Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу және индустрияландыру мәселесі бойынша пікір-таластар
Автор: zhanbota98 • Январь 20, 2018 • Курсовая работа • 5,779 Слов (24 Страниц) • 2,656 Просмотры
Жоспар
I.Кіріспе...................................................................................................................3
II.Негізгі бөлім
2.1.Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу және индустрияландыру мәселесі бойынша пікір-таластар..........................................................................7
2.2.Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері...........................10
2.3.Қазақстандағы индустрияландырудың барысы мен сипаты.....................................................................................................................142.4.Индустрияландыруды жүзеге асыру, Қазақстанға тигізген әсерлері мен ерекшеліктері.........................................................................................................15
2.5. Индустрияландыруға бағыт алудағы қиыншылықтар................................17
2.6.Индустрияландырудағы жұмысшылар еңбегі мен индустрияландыру саясатының тарихи маңызы..................................................................................19
III.Қорытынды.....................................................................................................20
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................21
І. Кіріспе
Индустрия (лат. isdustria – ынта,жігер) - халық шаруашылығының өндіргіш күштерге және қоғамның экономикалық дамуына ықпал ететін аса маңызды саласы. Әр елдің даму қарқыны оның индустриясының даму дәрежесіне байланысты. Индустрияның дамуы өндіруші салалардың қатар дамуына, соңғысының алдыңғы шепте болуына байланысты. Ресейде индустрия XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында дамыды. Қазан төңкерісінен кейін Кеңес Одағында тоталитарлық режим халықтың басым көпшілігінің тұрмыс деңгейін күрт шектеу, шаруаларды қанау есебінен индустрияландыру саясатын жүргізді. Қазақстан осы кеңестік дәуірде аграрлы-индустриялы елге айналды.
1920 жылдардың бірінші жартысында елде Кеңес өкіметі толық орнатылды. Оның мемлекеттік органдары мен әкімшілік жүйесі қалыптасты. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы құрылып, оның негізгі заңы – кеңестік Конституция қабылданды. Азамат соғысының нәтижесінде қираған халық шаруашылығы қалпына келтірілді. Сондықтан да 1920 жылдардың ортасында Кеңестер Одағында социализм орнатудың доктринасы іске асырыла бастады. Ол үш үлкен міндетті: индустрияландыруды, ұжымдастыруды және мәдени революцияны қамтыды. Соның алғашқы қадамы индустрияландыру жайлы сөз қозғамақпыз.
Қазақстанды индустрияландыру жөнінде сөз еткенде оның Ресей тарихымен етене байланысын айту керек. Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-бесжылдығымен (1928-1932жж.) қатар келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.
Бірақ та, республика индустриясы КСРО-да социализмнің экономикалық ірге тасын қалауға, Совет мемлекетінің технико-экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, оның қорғанымпаздық қабілетін нығайтуға елеулі үлес қосты.
Тақырыптың өзектілігі. Әр елдің даму қарқыны оның индустриясының даму дәрежесіне байланысты. Сондықтан экономикасы озық елдерді индустриясы дамыған елдер қатарына жатқызады. Ресейде индустрия ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында дамыды. 1920 ж. 20 жылдардың аяғынан бастап Кеңес Одағында тоталитарлық режим халықтың басым көпшілігінің тұрмыс деңгейін күрт шектеу, шаруаларды қанау есебінен индустрияландыру саясатын жүргізді. Қазақстан осы кеңестік дәуірде аграрлы-индустриялы елге айналды.
Қазақстандық экономиканың шикізаттық бағыты, оның құрылыстағы көптеген кемшіліктері мен олқылықтары, сондай-ақ демографиялық проблемалар, ұлтаралық қатынастар, әлеуметтік топтар мен таптардың даму проблемалары бүгін күні туындаған жоқ. Бұл проблемалардың алғы шарттары ұзақ жылдар бойы, яғни Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейінгі жылдары, әсіресе елді индустрияландырумен тікелей байланысты кеңестік кезеңде қалыптасты.
Қарастырылып отырған кезеңде индустрияландырудың жетекші саласы ұсақ өндіріс орындары болды. Олар негізінен тұтыну заттары мен мал өнімдері шикізаты және егіншілік азық-түлігін дайындайтын кәсіпорындар еді. Ал көмір, мұнай, түсті металлдар және басқа да пайдалы қазба көздері енді зерттеле бастаған-ды. Осылайша елдегі жаңа құрылыс еш даярлықсыз жүргізілді. Бұған білікті жұмысшылардың, сондай-ақ құрылыс материалдарының, техника, механизмдердің және қаражаттың жетіспеушілігі қосылды.
...