Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономикалық жүйе түрлеріне талдау және ұлы депрессия

Автор:   •  Февраль 10, 2023  •  Эссе  •  878 Слов (4 Страниц)  •  240 Просмотры

Страница 1 из 4

Тоқанова Динара

мамандық: қаржы

топ: 211(4)

Эссе

Экономикалық жүйе түрлеріне

талдау және ұлы депрессия(Рузвельт саясаты).

 Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады.

Меншік қатынастарының формалары бойынша:Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа  жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша  қатынастар қалыптасады. Менің ойымша дәстүрлі экономика ең тиімсіз жүйе болып табылады. Әрине әр нәрсенің екі жағы болады демекші, бұл экономикалық жүйенің де жақсы жақтары бар. Айта кетсек, тауар сапасының жоғарылығы, ежелгі салт-дәстүрлердің сақталуы, әр түрлі мәселелердің дін не болмаса тайпалық дәстүрлерге қарасты шешілуі. Алайда, бұл жүйеде мемлекеттің дамуында ешқандай прогресс болмайды, өндірістің дамуы мен  әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде болады, техникалық прогресс шектеулі, халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тікелей байланысып отырады.  Мысал ретінде осы дәстүрлі экономиканы ұстанатын Бангладеш, Эфиопия, Африка, Нигерия сынды мемлекеттерді алып қарасақ, олардың барлығында экономика бір орында тоқтап қалған. Бұл елдердің халқының басым бөлігі сауатсыз, жұмыссыздық деңгейі жоғары және гигиена сақтамағандықтан көптеген аурулардан жыл сайын ел миллиондаған халқынан айырылады.  Осыдан ақ дәстүрлі экономикалық жүйенің тиімсіз екендігіне көз жеткізуге болады.

Ал әкімшілік - әміршілік экономикаға келсек, онда орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен  өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік  меншіктің  үстемділігі жүргізіледі. Менің ойымша бұл басқару жүйесінің басты артықшылығы - басқарудың қарапайымдылығы, толық әкімшілік бақылау мүмкіндігі. Осының арқасында қоғамдағы әлеуметтік теңдік орнайды, яғни бай кедей деп бөлінушілік орын алмайды, көптеген әлеуметтік мәселелер (меншік және әлеуметтік стратификация, жұмыссыздық, дағдарыстар, білім мен денсаулық сақтаудың жоғары бағасы және т.б.) өз шешімін табады. Алайда тарихымызға көз салсақ, 20ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе елімізге көптеген зардаптарын тигізген болатын. Яғни, саяси салада - шынайы егемендiктiң болмауы, қазақ халқының тiлi мен тарихының жойылуы. Экономикалық салада -ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Әлеуметтік салада -жаппай қуғын-сүргiн жүргiзу. 3,5 млн адамның азап шегуi. Мәдени салада - қоныстандыру саясатының нәтижесінде ұлттық құндылықтардың жойыла бастауы. Демографиялық салада- ашаршылықтан халық санының азаюы демографиялық дағдарысқа әкелді. Мұның барлығы әміршіл-әкімшіл жүйенің елге пайдасынан гөрі зиянын көптеп тигізетінін дәлелдейді.

Нарықтық экономика -  меншікке, бәсекеге негізделеді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады. Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттің рөлі шектеледі. Яғни кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешімін таба алмау қаупі бар. Нарықтық экономиканың ең үлкен минусы қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарға бөлінуі, табиғат ресурстарының шамадан тыс қолданыста болуы десек қателеспейміз. Мемлекет дамуы нақты стратегиямен байланыспау нәтижесінде белгілі бір құлдыраулар орын алуы мүмкін. Ал артықшылығына келетін болсақ, мұнда халықта өзін-өзі жұмыспен қамту және кәсіпкерлік мүмкіндіктері бар, сұраныс пен ұсыныс бірдей деңгейде болады және өндірістің өсіп, үдеуін кәсіпкер өз мойнына алатындықтан, үлкен нәтижелерге қол жеткізе алады.

...

Скачать:   txt (12.6 Kb)   pdf (55.8 Kb)   docx (10.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club