Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Истории"

Автор:   •  Сентябрь 28, 2021  •  Шпаргалка  •  26,640 Слов (107 Страниц)  •  342 Просмотры

Страница 1 из 107

1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері.
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты – отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.
Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады:
 студенттерді қазіргі тарих ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, хронологиялық тәртіпке сай ауқымды және нақты материалдармен таныстыру;
 проблемалық дәрістер әдісін қолдану жолымен студенттерді шығармашылық ойлауға жаттықтыру;
 Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орнын, оның объектісі мен пәнінің ерекшеліктерін, ең өзекті проблемаларын анықтау;
• бүгінгі тарих және тарих ғылымының рөлі, оның салалары мен бағыттары, тарихтың белгілі кезеңдеріндегі әлеуметтік және саяси проблемалар туралы түсінік қалыптастыру.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуін төмендегіше жазуға болады:
1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағыұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.
2. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.
3.Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы.
4.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалар.
5.ТәуелсізҚазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы.
6. Қазақстан - замануи әлем мойындаған ел.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудегі негізі деректер, құжаттар мен материалдар:
- Республиканың басым бағыттары мен даму нәтижесін, мақсат-міндеттерін айқындайтын мемлекет басшысының жарғылары, жолдаулары, баяндамалары, сөйлеген сөздері;
- Парламент тарапынан қабылданған заңнамалық құжаттар;
- Еліміздің ішкі және сыртқы дамуын, Қазақстан дамуының саяси-өңірлік, әлеуметтік экономикалық қырларын нақтылайтын үкіметтік қаулылар мен құжаттар;
- Атқарушы биліктің орталық және өңірлік органдарының құжаттары, түрлі деңгейдегі мәжілістер материалдары;
- Азаматтық қоғам институттарын, саяси партиялардың, шетел сарапшыларының ұстанымдарын бейнелейтін материалдар;
- Тәуелсіз Қазақстанды құруға ат салысқан тұлғалардың естеліктері; - Әлеуметтанулық сауалнамалар материалдары мен статистика мәліметтері;
- Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша қазақстандық және шетел ғалымдарының тұжырымдамалық және іргелі еңбектері;
- Мерзімді басылым материалдары;
- Өзекті мәселе бойынша интернет-қорлары.

2.Ұлттық тарихтың басымдықтары. «ҚР тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы» (1995 ж.).
1995 жылы «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы» қабылданып, онда тарихи білімнің іргелі принциптері айқындалып, негізгі басымдықтары анықталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жариялануы еліміздің тарихқа ден қойғанын көрсетеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың «табын» сезінгендігімде деп білемін» [2, 6-б.] деп жаза отырып, «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» [2, 267-б.] негіздейді.
Мемлекеттің ұлттық тарихты жаңғырту мен зерделеу мақсатында қабылдаған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ауқымы орасан зор жұмыстар тындырды. «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты жазба деректерді жинау және жариялау болып табылады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы екі кезеңді, бірінші кезеңі 2004-2006 жылдарды қамтыса, екінші кезеңі 2009-2011 жылдарды қамтиды.
3.Ұлттық тарихтың жаңғыртылуы ( 5 маусым 2013 ж.). Тарихты оқыту мен зерттеудің озық әдістерін іске асыру тетіктерін қарастыру.
«Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті. Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру.
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психологая, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен де тығыз байланысты дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту пронесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңғырытып пайдаланады.

...

Скачать:   txt (401.3 Kb)   pdf (819.9 Kb)   docx (142.4 Kb)  
Продолжить читать еще 106 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club