Қазақстандағы 1921-1922 жж. 1931-1933 жж. аштықтар: құжаттар, статистикасы, ақпарат
Автор: kuat04 • Октябрь 25, 2021 • Реферат • 1,622 Слов (7 Страниц) • 547 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті: “Физика-техникалық факультеті”
Кафедрасы: “Қатты дене физикасы және бейсызық физика”
СӨЖ
Тақырыбы: “Қазақстандағы 1921-1922 жж. 1931-1933 жж. аштықтар: құжаттар, статистикасы, ақпарат”
Орындаған: Тынысбек Асылбек
Тексерген: Козгамбаева Г.Б
Қазақстандағы 1921-1922 жж, 1931-1933 жж. аштықтар; құжаттар, статистика, ақпарат
Жоспары:
- Кіріспе
- Қазақстандағы 1921-1922 жж, 1931-1933 жж ашаршылық
- 1921-1922 жж ашаршылық сипаты, себептері мен оның зардаптары
- Ашаршылықты жеңу үшін күрес
- 1931-1933 жж ашаршылық жане жазылған кітаптар
- Қорытынды
1921-1922 жылдардағы ашаршылық Кеңес елінің басына түскен ауыр сынақ . Сол жылы көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылық болды. Оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін қамтыды. Бұл кезеңдеаншама азаматтарымыз аштықтан көз жұмып, ай далада көмусіз қалды. Бір үзім нанға зар болып, қолын жайып, қайыр тілеп, ауыл-ауылды аралап, босып шет жұртқа кете барды. 1921 жылдың аяқ жағына қарай бүкіл ел бойынша 20 млн адам аштыққа ұшырады.
Себептері
Ашаршылық тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның басқа да себептері болды. Аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде және соғыс пен әскери қоршаудың себептері де әсер етті. Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты болды.
1921 жылғы тамыздан бастап Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне енді. 1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-інің жеті губерниясының бесеуі аштыққа ұшырады.
Мәліметтер
1922 жылдың наурыз және сәуір айларындағы мәліметтер бойынша алты губерния тұрғындарының 68,2%-ы ашықты. Кейбір губернияларда ашыққандар саны орта көрсеткіштен де асып кетті. Мәселен, Орал губерниясында тұрғындардың 99%-ы, Орынбор губерниясында -80,3%-ы, Қостанай губерниясында 74,5%-ы ашықты.
Кирстатбасқарма Наркомземмен және Наркомпродпен жұмыс істеу барысындағы мәліметтері бойынша, ашаршылық бес провинцияны және ауданы 1 048 100 десятина болатын бір тәуелсіз уезді қамтыды, онда 2 653 340 тұрғын тұрды.
Осы бойынша республика халқының жартысына жуығы аштыққа ұшырады, сол кезде 4 781 263 адам өмір сүрді.
Ашаршылықпен күрес
1922 жылы КазАКСР-інің партия ұйымдары мен кеңес органдарының барлық жұмысы мен міндеттері ашаршылықпен күреске бағытталды. Ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 1922 жылдың ортасына қарай 777 000 нан аса адамды тегін тамақтандыру мүмкіндігі туды.
1922 жылдың көктемгі тұқым себу кезінде Қазақстанның аудандары тегін көмек ретінде 907 000 нан аса пұт тұқымдық астық алды. Сонымен қатар қаңғып қалған балаларға ерекше назар аударылды. Аштық болып жатқан барлық губернияларда бөлімнің жергілікті органдары ұйымдастырылды. Осы ұйымдардың арқасында 1922 жылы республиканың 5 губерниясында аш және қараусыз балаларды тамақпен және киіммен тегін қамтамасыз ететін 575 балалар үйі мен 9 станция пайда болды. Ресей Федерациясының жағдайы қанағаттанарлық деп есептелген кейбір губернияларына 18 000 нан аса қаңғып қалған балаларды тиеген 16 әскери-санитарлық поезд жөнелтілді.
...