Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы демократиялық жаңғыру үрдісі

Автор:   •  Ноябрь 15, 2018  •  Реферат  •  6,088 Слов (25 Страниц)  •  2,890 Просмотры

Страница 1 из 25

Жоспары

Кіріспе……………………………………………………………………………...3

I.Қазақстандағы демократиялық жаңғыру үрдісі……………………………….5

1.1. Демократиялық жаңғырудың жаңа белесі………………………………5

II. Рухани жаңғыру – Қазақстанның үшінші жаңғыруының негізі…………...12

    2.1. Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар……………………………………………………………………………..12

    2.2. Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру………………………………………………………………………….21

Қорытынды………………………………………………………………………22

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………...23


Кіріспе

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейін  ұлттық тарихты зерттеу ісінде шешуші маңызды қадам жасалды . Еліміздің көптеген жылдар бойы кеңестік тоталитарлық басқару жүйесіне тәуелді болып келген, халқымыз өзінің  тарихи өткенін ұмытуға мәжбүр болған, оның өскелең ұрпағы  өзінің туған тілінде еркін сөйлеу , ұлттық дәстүрлер мен салт-ғұрыптарды сақтау мүмкіндігінен айырылған кезде, саяси – экономикалық және әлеуметтік – мәдени өмірінің қазіргі кезеңінде орын алған түбегейлі өзгерістер, ақыр соңында , өз отандық  тарихымызды жан-жақты, кең түрде қолға алып зерттеуімізге жағдай туғызды. Осындай бетбұрыстың нәтижесінде тарихымыздың көптеген мәселелерін қайта қарау қажеттігі туып, жаңа сипаттар ала бастады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы – ол отанымыздың тарихының аса маңызды бөлігі және жалғасы. Шынайы тәуелсіздік жолында Қазақстан әзірше аса ұзақ уақыт емес – жиырма алты жылды қамтыған жолдан өтті.Алайда осы салыстырмалы қысқа уақыт аралығында мемлекетіміз нарықтық экономикаға өтуді іске асырып, күрделі әлеуметтік оқиғаларды басынан өткерді. азақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық дамуынан кейінгі кезеңде демократиялық жаңғырулардың жаңа белесіне аяқ басып отыр. Бұл ретте Президенттің өкілеттіктерінің бір бөлігі Үкіметке беріліп, Парламенттің рөлі күшейтілуде. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл дана шешімі Үкімет жұмысының тиімділігін арттыруға, қоғамдағы келісімді нығайтуға септеседі. Қазақстан – Орталық Азия­дағы шетелдік инвестиция үшін ең тартымды ел. «Астана» халықаралық қаржы орталығы құрылуда. Жақын болашақта Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосыларына сенімдімін. Қазақстан басшылығының әлемдегі дамыған ел­дің көбінде қабылданған демократиялық нормаларға сәйкес, саяси жүйесін реформалау бойынша шешімі ең жоғары бағаға  лайықты прогрессивті қадам. Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша шаралар қабылдап, сот жүйесін жетілдіріп жатқанын білеміз. Менің ойымша, Қазақстан Президентінің Жолдауы демократиялық дамуға, әл-ауқатқа және экономикалық өсімге ұмтылған ауған халқы үшін де үлгі өнеге болып саналады.


I.Қазақстандағы демократиялық жаңғыру үрдісі

1.1. Демократиялық жаңғырудың жаңа белесі

Қазіргі таңда Қазақстанда болып жатқан саяси өзгерістер қоғамның демократиялық даму үрдісіне әсер етіп,ерекше реформалық жолмен өркендеуіне мүмкіндік беріліп отыр. Осы демократиялық жаңғыру үрдісінің кейбір өзіне тән ерекшеліктеріне тоқтала кетейік. Бірінші ерекшелік – Қазақстандағы демократиялық дамудың игі бастамасында үкіметтік құрылымдар басты рөл атқаруда. Басқаша айтқанда, ол атқарушы биіктің қызығушылығымен «жоғарыдан» жүргізіліп отыр. Ол алғашқыда күшті әсер қалдырғанымен, біртіндеп бәсеңдей бастады. Ал азаматтық қоғам қазірге дейін бұған самарқау қарап келді. Екінші ерекшелік – еліміздегі бұл демократиялық даму атқарушы билік топтарында айрықша орын алғанымен, сот құрылымы жүйелерінің өкілеттілігі шектеулі болды. Үшінші ерекшелігі – республикамыздағы саяси реформалардың қаржылық қамтылуы экономикалық даму үрдісіне ілесе алмай қалды. Мемлекеттік билік жүйесін реформалау барысын алатын болсақ,Мемлекеттік билік жүйесін реформалау барысын алатын болсақ, 2001 жылы «Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы билік туралы» Заң қабылданды. Бұл заң жергілікті билік өкілдеріне белгілі бір дәрежеде құқықтық мәртебе беріп, өкімет орындары мен жоғарғы атқарушы билік пен жергілікті атқарушы биліктің аражігін ашып береді. Осы кезеңде төменгі атқарушы билік – ауыл әкімдерін сайлау арқылы тағайындаумен сипатталады. Атап айтатын болсақ, 2001 жылы бірнеше ауыл әкімдері тәжірибе ретінде сайланды. Сондай- ақ, осы кезеңдердегі құқықтық реформалардың маңызды бөлігі ретінде 2002 жылғы Елбасының халыққа Жолдауынан көрініс тапты. Мұнда әсіресе, қылмыстық жазаларды ізгілендіру мәселесі мен түзету мекемелеріндегі азаматтардың хал- жағдайына баса назар аударады. Соңғы жылдардағы бұл үрдістердің қарқынын теңестіру үшін саяси реформалар жасау қолға алына бастады. Демократиялық жаңғырудың Қазақстандағы төртінші ерекшелігі Әкімшілік жүйе өзгерісінің мемлекеттің қоғам дамуындағы кейбір қажетті шараларға әсері байқала бастады. Әсіресе, мемлекеттің қоғамның, оның ішіндегі жеке салаларға белгілі бір салаларға белгілі бір деңгейде билік бере бастағаны байқалады. Бұл құқықтық мемлекет құруға талпынған игі әрекетіміз екендігі деп түсіндіреміз. Бесінші ерекшелік – мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік даму алғышарттарының кезең- кезеңімен жүзеге асырылуы. Еліміздегі саяси тұрақтылық нәтижесінде бұл жаңғыртулар кезең- кезеңімен жүзеге асырыла бастады. Бұрынңы тоталитарлық жүйе мен демократиялық қайта жаңғыру процесі арасындағы бұрын мұндай қиыншылықтарды бастан кешірмеген Қазақстандық саяси жүйе осындай кезеңдерден өтуге мәжбүр болады. Бұл кезеңге тән игі қадам ізгілендіруді жаңғыртуда бұқаралық ақпарат құралдары қызметін жетілдіру болып табылады. Мемлекет басшысы жанынан Ұлттық кеңес пен бұқаралық ақпарат құралдары кеңесі орталығы құрылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. 2003 жылы Елбасы жолдауындағы мына мәселелер Қазақстанды демократиялық жаңғыртудың нақты көрінісі болып отыр:                                                                                     1. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру. Әсіресе, мемлекеттік басқару мен бюджетаралық жүйелер аражігін ажыратып, міндеттері мен құзыреттілігін айқындау.                                                                                                                  2. Елдегі сайлау жүйесін жетілдіру, оның ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету.                                                                                                       3. Азаматтық қоғам институттарын құрып, бекіту.                                              4. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы демократиялық жолмен дамытудағы рөлін күшейту.                                                                                   5. Құқық қорғау органдары мен сот жүйелерінің азаматтардың бостандығы жолындағы бағытын жетілдіру.                                                                          Қазақстан үшін өз мемлекетті атрибуттарын қалыптастыруда Кеңес Одағынан қорланып қалған мәселелерді шешуге, оның бодандық элементтерін жойып,тәуелсіз ел ретінде XXI ғасыр өркениетіне қадам басу оңай болған жоқ. Еліміз тәуелсіздік алған соң,мына мәселелерді мемлекеттік және халықаралық деңгейде шешуге тура келді:                                                 1. Егеменді елдің негізгі рәміздерін қалыптастырып, бекіту;                                     2. Демократиялық үрдістерді жетілдіру;                                                                   3. Этникалық топтар арасында бірлікті сақтау, жеткізу, демократиялық жаңғыртуларды бастау;                                                                                            4. Елдің тиімді сыртқы саясатын айқындау;                                                              5. Экономикалық- әлеуметтік дамудың қазақстандық үлгісінің заңдылықтарын қалыптастыру;                                                                                     6. Бүкіл әлемде және ТМД мемлекеттерінде жүргізіліп жатқан интеграциялық үрдістерді қалыптастырып, дамыту.                                          Президент Н.Ә.Назарбаев халыққа өз жолдауында демократияландыру және құқық қорғау жүйесіндегі кемшіліктерді атап көрсете келіп,былай деді:            

...

Скачать:   txt (66.6 Kb)   pdf (253.2 Kb)   docx (28.5 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club