Шпаргалка по "Истории Казахстана"
Автор: balauka • Июнь 19, 2022 • Шпаргалка • 5,438 Слов (22 Страниц) • 347 Просмотры
1. Энеолит (тасты-мысты дәуір) дәуірі б.з.б. III-II мыңжылдықтарды қамтиды. Бұл дәуірде Далада малшаруашылығы пайда болды. Далалықтардың жылқыны қолға үйретуін Солтүстік Қазақстандағы Ботай-Терсек археологиялық мәдениетінің қалыптасуымен байланыстырады. Бұл өтпелі мәдениетте аңшылық басым болып, малшаруашылығы енді ғана қолға алына бастады.
Қола дәуіріндегі өзгерістерге – тұрақты қоныстар, дөңгелекті көлік және қола құю жатады. Б.з.б. II мыңжылдық Ұлы Дала үшін үлкен бетбұрысты кезең болды. Қуаңшылық салдарынан шаруашылық түрлері мен мәдениет өзгерді. Жаңа технологиялар пайда болып, тайпалардың кең ауқымды көші-қоны басталды. Өмірдің барлық саласында үлкен жетістіктер орын алды. Малшаруашылығы мен егіншіліктің дамуы адамдарды тұрақты азықпен және киіммен қамтамасыз еткендіктен, халық бір орында мекендей бастады. Ал бұл үлкен және ұзақ уақыт тұратын қоныстардың пайда болуына әкелді. Тіпті олардың кейбіреуін (Арқайым, Сынтасты) алғашқы қалалар деп атауға болатын еді. Баспана үлгілері өзгеріп, үйлер кең және өмір сүруге ыңғайлы болаа бастады. Қыш шеберлері, тігіншілер, сүйек өңдеушілер, зергерлер сияқты қолөнершілер пайда болды.
2. Қазақстанда білім беру саласын, соның ішінде мектепке дейінгі білім беруді жан-жақты дамыту және қолдау міндеті алға қойылған. Зияткер, білімді, көзі ашық және жоғары мәдениетті халықтың ғана болашағы табысты болмақ.
3. Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер
Қазақстанның этникалық тарихы да Орталық Азияның барлық аймақтарындағыдай өте күрделі. Ғасырлар бойы бұл аймақта да көптеген халықтар мен тайпалар тағдыры тоғысып, небір тарихи оқиғалар өтті. Олар туралы шығыс және европа халықтарының тілдерінде жазылған деректер де баршылық.. Шығыстанушылардың бірнеше ұрпақтары да этникалық тарихты зерттеумен айналысып, көп еңбек сіңірді.XV-XVI ғғ. Қазақ халқының және оның этникалық территориясының қалыптасуының ұзаққа созылған процессі негізінен аяқталды. Қазақ халқының этникалық құрамын Орта Азияның басқа да түркі тілдес халықтарындағыдай әр тілді тайпалар мен халықтар құраған. Олар: сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, түрік, түргеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, найман, арғын, керей, қоңырат, жалайыр, дулат және т.б. Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар. Бұлардың көпшілігінде өз уақытында мемлекеттері болған. Ертедегі түріктердің көптеген ру-тайпа аттары қазақтарда күні бүгінге дейін сақталған.
4.«Зар заман» дәуірі ақындары шығармаларының негізгі идеологиялық құндылығы – өткен және бақытты кезеңді мұқият түсіну арқылы қиындықты жеңіп, келешекке ұмтылу, халық рухын көтеру болды.
5. Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары. Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған".
Н.А.Аристовтың ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".
Василий Владимирович Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.
Михаил Порфирьевич Вяткин: "Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді.
С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді", — деп есептейді.
6. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қабылдаудың тарихи маңызы зор. Елбасы барлық азаматтарға түрлі этникалық және дін өкілдеріне бірегей ұлттық идеяны ұсынды. Ол қоғам алдында тұрған стратегиялық міндеттерді орындау әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін халықты біріктірудің маңызды құралы мен қуатты тетігі ретінде қабылданды.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізіндегі маңызды жалпыұлттық 7 құндылық:
Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы.
Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
...