адамзаттық дамуындағы, оның қалыптасуындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл дәуірде адамдар еңбекке бейімделе бастап, еңбек құралдарын жасап, аң аулау деген секілді күнкөріс тірліктерді игере бастаған.
Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады: палеолит,мезолит жәнеде неолит. Ал әуелгі палеолиттің өзі 3 кезеңнен тұрған,олар ежелгі палеолит (2,6млн-140мың жыл бұрын),орта палеолит (140мыңжыл-40мың жыл бұрын) және кейінгі палеолит (40мыңжыл-12мың жыл бұрын). Батыс Еуропаның тарихи материалдарының негізінде құралған схемада ежелгі палеолитті үш дәуірге бөлген: дошель,шель және ашель болып бөлінген. Ал орта палеолитті соңғы ашель,мустье деп, ал соңғы палеолитті ориньяк,солютре және мадлен болып айырылады.
Кейінгі жылдары бұл схенаға өзгерістер енгізіп,палеолитті екі дәуірге,ежелгі дәуір және соңғы дәуір деп енгізілді. Жаңа материалдар негізінде адамзат тарихындағы алғашқы дәуірді Дошель кезеңін “олдувей” кезеңі деп өзгертілді. Ол б.з.б. 2.6млн. Жылдан басталады. Одан кейінгі екі кезеңді Ашель мен Шель дәуірін 800мың жылдан 140мың жылға дейін қамтыды. Орта палеолитті 140-40 мың жылдықтарға жатқызды. Ал соңғы палеолит кезеңін 40-12 жылдар арасына сәйкес келеді.
Адамзат тарихындағы алғашқы адам Презинджантроп. Оның сүйек қалдықтары Шығыс африкадан табылды. Ғылымда “Homo habilis” “шебер адам” атымен танылады. Бұл осыдан 1 млн 750мың жыл бұрын өмір сүрген. Және оның миының көлемі 652см3 болған. Шебер адамның құралдары тастың сындырылған түрлерінің қырлары пышақ сияқты пайдаланған.
Бірінші питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралығынан табылған. Питекантроп бұдан шамамен 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Бұл кезде миының көлемі өзгерген. Көлемі 959 см 3, және түр әлпетіне келсек жақ пен бас сүйектері кішірейген және аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерді.
“Homo rrectus”-тің екінші түрі синантроп еді. Синантроп 1927 жылы Қытай жерінде чжоу-кон-дян үнгірінен табылған және онымен қатар әр түрлі формадағы тас құралдар,ошақта жатқан тастар және де тарихтағы ширектік дәуір фаунасы жануарлардың көп сүйегі табылған.Сол кездегі синантроптар от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады. Келесі б.з.б. 300 мың жылдықта табылған “ақылды адам”.Оның қалдықтарын Еуропадан,яғни Германиядағы Неандерталь жотасында тапқан.Сол үшін Неандерталь атпен әйгілі.
...