Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тоталитарлық жүйе аясындағы депортация тарихы: себебі, кезеңдері, салдары

Автор:   •  Февраль 10, 2018  •  Реферат  •  13,697 Слов (55 Страниц)  •  1,730 Просмотры

Страница 1 из 55

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................

1 КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫ. ХАЛЫҚТАР ДЕПОРТАЦИЯСЫ

1.1 Тоталитарлық жүйе аясындағы депортация тарихы:  себебі, кезеңдері, салдары.......................................................................................................................

1.2 Қазақстанға көшірілген ұлттар.........................................................................

2 ДЕПОРТАЦИЯЛАҒАН ХАЛЫҚТАР ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТ-ТІК - ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДЕ

2.1 Жаңа аймаққа қоныстануы, әлеуметтік жағдайы................................

2.2 Ұлтаралық татулық – Қазақстан халықтарының Ассамблеясы.............

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................  

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Жаппай қуғын-сүргін жылдарында халықтардың Қазақстанға күштеп қоныс аудару үдерісін, сонымен қатар кең ауқымды трагедиялық оқиғалардың салдарын объективті, жан-жақты зерттеу қазіргі заманғы тарих ғылымының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанға күштеп қоныс аударған халықтар тарихын зерделеу тек қана бұл халықтардың өздерінің тарихын жете түсіну тұрғысынан емес, сонымен қатар нысаны Қазақстан болған қоныс аудару қозғалысы болып табылатын Қазақстан тарихының беттерін, өзінің көлемі мен салдары бойынша кең ауқымды зерттеу  үшін де өте маңызды. Зерттелетін мәселенің ғылыми маңызы Қазақстан тарихындағы «ақтаңдақ беттерді» толтыру қажеттілігіне негізделеді. Республикаға қоныс аударған халықтардың тарихы, этнодемографиялық жағдайдың өзгеруі сынды Қазақстан тарихының осындай тұстарын ашады. Жоғарыда көрсетілген мәліметтерді ескере отырып, депортацияланған халықтарды жеке немесе кешенді зерттеу өзекті мәселе болып табылатын атап көрсету керек.

Тақырыптың маңызы, сонымен қатар оны зерттеу арқылы республикадағы тұтастай тарихи үдерістерді және депортацияланған халықтардың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірлерін талдауға негізделеді. Бұл тақырыпты объективті зерттеу Қазақстан қоғамын нығайтуға және жалпы ұлттық татулық негіздерін бекітуге ықпал етеді. Қазақстан көпұлтты және көп конфессиональды мемлекет, қазіргі уақытта барлық әлеуметтік-экономикалық құрылымды реформалаудың шешуші кезеңін бастап кешіп отыр. Біз үшін этносаралық келісімді сақтау, қоғамда диалог атмосферасын құру және өзара түсіністік азаматтық қоғамның және саяси тұрақтылықтың ең маңызды құрамдасы болып табылады. Көп этностық және көп мәдениетті Қазақстан татулық пен келісімді жаңару жүйесімен жеделдетілген, мемлекеттің тұрақты дамуы үшін мүмкіндіктер спекторын толықтыратын қажетті құндылық ретінде қарастырады. Қазақстан көп санды этностардың достық сүйгіштігі мен белсенді қарым-қатынас сипатын сақтап қалды. Республика этносаралық келісім мен халықтардың бейбіт өмір сүруінің бірегей тәжірибесін иеленді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 18 ақпан 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылды, онда Қазақстан халқы әлемге өзінің толеранттылығымен, этносаралық келісіміммен танылғандығы атап көрсетіледі. Соғысқа дейінгі және соғыс жылдарында Қазақстан территориясында қоныс аударған халықтар тарихын зерттеу ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғынан басталады. Оған дейін бұл тақырып жабық күйінде болды. Тіпті 1957 жылы соғыс жылдарында ликвидацияланған автономды республикалар мен облыстарды қалпына келтіру туралы КСРО Жоғарғы кеңесінің Президиумның Жарлығының шығуы да зерттеушілерге «шетін» мәселелерді зерттеуге рұқсат етілмеді. Зерттеу талпыныстарына күштеп көшіру жүзеге асырылғандығы туралы мәліметтерді қамтитын мұрағат материалдарының, алғашқы құжаттардың қол жетімсіздігі кедергі тудырды. Бүгінгі күні Тәуелсіз Қазақстан тарихының «ақтаңдақ беттерін» ашуға, Қазақстан күштеп жер аударылған халықтардың сан-қилы тағдырын зерттеуге мүмкіндік туды.

...

Скачать:   txt (195.6 Kb)   pdf (519.3 Kb)   docx (68.5 Kb)  
Продолжить читать еще 54 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club