Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Солтүстік Қазақстан және Алаш қозғалысы

Автор:   •  Октябрь 28, 2021  •  Реферат  •  1,268 Слов (6 Страниц)  •  431 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазіргі Қазақстан тарихы еліміздің қазіргі жағдайын зерттеумен айналысады.Ұлттық  дәстүрлеріміз, менталитетіміз, экономикалық және саяси ахуалымыз еліміздің тарихымен тығыз байланысты.Қазіргі жағдайымыз бұрын болған оқиғалардың салдары десек те болады.

 Солтүстік Қазақстан аумағы қазіргі таңда өзінің құрамында Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарын қамтиды.Топырағының құнарлығымен, темір ресурсының байлығымен, көркем табиғатымен, көрнекті жерлерімен, инновациялық объектілерімен танымал, және өзіндік менталитетін қоссақ болады.Міне, Солтүстігіміз қазіргі кезде алар орны осындай.Ал оның тарихта алар орны қандай екен?

1914 жылы басталған соғыс және оған патшалық Ресей де қатысқан бірінші дүниежүзілік соғыс оның халықтарына аса ауыр қайғы қасіреттер әкелді: әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді, империяның шет аймақтарында патша шенеуніктерінің басынушылығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз артты.Қазақтардан тартып алынған жерлер патша офицерлеріне, шенеуніктерге, дін басыларына, қазақ әскерлері мен Ресейден және Украинадан қоныс аударған шаруаларға үлестірілді.Патшаның қатал жарлығына және жер-жерде оны орындаудағы әділетсіздік тәсілдерге ашынғанеңбекшңлер қолдарына не түссе, сонымен қаруланып, патша өкіметінің өкілдеріне, болыстық басқарушыларға, ауылдық ағамандарға, полтцейлерге, казактарға, шенеуніктерге: «Адам бермейміз» деген айқаймен тарпа бас салып, сазайын тарттырды.

Көтерілістің аса ірі орталықтары Жетісу мен Торғай жері болды.Жетісу көтерілісшілер қозғалысы аяусыз басып-жаншылған кезде Торғай даласында ол күш алып, күннен-күнге өрістей түскен еді.Басшылығында А.Иманов пен Ә.Жангелдин тұрған Торғай көтерілісі ең қажырлы және ұзаққа созылған көтеріліс болды.Архивтік құжаттар дәлелдейтіндей, көтерілістің  ең шырқау тұсында оған қатысушы жасақтарда 50 мыңдай адам болған. [1]

1954 жылы ақпанда Қазақстан Компартиясының 7 съезі болды.Ауыл шаруашылығы жағдайы талқыланып, астықтың көлемін арттыру керек деп шешті. 23 ақпан мен 2 наурыз аралығы Пленум болды.Тың және тыңайған жерлерді игеру және астық өндіруді арттыру мәселесі қозғалды.Ең маңызды кезең, тыңайған жерлерді игеру кезеңінде партия ұйымына Л.И.Брежнев басшылық етті.Тыңайған жерлерді игеруде Қазақстандық белсенділер көп болды. Тың игеру мәселесі қазақтарға оңай тимеді, өйткені олар мал шаруашылығымен айналысатын халық еді.Енді бұл халық өзінің дәстүрлі шаруашылығын тоқтатып, егіншілікпен айналысуы керек болды.1954 жылы 10 тамызда тексерулер бойынша жалпы 13,4 млн. га жаңа жерлер, Қазақстанда 6,5 млн. га тың жерлер игерілді. Бұл көрсеткіштерді КОКП жақсы деп бағалап, алдағы уақытта тағы игеру керек деп шешті. 13 тамыз 1954 жылы жаңа мақсат қойды.Ол бойынша 1956 жылға дейін 28-30 млн. га жерге астық дақылдар егілу керек деп шешті.Қазақстанға игеруге жарайтын жерлер көп болды, алайда халқы мен жұмыс күші аз болды.Сондықтан да еліміздің басқа аудандарынан халықтарды жұмысқа тартты. Жастар коммунистік партиясының арқасында кадр толықтырылды.Білімді механик, жұмыс істегісі келетін барша жастар Солтүстік Қазақстанға ағылды. Мысалға, 28 ақпан 1954 жылы Қостанайға Украинадан жұмысшы жастар келді. Олар тракторшылар еді.Басшылары Дегтяренко мен механик           И.И. Рудский. 1954 жылдың наурызына қарай басқа кеңестік мемлекеттерден 14240 жастар мен КОМСОМОЛ-дықтар келді. «Мариновский» савхозының үндеуімен күзде тың жерлерге 60 мың жас әйелдер мен қыздар келді. Сонымен қатар Кеңес әскерінен жауынгерлер де келді. Көкшетаудағы «Кантемировец», Солтүстік Қазақстан облысындағы «Таманец», Қарағандыдағы «Индустриальный» секілді савхоздар осы жауынгерлердің арқасында құрылды. Жаңадан құрылған савхоздарға жоғарғы және орта білімді 2088 жұмысшы келді. Олар директор, инженер бас агроном қызметтерін атқарды. Жұмысшылардың арасында шатырларда тұрғандар да бар. Савхоздар тиімді деп табылды. 1955 жылдың аяғына қарай Қазақстанда 631 савхоз жұмыс жасады.

...

Скачать:   txt (19.1 Kb)   pdf (77.4 Kb)   docx (12.6 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club