Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы және саяси портреті

Автор:   •  Декабрь 12, 2018  •  Реферат  •  2,420 Слов (10 Страниц)  •  1,429 Просмотры

Страница 1 из 10

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТІЛДЕР ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ ФАКУЛЬТЕТІ

ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ КАФЕДРАСЫ

     РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы және саяси портреті.

Орындаған:Сұлтанова Жанар 1-курс

Тексерген:Шуренбаева Эльзира Әуесқызы

Орал-2018ж.


Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ел дағдарысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КОКП және Н. Назарбаев ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Назарбаевтің жаңа билік құруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Жаңа мемлекет пен жаңа мақсат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жайлы әңгімелеудің өзі – бақыт. Олай деудің себебі – басынан бейнеті арылмаған, «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының тәуелсіздіктің қыл бұғауынан мәңгілік азат болуы – осы есіммен тікелей байланысты. Ата-бабаларымыз жылдар бойы қан төгіп, күрессе де ала алмаған тәуелсіздікке біз тек өткен ғасырдың соңын ала ғана қол жеткіздік. Осыған орай 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойған осы тұңғыш Елбасымыз болды. 
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының Шамалған ауылындағы қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген Нұрсұлтан Назарбаев жасынан отбасына мейірімді, іні-қарындастарына қамқор, ата-анасының нағыз сүйеніші болып өсті. Шаруаға икемді, тіл алғыш, үлкен-кішіге ілтипатты бала үй-ішіне азық-түлік, малына жем-шөп тасумен өзі де айналысатын болған. Мектепте озат оқып, ылғи алдыңғы қатарда көрінетін, сыныптас достарынан да көмегін аямайтын. Мінезі орнықты, ісіне тындырымды да сабырлы Нұрсұлтан жаңалыққа жаны құмар жігіт болып өсті. Ол алғаш, барлық алғыр балалар сияқты, ұшқыш болуды армандаған, кейін ол ойынан бас тартты. Сөйтіп ол Днепродзержинск техникалық училищесін, Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын, жоғары партия мектебін бітірді. 
Нұрсұлтан Назарбаев қазір экономика ғылымдарының докторы, академик. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жасалған игілікті істерге тоқталатын болсақ, ең бастысы, 40 жыл бойы 459 рет жер беті және жер асты ядролық жарылысын жасап, адамзат баласына ажал оғын төгіп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Астананы Елордаға көшірудің де ұлт тұтастығын, ел тыныштығын ойлаған Елбасының көреген бастамасы екендігі бүгінде баршаға аян. Қазіл бұл қала әлемді таңғалдырып отырған, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған сәулетті де сәнді елордаға айналды. 
Қаншама ірі мемлекеттік мәселелер Елбасы көрегендігімен әрдайым оңтайлы шешімін табуда. Қытай мен Ресей сияқты алып мемлекеттермен арадағы шекараның жайы – Нұрсұлтан Әбішұлы бейбіт жолмен шешкен халықаралық мағынадағы ең сүбелі мәселелердің бірі емес пе?! Сондықтан да Нұрсұлтан Назарбаевтің КСРО-ның ыдырау мен жаңа мемлекет құру кезіндегі ең шыншыл және айқын саяси портретін алса болады деп ойлаймын

Ел дағдарысы

Қазақстан Тәуелсіздігінің таңсәрі шағында тағайындалған  президенттік институты мемлекетті басқарудың жаңа құрлымының негізін қалыптастыруға мүмкіндік жасады және экономикадағы өтпелі кезеңді еңсеруге,республиканың саяси жүйесін реформалауға қажетті жағдайларды қамтамасыз етті.Сонымен бірге ,президенттік институтының  қалыптасуы өте-мөте күрделі ахуалда жүзеге асырылады.

1990 жылғы 24 сәуірде Қазақстанда президенттік институт құрылып,Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мәжілісінде Нұрсұлтан Назарбаев ел Президенті болып сайланды.дан кейінгі кезең  Президент лауазымын енгізу тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің қалыптасуына шешуші ықпал жасап,КСРО ыдырағани соң мемлекеттік биліктің сабақтастығымен қамтамасыз еткен аса маңызды оқиға болғанын көрсетті.

...

Скачать:   txt (34.1 Kb)   pdf (558.8 Kb)   docx (786.6 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club