Шпаргалка по "Истории Казахстана"
Автор: ayailim • Сентябрь 12, 2023 • Шпаргалка • 25,915 Слов (104 Страниц) • 279 Просмотры
1.Қазақстан аумағындагы тас ғасыры дәуіріндегі адамзат дамуының эволюциялық сипаты.
Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Адамзаттың даму барысы. 1.Епті адам(австролопитек)- Танзаниядағы(Шығыс Африка) Олдувэй шатқалынан табылған ( 2,5 мың жыл бұрын өмір сүрген). Австролопитектің миы 650см-дан асып түскен.Алғашқы адамның кәсібі терімшілік пен аңшылық болды. Баспаналары-үңгірлер. Ертедегі адамдардың ұжымы тобыр деп аталады. Тіік жүретін адам- синантроп,питекантроп, неандертальдықтарға жататын алғашқы адамдар. 2. Питекантроп-қаңқасы алғаш рет 1891 ж. Ява аралынан табылды ( 1 млн жыл бұрын өмір сүрген).
3. Синантроп- 1927 ж. Қытайдағы Чжоу-коу-дянь үңгірінен қазып алынған( 500-200 мың жылдар бұрын өмір сүрген). 4. Неандерталь- 1856ж. Германияның Неандерталь жерінен табылды ( 200-35 мың жыл бұрын өмір сүрген).Ол тастан, сүйектен, ағаштан құралдар жасай білген, шақпақ тастармен от жағуды үйренген. Оның сөйлеу қабілеті толық қалыптаспаған.Алғашқы еңбек құралдары қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар болды. Неандерталь баланың сүйегі Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен табылған.
5. Саналы адам( кроманьондық адам)- 1868 ж. Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған (б.з.б.40-35 мың жыл бұрын үмір сүрген). Саналы адамның миы епті адамның миынан екі есе үлкен болды. Саналы адам тік жүрді,анық сөйледі. Рухани жағынан жетіле бастады,діни наным сенімдер қалыптасты және олар өлген адамдарды жерлегенде әшекейлермен көмген. Алғашқы адамдардың кәсібі аң аулау болды. Олар негізінен мамонттарды, бизондарды, маралдарды, жабайы жылқыларды аулады. Жеміс-жидектерді терді. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды.
2. Еуразия өркениетінің қалыптасуындағы Ботай мәдениетінің тарихи маңызы.
Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті және жылқы өсірушілердің алғашқы мәдениеті. Ботай мәдениеті б.з.б. 3-2 мыңжылдықтармен мерзімделеді. Ежелгі адамдардың алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі Еуразия жылқы өсірушілердің ғажайып мекені. Ботай мәдениеті- Солтүстік Қазақстанның (Жайық-Ертіс өзендері аралығы) далалық мыс-тас кезеңін сипаттайды.Ботай қалашығына арнайы экспедициялар ұйымдастырып, қазба жұмыстарын жүргізілді, 158 елді мекеннен 120 мыңға жуық зат табылды. Шаруашылық құралдары тұрақта көп кездескен. Көбіне алуан түрлі тастан, саз балшықтан, сүйектен жасалған. Ботайлықтардың жылқы асырау мәдениеті Ұлы Дала көшпелілер өркениетінің қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Олардың бұл мәдениеті болашақтағы қазақтардың көшпелі өркениетінің тікелей негізі саналды. Осы мәдениетті қазақтардың бүгінге дейінгі мәдениетіне тән белгілерді көруге болады (жылқы өсіру, жылқы еті және қымызды пайдалану).
3.Сақ тайпаларының орналасуы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, материалдық және рухани мәдениеті.
Сақтар- б.з.б 1 мыңжылдықта Қазақстан мен Орта Азия жерін мекендеген ежелгі тайпа. Көне парсы деректерінде сақ сөзінің мағынасы құдіретті ерлер деп түсіндіріледі. Шаруашылығы: Сақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың өмірінде жылқы мен қой өсіру маңызды орын алды. Жылқыны мініс көлігі ретінде қолданды. Сақтар құйрықты және биязы жүнді қойларды көп өсірген. Қойдың жүні киіз басу, арқан есу, жіп иіру үшін қойдың жүні пайдаланылды. Сақ малшылары өркешті түйе өсірген. Көшкенде түйені күш – көлік ретінде қолданған. Және аңшылық пен балық аулаумен айналысқан. Таутеке, арқар, қабан, бұғы, бұлан, дуадақ аулаған. Әлеуметтік құрылымы: Сақ-массагет үш топқа бөлінді: 1) Әскери көсемдер мен рубасыларынан тұратын ақсүйектер 2) Абыздар 3) Қауым мүшелері малшылар Әр топтың киімі түсіне қарай ерекшеленді: тайпа көсемдері мен әскер басшылары- қызыл; абыздар – ақ; малшылар мен егіншілер- сары мен көк түсті киім.Бұл қоғамда ерлер мен әйелдер тең құқылы саналды.
...