Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отбасылық тәрбие,дәстүрлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Автор:   •  Май 23, 2023  •  Эссе  •  263 Слов (2 Страниц)  •  200 Просмотры

Страница 1 из 2

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университпті

ЭССЕ

Тақырыбы: Отбасылық тәрбие,дәстүрлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Орындаған:Әбсаттар Айымжан

Группа:1703-41

       Тәрбие аясында адалдық, ар-ұят, сатылмаушылық, сөзіне беріктік сияқты құндылықтардың жасампаздық күші әлсіз қолданылады. Себебі көбі адалпарасатты болу пайдалы емес, кейде бұл қасиеттер жеке өмірінде проблемаларды шешуге және өмір сүруге кедергі келтіреді деп санайды. Бұдан өзге, ешкім «елден ала бөтен», «өздерінің арасында бөтен» болғысы келмейді. Осы тұрғыда қалыптан тыс сана мен мінез- құлық қалыптасады, соңында сыбайлас жемқорлыққа әлеуметке қарсы құбылыс ретінде қарауды қояды. Ең бастысы, қоғамда осы құндылықтарға деген сенімге селкеу түсіп, оның жақтастарының саны барған сайын азаяды. Оның есесіне көбінің санасында сыбайлас жемқорлық пен парақорлық феноменінің халық дәстүрлері мен салтында тарихи және мәдени тамыры бар деген ой орығады.

    Oтбaсы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Адам баласының өсіп-өнетін алтын ұясы. Cыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай ғана Отан. «Oтан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Оның ер жетіп, бойжетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік қасиеттерінің белгілері отбасында қалыптасады. Барлығымызға белгілі –  әлемдегі біздің ең шынайы байлығымыз – ол, әрине біздің отбасымыз. Тек қана отбасы бізге күш пен өзімізге деген сенімділік береді, өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге көмектеседі, ұлттық құндылыққа баулыйды. Бір сөзбен айтқанда, отбасы - барлық рөлдері бөлініп қойылған қоғамның шағын моделі болып табылады. Демек, отбасы – бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы, бастауы. Әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы. 

...

Скачать:   txt (3.8 Kb)   pdf (62.6 Kb)   docx (136.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club