Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тарихи өлкетанудағы демографиялық деректердің типтері мен түрлері

Автор:   •  Октябрь 7, 2021  •  Реферат  •  913 Слов (4 Страниц)  •  627 Просмотры

Страница 1 из 4

Тарихи өлкетанудағы демографиялық деректердің типтері мен түрлері

Тарихи-демографиялық деректердің ерекшеліктері. XVII ғасырдың аяғы-ХУІІІ ғ. басында ежелгі, орта ғасырлардағы және жаңа заман кезеңіндеғі халық санының арақатынасына қатысты туындаған дауға байланысты демографиялық деректерге сүйену қажет.

Бұл мәселе XIX ғасыр соңында, әсіресе XX ғасырда яғни демографиялық зерттеулер жүйелі сипат алған кезде жан-жакты зерттеле бастады. Оның ең алғаш негізін К.Ю. Белох, Ә. Левассер, 3. Дошинская және тағы баска ғалымдар калаған. Бұл қалыптасу үдерісі бүгінгі күнге дейін жалғасуда. XX ғасырдың I жартысында халықтардың орналасу тарихы бойынша мәліметтер жинау үдерісі жүрді, олар ең бастысы нақты зерттеулерде талданды. Бұл мәселені жан-жақты зерттеген ғылыми еңбектер XX ғасырдың ортасында жарық көре бастады.

Т. Холлингсворт демографиялык деректердің келесі түрлерін көрсетті: 1) халық санағы басты ерекшелігі олардың есімі мен жасына карай қүрылған болса; 2) өлім туралы бюллетендер; 3) шіркеу қүжаттары; 4) салық қүжаттары; 5) әскери қүжаттар; 6) иеліктер тізімі; 7) генеалогиялық қүжаттар; 8) осиетнама; 9) некеге түру келісімшарттары; 10) куәгерлердің куэліктері (растаулары); 11) үзак уакыт аралыгындагы бағалар; 12) қала саны мен көлемдері; 13) археологиялық қалдықтар; 14) ауылшаруашылығын жүргізу әдістері; 15) экімшіліктік жэне шіркеулік география; 16) жаңа жерлерді отарлау; 17) бейіт мәліметтері.

Құрамында Қазақстан болған, революцияга дейінгі Ресей империясының тарихында деректердің 4 негізгі тобы ерекше мәнге ие:

1) алым-салык төлейтін халықты тексеру мәліметтері; 2) шіркеу есебінің материалдары; 3) әкімшіліктік-полицейлік есептер материалдары; 4) 1897 жылғы жалпыға ортақ санақ жүйесінің материалдары. Осы және өзге де тарихи-демографиялық деректердің теориялық-деректанулық мәнін түсіну осы ғылыми пәннің даму міндеттерінің біріне айналуда.

Тарихи өлкетанудағы демографиялық деректерге анағүрлым кең мағынада халықтар мен демографиялық үдерістерге қатысты сандық мәліметтерден түратын баспа басылымдары жатады. Олар репрезентативтілігінің деңгейі, этникалық тиістілігі, мәліметтердің сипаты, уақыты, ақпаратты жинау тәсілдері, басылым түрі жағынан ерекшеленеді. Онымен қоса, мұндай деректер толықтық деңгейімен мэліметтерінің шынайылығы түрғысынан

алғашкы және екінші дәрежелі деректер болып бөлінеді. Басты деректерге жиналған статистикалық материалдарды өңдеу және салыстырудың тікелей корытындылары мен соның негізінде кұрылган есеп көрсеткіштері жатады. Екінші дәрежелі деректердің негізін басты деректер бойынша алынган бағалар мен барлық есептеудің нәтижелері қүрайды. Сонымен қатар қүрамында тікелей сандық мәліметтері жок құжаттық, әдеби, мерзімді, т.б. деректермен толықтырылуы мүмкін.

Аталган ақпарат түрлері ашық, жарияланған немесе қүпияланган, жалпыға ортақ жэне бірегей болып кездесуі мүмкін, жасырын акпараттардың негізгі бөлігі басты орынды алып отырған массалық деректердің (басты немесе күрастырмалық) қүрамында болады. Демографиялық деректер әлеуметтік ақпараттарды жазып алу формасы бойынша түріне (заттық, жазба, бейнелеу, фондық), кезеңіне (ежелгі, орта ғасыр, жаңа жэне казіргі заман) қарай жіктеледі. Сөйтіп, ежелгі дәуірдің демографиялык тарихы үшін деректердің негізгі ақпараттың базасын жазба, палеоантропологиялық, археологиялық, этноархеологиялық жэне т.б. деректер құрайды.

Демографиядағы қойылған мәселелерді шешу барысында кез келген баска да ғылымдарда сенімді, арнайы әдістер қолданылады. Олардың көмегімен зерттеп отырған объекті жайлы керекті ақпарат алып, оны өңдеп, талдауға болады. Оларға зерттеудің жалпы тарихи әдістері, атап айтканда, тарихи-генетикалык, тарихи-салыстырмалы, тарихи-типологиялық, тарихи-жүйелік әдістері жатады. Міне, сонымен катар біркатар ерекше әдістерді - синхронды (бір мезетті) жэне диахронды (түрлі-мезетті) талдаулар, тиісті демографиялық әдістер - когоротты, бойлык және көлденеңдік талдаулар, демографиялык коэффиңиенттерді стандарттау, когортты-өспелі-мерзімдік, мультидәрежелі, демографиялык кестелік, статистикалык көп өлшемді талдаулар, математикалық, картографиялық, территориялы-коррекңиялык, ретроспективті, графиктік (сызбалық, кестелік) жэне т.б. әдістер пайдаланылады.

...

Скачать:   txt (14.3 Kb)   pdf (73.6 Kb)   docx (10.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club