Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Истории Казахстана"

Автор:   •  Декабрь 17, 2022  •  Шпаргалка  •  43,190 Слов (173 Страниц)  •  167 Просмотры

Страница 1 из 173
  1. Пəннің мақсаты: Қазақстан тарихының ежелгі дəуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру. Пəннің міндеттері:

1)        білім алушыларды фундаментальді деректанулық жəне тарихнамалық материалдармен, сондай-ақ қазіргі Қазақстан тарихы ғылымының жетістіктермен

таныстыру;

2)        Қазақстан тарихының гуманитарлық білім беру жүйесіндегі орнын анықтау;

3)        дамудың заманауи кезеңіндегі өзекті мəселелерді талдау үшін Қазақстан тарихының

нысаны мен пəнінің ерекшелігін анықтау;

4)        Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік формалары мен өркениеттердің эволюциясын,

қазақ халқы этногенезінің негізгі кезеңдерін толық жəне объективті көрсетуге

негізделген Қазақстан тарихының ғылыми-негізделген тұжырымдамасын жасау;

5)        қазіргі тарихтың азаматтық ұстаным мен ғылыми дүниетаным қалыптастыратын

 негзгі оқиғалары туралы тарихи білімдерді жүйелеу;

Еліміз егемендік алғаннан кейін Отан тарихын дəуірлеу мəселесін кешенді көтерген

академик М. Қозыбаев еді. 1992 жылы дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайында

оқыған баяндамасында тоғыз дəуірді нақты көрсетті: 1. Адам баласы қазақ сахарасында пайда болып, өмір сүрген тайпалар белесі; 2. Сақ, ғұндар заманы;

3. Түркі тектес тайпалар дəурі; 4. Қыпшақ белесі; 5. Монғол үстемдігі; 6. Қазақ хандықтары:

халық, ұлттың қалыптасуы; 7. Отаршылық бұғауында; 8. Қазақ халқы Кеңес империясының уысында; 9. Қазақ халқы егемеңді ел болған шағында

С. Асфендияров «Қазақтар тарихының кейбір негізгі мəселелері» атты мақаласында

қазақ тарихының үш кезеңі бар, олар: 1-кезең – капиталистік дамуға дейін (XVIII

ғасырға дейін), 2-кезең – отарлау. Қазақстан патшалықтың отары жəне Қазақстандағы

Қазан революциясының алғы шарттары, 3-кезең – кеңестік, – деп бөледі.

2. Қазақстан территориясындағы тас дəуірі. Тас дəуірін археологиялық кезеңдеу:

Тас дəуірі палеолит, мезолит жəне неолит болып үшке бөлінеді. Əуелгі палеолиттің өзі

үш дəуірге бөлінеді. Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың

-150-120 мың жыл бұрын) жəне мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дəуірлері.

Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар,

пышақтар.Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатады.Олар Қаратаудан табылды. Бөріқазған мен Тəңірқазған деген жерден табылған құралдар - ашельдік кезеңге жатады. Олар шапқылар, ауыр тас сынықтар, нуклевстар.

Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін

ұрған. Мұндай техника "малта тас мəдениеті" (өзеннің малта тастарын пайдаланған)

деп аталады.Мустье кезінде тас өңдеудің жаңа техникасы табылды. Ол оңтүстік Қазақстанда Ш.Уəлиханов атындағы тұрақ деп аталынады. Адамдар бизон, жылқы

аулаған. Палеолит Соңғы палеолит – б.з.б. 40-35 мың жылдық аяқталады. Адамдар жер бетінің барлық аймағында өмір сүрді. Ру пайда болды. Ана жағынан (экзогамия-аналық ру). Дүниетанымы өсті. Өнер шықты, жануарлар суреттерін жартасқа салу пайда болды.О

дүниеге сену болды. Мəдениеті – Шығыс Қазақстанда - Қанай, Свинчатка, Пещера,

Шүлбі тұрақтары.

Мезолит – Қазақстанда аз зерттелді. Тек 80-90 жылдары Батыс жəне оңтүстік Қазақстанда археологиялық жұмыстар жүргізілді. Мезолит (орта) кезінде садақ пен

жебе пайда болды. Тұрақтар өзен-көлдерге жақын болды. Мезолит тұрақтары – Қарағандыда - Əлімбек, Көкшетауда - Виноградовка, Қостанай маңында - Дачная, Маңғыстауда – Қызылсу қорымы жəне т. б.

Неолит

Жаңа тас ғасыры – неолит - бұл дəуірдің басы шамамен б.з.б. 7 мыңжылдық - 2 мың

...

Скачать:   txt (625.7 Kb)   pdf (804 Kb)   docx (193.3 Kb)  
Продолжить читать еще 172 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club