Шпаргалка по "Истории Казахстана"
Автор: Nasiba06 • Апрель 17, 2024 • Шпаргалка • 34,813 Слов (140 Страниц) • 134 Просмотры
« Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік аттестация сұрақтарының тізімі
- «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері
Пәннің мақсаты – Қазақстан тарихының ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі дамуының негізгі кезеңдері туралы объективті білім беру
Пәнді оқытудың міндеттері:
-білім алушыларды фундаментальді деректанулық және тарихнамалық материалдармен, сондай-ақ қазіргі Қазақстан тарихы ғылымының жетістіктермен таныстыру;
- Қазақстан тарихының гуманитарлық білім беру жүйесіндегі орнын анықтау;
-дамудың заманауи кезеңіндегі өзекті мәселелерді талдау үшін Қазақстан тарихының нысаны мен пәнінің ерекшелігін анықтау;
-Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік формалары мен өркениеттердің эволюциясын, қазақ халқы этногенезінің негізгі кезеңдерін толық және объективті көрсетуге негізделген Қазақстан тарихының ғылыми-негізделген тұжырымдамасын жасау;
-қазіргі тарихтың азаматтық ұстаным мен ғылыми дүниетаным қалыптастыратын негзгі оқиғалары туралы тарихи білімдерді жүйелеу;
Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдері 1. Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді. 2. Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.). Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.), Қазінгі заманғы Қазақстан (XX ғ.). 3. Ең ұзақ кезең – Ежелгі Қазақстан тарихы, ол бір миллион жылға жуық уақытты қамтиды. 4. Ежелгі Қазақстан – тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінеді.Қазақстанның тарихи өткенін зерделеу үшін тарих ғылымында дереккөздер пайдаланады: 1. Заттай - археологиялық көздер; 2. Этнографиялық; 3. Ауызша; 4.. Жазбаша;
Тарихнама- тарихи танымды зерттейтін тарихи пән. Тарихнама-тарих ғылымының тарихы, идеялардың, тұжырымдамалардың, теориялардың тарихы. Келесі ерекше пән- деректану. Бұл тарихи дерек, оның алуан түрлі ерекшеліктері мен зерттеу әдістері туралы ғылым.
2.Адамның шығу тегі теориясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі.
Бүгінгі таңда адам баласының жер бетінде пайда болуы жөнінде түрлі көзқарастар бар. Мұндай көзқарастар 3 топқа бөлінеді. Біріншісі - діни түсінік бойынша бүкіл әлемді, соның ішінде адамды да Құдай жаратты деген ұғым. Екінші көзқарас бойынша адам баласы жер бетіне ғарыштан келген. Ал, үшінші пікір бойынша - адам баласы жер бетіндегі басқа да тіршілік иелері сияқты ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқан.Алғашқы адамдар пайда болуы Ғалымдар алғашқы адамды “епті адам” (австралопитек) деп атайды. “Епті адам” Кения жеріндегі Олдувай шатқалынан (Африка) табылған. Бұдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет 1891 жылы Ява аралынан табылды. бұдан 1млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда Солтүстік Қытайдан табылған синантроп (“Қытай адамы”) тұрады. Синантроп бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Питекантроп пен синантропты “тік жүретін адам” деп атайды.
Шамамен 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген адам алғаш рет Неандерталь (Германия) жерінен табылған. Сондықтан ғалымдар оған неандертальдық деген атау берген. Неандертальдықтың басы еңкіш, мойны қысқа, ал тістері аса ірі болған. Оның сөйлеу қабілеті толық қалыптаспаған. 1938 жылы Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен неандерталь баланың сүйегі табылды.Қажырлы еңбектің нәтижесінде бұдан 40-30 мың жыл бұрын неандертальдықтан кейін “саналы адам” пайда болды. Оның миы ”епті адамның” миынан екі есе үлкен болды. Адамның жетілуінде еңбек шешуші рөл атқарған. Адам еңбек арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі, миы дамыды. Қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасты.
“Саналы адамның” сүйегі алғаш табылған жер Кро-Маньон үңгірі (Франция) болғандықтан, ол кроманьондық деп аталды.
“Саналы адам” тік жүруді, анық сөйлеуді меңгеріп, сөздік қорын жетілдіріп отырды. Рухани жағынан жетіле түсті. Үңгір қабырғаларына салынған суреттер бұған дәлел болады.
3. Тас дәуіріндегі Қазақстан. Дәуірдің әлеуметтік құрылымы және шаруашылығы.
Адамзат қоғамындағы ең ұзақ тас дәуірі (палеолит) ерте және кейінгі тас ғасыры болып екі кезеңге бөлінеді. Ерте тас ғасыры б.з.б. 2 млн 500 мың – б.з.б. 40-35 мың жыл аралығын қамтыған Кейінгі тас ғасыры б.з.б. 40-12 мың жыл аралығын қамтиды. Ерте және кейінгі палеолит аралығындағы орта тас ғасырының мерзімі – б.з.б. 100-40 мың жыл аралығы.Шығыс Қазақстанның Шульбинка, Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойынан кейінгі тас ғасырының тұрақтары табылды. Бұл тұрақтардан өте жақсы өңделген қырғыштар қазып алынды. Қырғыштар шамамен бұдан 25 мың жыл бұрын жасалынған.Адамдар тобы біртіндеп туысқандар ұжымына – рулық қауымға айналды. Бұл саналы адамның пайда бола бастаған кезіне сәйкес келеді. Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды. Алғашында барлық жұмысты аналар атқарып, ұжымдағы аналар беделі артты. Рулық бөлініс аналардың үстемдігімен анықталды. Жер, баспана, еңбек құралдарына ортақ меншік болды.Ру ішіндегі мәселелер жалпы жиналыста шешілді. Оған ерлермен бірге әйелдер де қатысты. Жалпы жиналыста сайланған ақсақалдар даулы мәселелерді шешті, аң аулайтын, мал жаятын жерлерді бөліп берді. Рулық бірлестіктерді көсемдер басқарды.Аңшылықпен қатар терімшілікпен айналысты.
...