Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен тағдыры
Автор: Fari_04 • Март 1, 2022 • Доклад • 512 Слов (3 Страниц) • 321 Просмотры
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен тағдыры
Жоспар:
Кіріспе
Қанды шайқас
Негізгі бөлім
1. Жадымнан өшпес ерлігің
2. Бәрі ертегі сияқты...
Қорытынды
Батырларға мың алғыс!
Тарихқа өшпестей із қалдырған жан түршігерлік, әділетсіз, адамзат баласын ажалмен арпалыстырып қойған қанды шайқас - Ұлы Отан соғысы. Бұл соғысты естіген жан соғыс зардабын дұшпанына да тілемес еді. Соғыстың соңы әрине жеңіке жетелегенімен, қан төгістің құрбанына айналған қазақстандықтарымыз қаншама?
Бүгін мен сол құрбан болған қазақ азаматтарының ерлігі жөнінде баяндамақпын. Қайран қазағымның ұл - қыздары соғысқа еш қорықпастан, тайсалмастан "Отан үшін отқа түс" дегендей өз еріктерімен қатысты. Бұл шайқасты отқа да теңей алмас едім, өйткені соғыстың қатігез әрі ауырлығы соншалық оттан да ыстық, оттан да жалынды десем артық болмас. "Соғыс" деген сөзді естіген сәтте көз алдыма жылаған бала мен шырылдаған ана үні естіліп, баласынан айырылған ана мен әкесінен айырылған бала, қанды шайқас арасындағы батырларымның күресіп жатқан бейнесі елестейді. Сол кезде соғыста болмасам да, қиындықтың ащы дәмін татып, азабын сезінгендей боламын. Міне, мен жай ғана "соғыс" дегенді көз алдыма келтіріп, батырлар сезінген сезімді сезініп көрдім денем түршігіп кетті, ал нағыз сол соғыста болған жағдайда қайтер едім? Бәлкім мен сезінгеннен де, мен ойлағаннан да жаман шығар. Еңбектеген баладан еңкейген шалға дейін үреймен өткен күндер, баласын соғыстан аман-есен келеді-ау деген үмітпен күткен ана кімнің болмасын жүрегін елжіретері сөзсіз. Сол батырларым жасаған ерлік екінің бірінің қолынан келе қоймас. Олар жарқырап шыққан күнге жету үшін, ең бірінші азапты күндерден, қараңғы түнектен өту керек екенін түсіне білді. Әрбір түнен кейін күн шығатынына кәміл сенімді болды. Отан деп соққан жүректерінде кішкене болса да үміт шырағы жанып тұрған еді. Сол үміт шырағы лаулап, күні бүгін жеңістің тәтті дәмін татыруда. Олардың жүрегіндегі үміт ақталып, жеңіс туын желбіреткендеріне қатты қуанамын. Бауыржан атамыз бен Мәншүк апамыздың ұрпағы болғаныма болғаныма мақтанамын. Мақтанып қана қоймай жалындаған соғыспен арпалысқан ерліктерін жадымнан еш уақытта шығармаймын. Қазағымның батырлары соғысқа қатсысып қана қоймай тайсалмайтын, алған бетінен қайтпайтын ержүректілігімен жеңіске үлкен үлес қосты. Ұлы Отан соғысынан алты жүз он мыңдай қазақстандық қаза болған. Әрине бұл санақ шамамен алғанда бұдан көп болуы да ғажап емес. Мен соғысқа қатысқан батырларымның есімдерін жадымда сақтай алмасам да, олар жасаған ерлікі, олар жасаған жеңісті жадымда мәңгі сақтай аламын. Сіздердің қауіпке бекерден бас тікпегендеріңіз, Отан үшін жасаған әрбір қадамдарыңыз тарихқа осы бір соғыстың өшпестей із қалдырғаны сияқты менің де жадыма сіздер жасаған ерліктер өшпестей із қалдырды.
...