Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның жаңа заман тарихының тарихнамасы мен деректері

Автор:   •  Январь 25, 2022  •  Реферат  •  1,169 Слов (5 Страниц)  •  746 Просмотры

Страница 1 из 5
  1. 1 дәріс тақырыбы. Қазақстанның жаңа заман тарихының тарихнамасы мен деректері.

Оқу нәтижелері:

  1. -  Қазақстан тарихының тарихнамасы (XYIII-XIXғ. басы) туралы біледі;

- Қазақстан тарихының XYIII-XIX ғ.басындағы қазақ деректерін тарихнамалық міндеттерді шешуде қолдана алады;

- XYIII-XIX ғ. бас. орыс және шетелдік тарихнаманы меңгереді.

Дәріс жоспары

1.Қазақстан тарихының тарихнамасы (XYIII-XIXғ. басы)

  1. 2.Қазақстан тарихының XYIII-XIX ғ.басындағы қазақ деректері.
  2. 3.Орыс және шетелдік тарихнама  XYIII-XIX ғ. басы.
  1.             XVIII-ХІХ ғасырдағы дәстүрлі институттар тарихын тануда Ш.Ш.Уәлиханов, С.Бабажанов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінің орны ерекше. Ш.Уәлиханов арғын  Малайсарының ХVІІІ ғасырда Жоңғар билеушілерінің тарапынан тархандық алғандығын және оның берілуінің себебін тұтқындағы Абылай сұлтанды босату мақсатындағы елшілік келіссөздердің нәтижесімен байланыстырады.
  1.              ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары, қазақ қоғамының қоғамдық-саяси құрылымы, әлеуметтік жүйесі, шаруашылық жайы Н.Г.Аполлова, С.Е.Толыбеков, С.З.Зиманов, В.Я.Басин, Т.Ж.Шойынбаев, А.Н.Нүсіпбеков, Г.И.Семенюк, Н.Е.Бекмаханова, А.Сабырханов, Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев еңбектерінде көрініс тапты. Н.Г.Аполлова XVIII ғасырдағы қазақ тархандары Шақшақ Жәнібек пен Тама Есеттің қоғамдық ортадағы беделдері ханнан кем болған жоқ деген баға бере отырып, олардың қазақ-орыс қатынастарына байланысты қоғамдық-саяси қызметтерінен мол мәліметтер береді. Мәселен, В.Я.Басин зерттеуінде «протектор», «бодан» тарихи терминдеріне Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты мысалында талдау жасап, Ресейге қосылған жылдардан бастап «бодан» болды деген саяси ұстанымның қате пікір екендігін дәлелдесе, С.З.Зиманов қазақ қоғамындағы әлеуметтік жүйені зерделеп, өз пікірлерін ашық білдірді. Н.Е.Бекмаханова 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған орыс шаруаларының соғысына қатысқан Дәуітбай тархан бастаған қазақ жасақтарының соғыс қимылдары және атығай Құлсары тархан жөнінде деректік мәліметтер келтіреді. Ал Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев зерттеулері арғын Малайсарының жоңғарлар тарапынан тархандық алғанын сұлтан Абылайдың тұтқында болған кезіндегі қалмақ бағытындағы елшілік қатынастар нәтижесінде берілгенін қуаттайды.
  1.              Қазақ тархандарының ата-бабаларына қатысты шежірелік деректер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, С.Е.Толыбеков, Х.Маданов, Х.Б.Табылдиев, А.Қалмұратов т.б. шежірелік еңбектерінде бар. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шежірелік нұсқасында Арғын руының аталық шежірелерін тарата келе Жәнібек тарханға қатысты деректерді келтіреді. С.Е.Толыбеков, Х.Маданов шежірелерінде Жәнібек және Есет тархандардың ата тегіне, олардан тараған ұрпақтарына қатысты қызықты тарихи шежірелік деректер кездеседі. Дегенмен, шежірелік деректерді мұқият пайдаланған жөн. Мәселен, Х.Б.Табылдиев, А.Қалмұратов шежіресінде «...1743 жылы 28 мамырда патша әмірімен Есет батырға, оның үрім-бұтағына мұра болып қалатын тархан атағын берді», – деген.
  2.            Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған жылдардан бастап жарық көрген тарихи еңбектер зерттеп отырған мәселеге жаңа қырынан келді. Нақ осы кезеңде өткен тарихымыз ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеле бастады. Қазақстан тарихының XYIII – XIX ғғ. кезеңіне байланысты М.Қ.Қозыбаев, К.Л.Есмағамбетов, Ж.Қ.Қасымбаев, С.М.Мәшімбаев, М.Ж.Абдиров, Ж.О.Артықбаев, И.В.Ерофеевалардың ғылыми еңбектері көпшілікке жетті.
  3.            А.Байтұрсынұлы тарих ғылымының пәніне; Тарихты қазақша ұлы дерек деуге, әуезе табына жатқанмен, айғақша  деуге болады. Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы - тарих, - деп анықтама береді. Тарихтың атқарар қызметі мен алға қояр міндеті хақында ол; Тарихтың қызметі- бүтін адам баласының, бүтін бір жұрттың, иә бір топтың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту. «Тарихшылырдың мақсаты,-дейді Ахаң,-уақиғаның уақытын ғана көрсету, яки не түрде болған тысқы сиқын ғана көрсету емес, ол уақиғаның болуына нендей нәрселер, нендей уақиғалар себеп болғанын көрсетіп, ішкі мәнісімен де таныстыру». А.Байтұрсынұлы  әуезелерді алты тарауға бөледі: 1) шежіре, 2) заман хат, 3) өмірбаян, 4) мінездеме, 5) тарих, 6) тарихи әңгіме.А.Байтұрсынұлының берген анықтамасы бойынша, бірінші,  Шежіре.   Шежіре — өткеннен  дерек  беретін  сөздің  бір түрі. Шежіреде уақиғадан гөрі өткендердің түс, туысы көп айтылады.   Сондықтан   шежіре   уақиға   сарынымен   емес,   уақыт, туыс сарынымен айтылатын әуезе табына жатады. Шежіре болған уақиға жайынан сөйлесе, себебін, мәнісін айтпай, тек болғанын  айтады да қояды.
  4.            Екінші, заман  хат. Біреудің  заманында болған тарихи уақиғадан, яки өз ішінде болған істерден дерек беруі заман хат деп аталады.  Мәдени жұрттың адамында заманында болған көзге түсерлік  уақиғаларды,   яки  өз  өмірінде ұшыраған  зор  істерді жазып, әңгіме ретінде тіркеп отыратын әдет болады. Заман хат шежіредей емес, тәртіпті, жүйелі келеді.
  5. Үшінші, өмірбаян. Біреудің туғаннан бастап, өлгенге шейінгі өмірін жазу иә айту өмірбаян болады. Өмірбаян жазудағы мақсат белгілі болған адамның өмірі қалай басталып, қандай күйде өткенін көрсету. А.Байтұрсынұлы  еңбектерінде жеке тарихи тақырыптармен қатар, сол негізгі тақырып желісіне байланысты тарихнамалық, жалпы методологиялық, оның ішінде қазақ халқы тарихын дәуірлеу, зерттеу принціптері мен әдістерінің өзіндік ерекшелік қырлары, тарих ғылымының қалыптасып даму барысы туралы өзекті мәселелер қозғады.
  6. Төртінші, Мінездеме. Адамның, елдің, жұрттың, таптың, ұлттың сырын, мінезін танып көрсету мінездеме болады. Мінездеме өмірбаянның да, заман хатының да, тарихтың да ішіне бөлім есебінде кіреді. Мінездеме заманның, дәуірдің халін де мінездеп көрсетеді. Адамды мінездегенде, өмірбаянның бөлімі болып кіреді. Жұртты, ұлтты, заманды мінездегенде, тарихтың бөлімі болып кіреді.
  7.              Бесінші, Тарих. А.Байтұрсынұлы тарихшының дүниетанымына, азаматтық ар ожданына,әділдігіне, ғылыми- зерттеушілік мүмкіншілігіне биік талап қойған. Өйткені, Ахаңның ойынша, тарих халықтікі, халық үшін жазылады. Сонымен бірге А.Байтұрсынұлы тарих пен тарихшыларға қандай деректерді және оларды қалайша пайдалану   әдісін көрсете келе зерттеушілердің алдына қойылатын талаптарды жаңа қырынан да көрсеткен
  8. Алтыншы, Тарихи әңгіме. Тарих жүзінде белгілі адамдар, нәрселер, уақиғалар турасында сөйлейтін әуезелер тарихи әңгіме деп аталады. Тарихи әңгімені  А.Байтұрсынұлы материалистік ұғым мен идеалистік ұғымды коммунистік идеология өкілдері сияқты бір-бірімен қарама-қайшылықта қарамаған және материалистік көз қарастың марксистік-лениндік бірыңғай үстемдігін қабылдамаған. Ол табиғат заңдылығы мен әлеуметтік қоғам заңдылығының байланыстылығы негізінде адам қауымдастығы үшін әлеуметтік жасампаздықтың реттік сәйкестіктегі екі бірдей теңдігі бар, табиғат орталығындағы адам еңбегінің материалдық байлығы мен рухани қазынасы дейді. Бұл тұрғыда А.Байтұрсынұлының рухани болмысты қаншалықты жоғары бағалағанын білеміз.
  9.             Қазақ қоғамын басқарудың дәстүрлі институттары тарихы қай кезеңде де зерттеушілердің назарын өзіне аударған. Дегенмен, олар тиянақты зерттелді, бар материалдар жинақталды деу қиын. XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ тарихына қатысты деректер қазақ даласының тарихына көңіл аударған алғашқы зерттеушілердің назарына түскен. Бұған П.И.Рычков, И.И.Неплюев, И.Г.Андреев, Е.К.Мейендорф, А.И.Левшин, В.В.Вельяминов-Зернов, И.Ф.Бларамберг еңбектері куә.
  10.             1771 жылы Жоңғарияға қарай қашқан Еділ қалмақтарын қуған арнайы жасақталған әскери қосынының офицері П.И.Рычковтың күнделігінде алғашқы қазақ тархандары арғын Жәнібек пен тама Есет туралы, олардың қазақ-орыс қатынастарындағы елшілік қызметтері туралы мәліметтер келтірілсе, И.Г.Андреевтің еңбегінде патша үкіметінің бекініс маңындағы халықтарды өз саясаттарын қолдауға тарту үшін жылына 1000 рубль қаржы бөлгендігі, соның ішінде Құлсары тархан мен Құлеке батырларға 100 рубльден ақшалай сыйақы беріп тұрғандығы туралы деректер бар.
  11.             Зерттеуші Е.К.Мейендорфтың Орынбордан Бұхарға барған сапарында жинаған материалдарының жазбасы Кіші жүз өңіріндегі қазақ тархандары Жүсіп Сырымұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Жәнібек тарханның немересі Мұса Дәуітбайұлы т.б. тархандар қызметі туралы біраз деректер қалдыруымен құнды. Әскери санақшы И.Ф.Бларамберг Тіленшіұлы Жоламан тархан туралы деректер қалдырған.
  12.             Қазақ тарихын зерттеген орыс зерттеушілерінің арасында  В.В.Вельяминов-Зернов тархандық институт мәселелерін арнайы зерттеуімен ерекшеленеді. Ол XVIII ғасырдағы башқұрт қоғамындағы тархандық институт тарихына қатысты зерттеу жүргізді.
  13. ХІХ ғасырдың екінші жартысында патша үкіметі шенеуніктері мен әскерилеріне арнайы тапсырмамен отарланушы аймақ тарихын жаздыра бастады. Ондай еңбектер қатарына Л.Мейер, И.И.Крафт, В.Н.Витевский, А.И.Добросмыслов зерттеулерін қосуға болады.

...

Скачать:   txt (15.5 Kb)   pdf (90.8 Kb)   docx (12 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club