Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Истории Казахстана"

Автор:   •  Февраль 22, 2022  •  Шпаргалка  •  25,317 Слов (102 Страниц)  •  284 Просмотры

Страница 1 из 102
  1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсын оқудың маңызын түсіндіріңіз

Тарих тағылымын терең зерделеген халықтың ғана болашағы жарқын болатыны өмірде дәлелденген. Өйткені, бүгініміз бен болашағымыз өткеннің негізінде жасалады. Ал мемлекеттің өсіп-өркендеуі, оның азаматтарының белсенді іс-әрекетінсіз мүмкін емес. «Тарихсыз халық жоқ» деген қағида бекер айтылмаған. Тарихи тәжірибені зерделеу барысында тарихи  сана, дәстүр мен мәдениет, ұрпақ сабақтастығы қалыптасады. Тарих қазіргі уақытта болып жатқан өзгерістердің мәнін ұғынуға мүмкіндік береді. Тарихта болашақтың негізі қаланған. Тарих адамзат өркениеті мен қазіргі замандағы ғаламдық мәселелердің диалектикасын түсінудің негізі болып табылады. Тарих мынадай негізгі міндеттерді шешеді: гносеологиялық – Отанымыз бен халқымыздың өткені туралы туралы білім береді, аксеологиялық – әр адамның бойында тарихи оқиғаларға қатыстылық сезімін қалыптастырады. Сондықтан да ол азаматтық қасиеттердің негізі болып табылады. Праксеологиялық – күрделі де көп қырлы тарихи құбылыстарға өзіндік баға беру және талдау қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Прогностикалық – тарих, ол болашақтың негізі қаланған өткен заман, тарих аяқталмайды, тарихта үлкен мүмкіншіліктер тар өйткені, онда бұрын ашылмаған шындықтар айқындалады. «Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын» деген Әл-Фараби

  1. ХХғ. бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баяндаңыз.

XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленесуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, аграрлық салада пәрменді жүргізілді, өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорын» құру үшін қазақ өлкесінен «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір отбасыда 15 десятина жерді алуға құқылы қалған жерлер Мемлекеттік меншіктің жер қорына берілді. Мұндай ереже қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеліп соқты.

XX ғасырдың басында Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркәсібі даму үстінде болды. Себебі қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойылған болатын. 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеді. XX ғасырдың ең ірі өндіріс орындарына Қарағанды көмір шахталары, шығыс және орталық өңірлердегі түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіп орындары жатады. Бұл кәсіпорындар іс жүзінде шетел кәсіпкерлеріне негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды.

XX ғ басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшыладың әлеуметтік жағдайы ауыр болды. Ауыр жұмыс үшін жалақы аз берілді, жұмыс орнында қауіпсіздік ережелері сақталмады, құрал-жабдықпен қамтылмады.

  1. ы Орынбор-Ташкент теміржолы іске қосылды ұз -1656 км)

  1. Ресей империясының Қазақстанға қоныс аудару саясатының күшеюінің себептерін атаңыз. Столыпиннің аграралық реформасының мәнін түсіндіріңіз және аграрлық саладағы қатынастарды сипаттаңыз

Қоныс аудару саясаты, аграрлық реформа мақсаты бұл қазақ жерлерін отарлау еді. Қазақ өлкелері бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді. Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі жерлерді тартып алу үшін «Артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. «Қоныс аудару» қорына қазақстардың жайылым, суат, мал айдаужолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен қатар, Орал, Орынбор, Сібір, Жетісу өлкелеріне казак әскерлерін орналастырды. XX ғ басында қарай казактардың саны 1 млн 11 мың адамға жетті және оларға 15,6 млн гектар ең құнарлы жерлер берілді. Ресейдегі аграрлық саладағы өзгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты. 1906 жылы Ресейдің премьер-министр болып тағайындалған Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні – селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Осылайша Столыпин Реседйің шеткі аймақтарына, Қазақ өлкесіне көңіл бөлді. 1893-1905 жылы 4 млн десятина, 1906-1912 жылы 17 млн десятина, 1916 жылы 40 млн десятина 1917 ж 45 млн десятина тартып алынды.

...

Скачать:   txt (371.2 Kb)   pdf (602.7 Kb)   docx (121.9 Kb)  
Продолжить читать еще 101 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club