Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы 1921-1922жж,1931-1933жж аштықтар

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Реферат  •  2,913 Слов (12 Страниц)  •  675 Просмотры

Страница 1 из 12

    Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

      Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті [pic 1]

Факультеті:»Ақпараттық технологиялар»

Мамандығы:»Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері »

                                            СӨЖ

 Тақырыбы:''Қазақстандағы 1921-1922жж,1931-1933жж аштықтар"

Орындаған:Қайрат Ақнұр Қайратқызы

                                                                                                   

Тексерген:Козгамбева Гульнар

                                                                                                           

                                                                                                       

                                                                                   

                                          Алматы 2021жж

                                                             

Жоспары:

1.Кіріспе

Ашаршылық жылдарындағы Қазақстан

2.Негізгі бөлім

а) Ашаршылықтың қазақ халқына тигізген зардаптары

б)1931-1933 жылдардағы қазақ мемлекетінің ахуалы

3.Қорытынды

4.Пайдаланылған әдебиеттер

        « Қазақстандағы 1921-1922жж,1931-1933жж аштықтар"

      Кеңес дəуірі кезінде Қазақстанда алапат ашаршылықтар болып, халқымызды жер бетінен біржолата құртып жібере жаздады. Соның ішінде екі үлкен əлеуметтік апат еліміздің мəңгі есінде сақталып қалды.  Адамзаттың өміріндегі қиыншылық кезеңдердің бірі – ашаршылық. Мұндай ауыр жағдай қазақ халқының өміріне де өз кесірін тигізбей өтпеді. Көшпелі қазақ жұрты күшті жұт жылдары болмаса, өзінің өткен тарихында ашаршылыққа сирек ұшыраған болатын. 1921-1922, 1930-1933 жылдары болған ашаршылық қазақ есінде ауыр қасірет болып қалмақ. Олай дейтінім, сол жылдары болған ашаршылық салдарынан  қазақ саны бірнеше миллионға кеміп, көбіне әйелдер мен балалар қырылып қалғандықтан, демографиялық жағдайға да айтарлықтай  зардабын тигізді. Бұған себеп біріншіден - табиғи жағдай болса, екіншіден  - адамзаттың қолымен жасаған қастандығы, яғни сол замандағы патша үкіметінің шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою амалдары, ауылшаруашылық өнімдеріне салынған бас көтертпес салықтары болатын. Ұлтымыз алапат аштықтың зардабын тартып, орны толмас шығынға ұшырады. Шектен шыққан ұжымдастыру науқаны Ұлы даланы бұрын-соңды болмаған ауқымды гуманитарлық апатқа ұрындырды. Ашаршылық қазақ халқының дамуын 110 жылға кейін шегерді. «Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама» дейді қазақ. Бірнеше жыл қатарынан орын алған, дүркін-дүркін қайталанған ашаршылық зұлматынан ұлтымыздың əбден сансырағаны анық . 1921-1922 жылдардағы аштық қазақ халқының басына түскен аса ауыр нәубет  Сонымен Қазақстандағы 1921-22 ж.ж. ашаршылықтың шығуына екі себеп, яғни Ресейдегі азамат соғысының кесірінен қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы және табиғи апат, қолайсыз ауа-райының салдарынан туған жұт әсер етті.  Қаншама азаматтарымыз аштықтан көз жұмып, ай далада көмусіз қалды. Бір үзім нанға зар болып, қолын жайып, қайыр тілеп, ауыл-ауылды аралап,  қала көшелерінде тентіреп, босып шет жұртқа кете бардыҚазақ жерінде аштыққа ұшыраған Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары мен Адай уезінің жағдайы аса ауыр болды. Бұл өңірлер осы уақытқа дейін де көп қиыншылықты бастан кешірген еді. Кеңестік жүйе орнағанға дейін патша үкіметінің қыспағын көрген, жерінен айырылған, отарлаушыларға кіріптар болса, ал азамат соғысы кезінде ақтар мен қызылдардың қанды қылышына ілікті.Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды.1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты.Қыста қардың,көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылық ты,оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Есіл бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921 жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. “Ашаршылық,-делінді үндеуде,- тек құрғақшылықтың нәтижесі емес ,оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі деңгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде,бұл және соғыс пен әскери қорғаудың,сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанының да салдары”.Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген,халық шаруашылығына ,әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген “әскери коммунизм “ саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады.Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды.Орал,Орынбор,Қостанай,Бөкей,Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шыққан қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап қалды.Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындық тар толықтай күйіп кетті.Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты.Шұбалаң ,Майқара,Сарықопа және басқа болыстарда зардап шекті.Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді. Аштықпен бірге сүзек,тырысқақ ,оба,діңгене және басқа аурулар да қатар келді. Жұқпалы аурулармен ауырған адамдардың саны республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті.Аштық пен қайыршылық күй, эпидемия, ауруханалардың жетіспеушілігі,осының бәрі аурулар арасындағы өлімнің санын көбейтіп жіберді. Мысалы,Қостанай губерниясында аштан және аурулардың 75%-ға жуығы көз жұмды.Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал,Ақмола және Ақтөбе губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі аралығында 37657 адам ашаршылық құрбаны болды. Ата-анасы көз жұмып,қараусыз қалған балалардың күн сайын 50-60-ын жергілікті өкімет органдары балалар үйлеріне бөлді. Егер 1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш -жалаңаш балалар саны Қазақ АКСР-і бойынша 128000 болса ,осы жылдың соңында бұл көрсеткіш 158000-ға ,ал 1923 жылғы 1 наурызға қарай 408022-ге жетті.Қаз ОАК-нің Төрағасы С.Мендешоевтың 1922 жылғы 8шілдеде ҚазОАК-нің III сессиясында жасаған баяндамасында осы жылдың көктемінде алынған толық емес деректер бойынша Қазақстан бойынша аштыққа ұрынғандар саны 2832000 адамды құраған.Ал 1920 жылдың соңында республиканың барлық тұрғындарының саны 4781263 адам еді.Оның 50,3%-ы -қазақтар,31,2%-орыстар,14,4%-ы-украиндар болатын.Республиканың ашаршылық жайлаған губернияларының тұрғындары жан сауғалап өз еріктерімен оңтүстікке -Түркістан республикасына, шығыста -Ақмола және Семей  губернияларына қарай басты.Мұның өзі Қазақстандағы жағдайды одан әрі күрделендіріп жіберді.

...

Скачать:   txt (37 Kb)   pdf (162.6 Kb)   docx (42.7 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club