Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы тәуелсіздік идеяларының эволюциясы

Автор:   •  Сентябрь 20, 2018  •  Творческая работа  •  1,069 Слов (5 Страниц)  •  1,716 Просмотры

Страница 1 из 5

Студенттік өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина

Дисциплина: Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы

Кафедра:Қоғамдық және гумманитарлық пәндер

Курс: 1

Тақырыбы: Қазақстандағы тәуелсіздік идеяларының эволюциясы

Орындау түрі: кесте

Орындаған: 

Тобы: 

Тексерген: 

Ақтөбе 2018 жыл

Кіріспе:

Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихы – ол жасампаздық пен рухани күш – қайраттың , күрес пен табандылықтың  жылнамасы. Мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізу  Қазақстанның көпғасырлық тарихындағы заманға сай  мағызы бар оқиғаға айналды.Қазақстан тәуелсіздік алуға ықпал еткен оқиғалар. Қазақстанның тәуелсіздік алуы бұрынғы Кеғес қоғамында қалыптасқан ахуал қоғамдық жүйенің  күйреуінің , кеңестер одағының тарауы салдары нәтижесінде іске асты.

Жылдары

Негізгі оқиғалары

1905-1917 жж.

(ХХ ғ. Басындағы Қазақстан)

            Ресейде бірінші орыс революциясы .ХХ ғасырдың басында  Қазақстанда Ресей империясының отаршылдық езгісі күшейе түсті.Патша үкіметі бір халықты екінші халыққа айдап сала отырып, ұлт мәдениетінің дамуын тежеді.Елде таптық – қайшылық шиеленісе түсті. Басталған орыс соғысы, оның империалистік сипаты және орыс әскерлерінің жеңілісі халық арасында патшалық режимге назарылық туындады..Қазақстанның барлық қалаларын 17 қазандағы малифистке арнайы саяси шерулер мен жиналыстар жариялай бастады.Оларды орыстар және жергілікті зиялылар ұйымдастырды. Бұл күндері Оралда Қаратаев пен Сейдаллин, Қарқаралыда Байтұрсыновпен Ақбаев т.б. ерекше белсенділік көрсетті.Ұйымдасқан түрде болған Өскен, Нілді, Кенші бас көтерушілердің кейбір талаптары қанағаттандырды: жалақыны көтерді, 8 сағаттық жұмыс енгізілді т.б. Бірақ ереуіл аяқталғаннан кейін олардың басшыларын жазалау басталды. Қазақ шаруаларының бірінші революциялық аграрлық қозғалысы ұлт азаттық күресімен ұштасты. Қазақ халқының азаттық күресіне ХІХ-XX ғасырларда қалыптасқан қазақ зиялылары үлкен үлес қосты. Олар, атап айтқанда, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқалар еді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді 1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды. «Қазақ» газеті шықты.Қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі болды. Бірінші Жалпықазақ съезді болып өтті. «Алаш» партиясы құрылды.

Қазақстандағы кеңестік құрылыстың қалыптасуы мен орнығуы кезеңі

(1918 – 1935жж).

        Қазақстан аумағында азамат соғысы болды. Қырғыз АКСР-і құрылып, ол кейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасына айналды. Оңтүстік Қазақстан Республика құрамына қосылды. ЦИК КАССР  шешімі бойынша астана Орынбордан Ақмешітке (Қызылорда) ауыстырылды. Голощекин Қазақстанда Кіші Қазан революциясын ұйымдастырды. Ұжымдастыру мен индустрияландыру саясаты орын алды. Қолдан ұйымдастырылған аштық пен ұжымдастыру нәтижесінде 2,5 млн қазақ қырылды.

Сталиндік – тоталитарлық Қазақстан (1936 – 1941жж.).

       Қазақстан одақтас республика мәртебесіне ие болды. Қазақ интеллигенцияның жалпы қуғындалуы болды. Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Құтжанов, О.Исаев, Ж.Садуақасов, Т.Жүргенов және т.б. «тыңшылық қызметі» және «ұлттық фашишизм» деген айыппен айыпталса, ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты ғалымдарды ату жазасына, ал олардың отбасыларын қуғын-сүргінге ұшыратты. Оларға тағылған айып негізсіз болды.

Ұлы Отан соғысындағы Қазақстан (1941 – 1945 жж)

      Ұлы Отан соғысы жылдары: 1,2 млн адам майданға жіберілді, 700 мың адам тыл жұмыстарында, 400 мың қазақ соғыста қаза тапты. Мұның өзі ауыр қасірет еді.

ХХ ғасырдың ІІ жартысыдағы реформалар кезіндегі Қазақстан (1946 – 1954жж)

       Соғыстан кейінгі кезеңде соғыс кезеңіндегі гитлерлік лагерьлер мен партизан отрядтарында болған жүз мыңдаған кеңестік соғыс тұтқындары қуғын-сүргінге ұшырады. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңі басталды. Негізінен тың игеру Қазақстанды әлемдегі ірі астық өндірушілердің біріне айналдырды, сонымен бірге мал шаруашылығының дағдарысына алып келді деп айтуға болады. Сонымен қатар тың игеру жылдарынан Қазақстанның экологиялық апаттары мен демографиялық қарама – қайшылықтарыөз бастауын алды.Сталин өлгеннен кейін СОКП ОК бірінші хатшысы болып тағайындалған Н.С.Хрущев реформа жасауға талпыныс жасау және демократиялық идеяларды ойлап тапты.Ол кезең «Хрущевтік жылымық» деп аталады.Ол ең алдымен саяси режимнің әлсірегенін білдіреді.Қазақстанда бірқатар ірі өндірістік құрылыстар салына бастады.Теміржолдар жүйесі жақсы дамыды.

Тоқырау жылындағы Қазақстан (1965 – 1985 жж)

         КСРО да экономикалық реформалар басталды.

ОК-І Пленум өткізіп, онда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жағынан ынталандыруға көңіл бөлінді.Экономиканы әміршіл-әкімшіл басқару әдісі материалдық ынталандыруды жоққа шығарып, экстенсивті даму, мемлекеттік меншіктің үстемдігі, жұмыс-шыларды өнеркәсіп қүралдарынан алшақтату, орталықтың билеп-төстеу жағдайына алып келді. халықтың нақты табысы төмендеп кетті. Халық тұтынатын тауарлар тапшылығы өсіп, күні бойы дүкендерде кезекте тұру дағдыға айналды.КСРО сыртқы саясатта халықаралық беделін нығайту және Ауғанстанда саяси үстемдік орнату мақсатында Ауғанстанға Кеңес әскерін кіргізді.

Қайта құру кезеңіндегі Қазақстан(1985 – 1990 жж).

         КОКП ОК Пленуммында М.С.Горбачев «қайта құру саясатын жариялайды.Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады.Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.

Желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды. Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.Желтоқсан оқиғасына кейін басталған саяси қуғын-сүргін арада жеті ай өткенде Мәскеуде қабылданған «қазақ ұлтшылдығын» айыптайтын арнайы қаулыға ұласты. Қаулы шығардан бір ай бұрын, маусымның 16-сына Желтоқсан оқиғасына бойынша қылмыстық айыппен сотқа тартылғандардың бірі Қайрат Рысқұлбеков ату жазасына кесілген еді.

1990 – 1995 жж

        Қазақ жастарының егемендік алу мақсатында құрған «Алаш», «Азат», «Желтоқсан»сияқты партияларыкөбейе бастады.«Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.Егемендің туралы деклорация қабылданып, Қазақстан өз тәуелсіздігіне ие болды.Тұңғыш рет жалпыхалықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Президентін сайлау рәсімі өткізілді. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпшілік дауыспен жеңіске жетті.Қазақстанның Туы мен Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұраны бекітілді. Ұлттық валюта - теңге енгізілді.Алғашқы Конституция қабылданды.

Тәуелсіз Қазақстан дәуірі (1995 жылдан басталады).

        ҚР екінші Конституциясы қабылданды.Сенат (әр облыстан екі дипутаттан) және Мәжіліс (67 дипутат) Парламенті дипутаттарының сайлауы өтті.Призиденттің «Қазақстан – 2030» бағдарламасы жариялады.Астана Ақмола қаласынан Астана қаласыана өзгертілді.Дүние Жүзі қазақтарының екінші құрылтайы болды.Ядролық қауіпсіздік туралы Саммит өтті. «Қазақстан -2050», «Рухани жаңғыру», «Жүз нақты қадам», «Үш тілдік жүйе» қалыптастырылды.

...

Скачать:   txt (15.6 Kb)   pdf (197.2 Kb)   docx (16.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club