Қазақстандағы «қайта құру» саясаты
Автор: Erik017 • Сентябрь 16, 2021 • Реферат • 867 Слов (4 Страниц) • 1,461 Просмотры
Астана Халықаралық Университеті[pic 1]
БӨЖ
Пәні: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Тақырыбы: Қазақстандағы «қайта құру» саясаты
Дайындаған: Турмаханов Е.С.
Қабылдаған: Ускембаев Қ.С.
2020 жылы
Сұрақтар:
1.КОКП ОК-нің 1985 ж. Сәуір Пленумы. «Қайта құру» саясаты: болмысы және негізгі кезеңдері
2. Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы және оның салдары
3. 1985-1991 жж. Қазақстанның қоғамдық-саяси және экономикалық өмірі
4. КСРО күйреуі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы
5. Қазақстандағы қайта құрудың қорытындылары: жағымды және жағымсыз жақтары
Жауаптары:
- 1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: қайта құру, жариялылықты жеделдету. Горбачевтің қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП ның 27 съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді.
Қайта құру бағыты мемлекетті сол кездері алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстың өрбуіне себеп болды.КСРО дағы жағдай күннен күнге қиындай берді.Экономикалық дағдарыстар өрши түсті.Тауардың бағасы күрт өсті,ақша құнсызданды.Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.Алайда, бұл шаралар жүзеге аспады, жәй ғана сөз ретінде қалды.Ал іс жүзінде елде қақтығыстар өрбіді.
- 1986 жылғы “Желтоқсан оқиғасына” орталықтың өктемдік әрекеттері демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар (қақтығыстар) мен шовинистік саясат және тағы басқа қалыптасқан жағдайлар наразылыққа шығудың басты себептері болды. Желтоқсан оқиғасының басталуын тездеткен 1986 жылғы 16 желтоқсанда Қаз Компартиясы орталық Комитетінің 5-ші Пленумы болды. Пленумда Разумовский ұсынысымен Қазақстанды ұзақ уақыт басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, оның орнына қазақ жеріне жат , республика халқына бейтаныс В.Колбин тағайындалды.Ел басшысын ауыстыру пленумы бар болғаны 18 минутқа созылды.Орталықтың бұл әрекеті қазақ халқын елемеушілік болды.Және бұл ғана себеп емес, сол кездегі елдегі дағдарыстар , экономиканың күрт төмендеуі,ақшаның құнсыздануы себеп болды. Желтоқсан оқиғасының басым көпшілігі студенттер,жастар болды.
1986 жылы 17 желтоқсанында Алматыдағы Брежнев алаңында (қазірге Тәуелсіздік алаңы) біршама студенттер жиналып, күндіз 300 ге жуық,кешке 20 мыңға халық бас көтерді.Шеру бейбіт және саяси сипатта орын алды.Бюрократиялық жүйеге үйренген билік жастардың ойларын тыңдағысы келмей, олардың тез тарап кетуін талап етті.Шеруді тоқтату мақсатында Алматы гарнизоны, басқада әскери күштер көмегіне жүгінді.Тергеу камераларына, сыймағандарды қаланың сыртына әкеткендердің саны 8,5 мың адам болды. Шеруді аяусыз жаншыды, әйел-қыз, жас бала демей барлығын аяусыз суық күнде су шашып,сабады.Көптеген жастар оқу орындарынан,комсомолдан шығарылды.Сол сәттен бастап өрт қызметінде,басқару қызметтерінде,институттардан көптеген адамдарды жұмысынан босатып, орнына өзіне сенімді деген қолшоқпарларын қойды.Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ішінен Қайрат Рысқұлбеков,Ляззат Асанова,Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова секілді жастар жазықсыз өктем биліктің құрбандары болды. Қайрат Рысқұлбеков қамауға алынып,1988 жылғы белгісіз себептермен көз жұмады.Өзінің соңғы хатында “ Горбачев билігіне емес, сол алаңдағы қаракөз қыздарымыздың аяусыз жаншылып жатқанына қынжыламын” деген екен. Сол кездері “Желтоқсан оқиғасы” бұрмаланып, оларға “наркоман,алқаш,ұлтшылдар” деген айып тағады.Мақұл, 1000 немесе 10,000 адамға айып тақсын , бірақ, бүкіл қазақ еліне ұлтшылдар деген айдар тағады. Бұл жөнінде М.Шаханов Қаз КСР съезінде айқын айтады.
...