Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Қазақстанағы аштық, 1921-1922жж: құжаттар, статистика, ақпарат» деректері бойынша контент талдау

Автор:   •  Ноябрь 8, 2021  •  Реферат  •  2,275 Слов (10 Страниц)  •  682 Просмотры

Страница 1 из 10

«Қазақстанағы аштық,  1921-1922жж: құжаттар, статистика, ақпарат» деректері бойынша  контент  талдау.

Қазақ халқы үшін  тəуелсіздігімізді алған жылдардың ішінде  Қазақстан тарихнамасында күрделі болып келген тақырыптарды ақиқаттық тұрғыдан ашып көруге, шынайы баға беруге мүмкіндік туды.   Академик М. Қ. Қозыбаев “Қазақ халқы босағасы берік, шаңырағы биік мемлекет болған екен, ендеше, оған өзіне лайық тарихы да жазылуы қажет”- деуі Қазақстан халқына 70 жыл бойы кеңестік жүйе идеологиясында болып бұрмаланған ата тарихымызды қайтадан ой елегінен өткізіп, жаңаша көзқараспен зерделеу жүргізу қажет екендігін білдіреді. Ауа райының аса қолайсыз құбылыстары, атап айтқанда, қуаңшылық, жерді көк мұз басуы т.б. салдарынан болатын экономикалық күйзелісті ежелгі қазақтар жұт деп үрейленген. Қазақ «жұт - жеті ағайынды содырмен сегіз, салақпен тоғыз, олақпен он» деген сөздер де ертеден келе жатыр. 19 ғасырда қазақ даласында 20 ірі Жұт тіркелген. Міне, осындай дүркін-дүркін Жұттан аман қалған қазақ, большевиктер билікке келгеннен кейінгі жағдайда оған төтеп бере алмады. Оның басты себебі, жұмысшы мен шаруаның одағына негізделген пролетариат диктатурасының орнауы еді. Бұл төңкеріс бастапқыда «әлемдік социализм» теориясына сәйкес Ресей империясына «тәжірибе» ретінде енгізілгенді. Кеңес өкіметінің 1920 жылдан басталатын дербес билігі 1930 жылдары тоталитаризм (лат. totalis - тұтастай, түгелдей) жүйесін туғызды. «Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшырайды. Оның тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэдун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режімі кезінде, сондай-ақ фашистік Италияда Б.Муссолини және Германияда А. Гитлер тұсында орнады» /«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы, 2006. - 704 б.-Т.8.- Б.458/.

Тоталитаризм орнаған КСРО-да 1920-30 ж.ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары мен ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру саясаты жүзеге асырылды. Нәтижесінде қазақ халқы алапат ашаршылыққа ұшырап, жаппай босқыншылықты бастан өткерді. Кеңестік тоталитаризм зиялы қауым өкілдерін ұлттық саяси ұстанымдарына орай «тап жаулары», «жат пікірдегілер» және «әлеуметтік қауіпті элементтер» ретінде қудалады. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әбілов, М.Тынышбаев, Т.Рысқұлов т.б. Алаш арыстары тоталитаризмнің құрбаны болды.

XX ғасырдың басында ашаршылық қазақты үш рет айналып соқты. Алғашқысы 1917-1919 жылдардың аралығында болды. Кеңес Одағы құрылуының алды-артындағы соғыс пен малының талан-таражға түсуі – көшпелі халықтың аштыққа ұшырауына себеп болған. Екіншісі – 1921-1922 жылдары, Кеңес Одағында болған құрғақшылықтан мал қырылып, қазақтар жиі қоныстанған облыстар тағы ашаршылыққа ұрынады. 1921-1922 жылдардағы аштық кезiнде өлгендердің саны 1 млн 700 мың адам (ашыққандарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы Мұхтар Әуезовтің мәліметі бойынша). Үшіншісі – 1932-1933 жылдардағы Кеңес Үкіметінің қазақ ұлтын жойып жіберу мақсатында ұйымдастырған ашаршылығы. Одақ басшысы Сталин бастаған орталық билік Голощёкинді Қазақстанға басшылыққа жіберіп "кіші қазан" төңкерісін ұйымдастырды. Салықшылар халықтың қолындағы бар мал мен астықты тартып алды. 1929 жаздағы санақта тіркелген 40 млн-нан астам малдан 1933 жылы жазда 4 млн бас қалған. Жеуге тамақ қалмай, ауыр апатқа ұшырап, миллиондаған адам өлді және босып кетті. Үкімет босқан халыққа көмек берудің орнына қырылуына жол берді, тіпті емдеуге тиым салды. Қазақ халқының 60-80 пайызы жойылып кетті.

1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады. Бұл ашаршылық қазақ халқында айналып өткен жоқ. Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. ОралОрынборҚостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді. Ашаршылық отырықшы аймақтарды да қамтыды. 1921 жылғы ақпан-наурыз айларында Қостанай губерниясындағы Исаев-Дедов аудандық кеңесі атқару комитетінің Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесіне жолдаған есебінде аудан тұрғындарының аш екендігі, сондай-ақ жекелеген ауылдардың наразылық білдіріп жатқаны туралы айтылды. Бірқатар аймақтарда шаруалар арасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жиналған астықты рұқсатсыз бөліп алған фактілері атап көрсетілді. Мәселен, Дмитриев селосының екі жүзге жуық әйелі көршілес кенттерден қосылған әйелдермен бірге жиналған астықты Орынбор астық қоймасына тапсыруға ашық қарсылық білдірді, «егер сіздер жиналған астықты әкететін болсаңыздар біз аштан қырыламыз» деген ұранмен шықты. Ал Васильев селосының тұрғындары кәдімгі күн сайынғы таңғы жиында шіркеу қоңырауымен бір мезгілде бір үзім нан мен мал азығы төңірегінде қызу айтыс ұйымдастырды. Олар кеңестердін жергілікті өкілдерін: «бізге астық беріңіздер, әйтпесе біз аштан қырыламыз» деген айқаймен қарсы алды. Никольск селосының тұрғындары, сол кезде көктемгі дән себу науқанына әзірленген тұқымдық астықты рұқсатсыз өзара бөліп алды.

...

Скачать:   txt (32.1 Kb)   pdf (82.6 Kb)   docx (16.7 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club