Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көне өркениеттер

Автор:   •  Февраль 18, 2018  •  Практическая работа  •  2,879 Слов (12 Страниц)  •  1,170 Просмотры

Страница 1 из 12

                                               Көне өркениеттер

Көне өркениеттер

Қамтыған уақыты

Ерекшелігі

Жалпы ұқсастығы

1.

Египет өркениеті

Б.з.б 3000 мыңжыл

 Сәулет өнерінің дамуы,7 кереметтің бірі пирамиданың салынуы. Суретшілікке, мүсіндік өнерге деген ерекшеліктері.

Құдайларға сенді, дінге өте берік болды. Сан жүйесі қалыптасты.

Діни-наным сенімдері болды. Жеке-жеке өнерлерін қалыптастыра білді.

Күнтізбелері, есептемелері  болды.

 Тәңірлік дүниетаным қалыптасты.

Ақша шығару орындары болды. Бір-бірімен саяси-көршілес қатынаста болды.

Діндегі орталық межелері бір болып қалыптасты.

2.

Грек- рим  өркениеті

Б.з.б ІІІ – ІІ мыңжылдық

Антикалық өнердің ошағы саналды. Құдайлар көп болды. Көптеген ойшылдарды дүниеге әкеліп философияның негізін қалады.  Алғаш мемлекеттілік пен театр өнерінің іргетасы қаланды.

3.

Түрік  өркениеті

Б.з.б

1 -мыңжылдық

Мәдениеттері синкретті болды. Материалдық заттар көші –қонға ыңғайлы етіп жасалынды. Көшпелілерде табигатка негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Төл жазу, металл қорыту, әскери өнер дамыды.

4.

Қытай өркениеті

Б.з.б. VI – V ғ.

Сәулет өнерін жақсы қалыптастырды. Ақша айналымы, медицина жақсы дамыды. Ұлы жібек жолын қалыптастырды. Императорлары жеке хроникалар мен кітапханалар жасап, жинақтады.

5.

Үндістан өркениеті

 б.з. дейінгі IV –IIғ.ғ. – б.з. VІІІ  ғ. 

Буддизм ілімін құрды.  Дін мен философияны ұштастыра білді. Діни жөн-жоралғылары көп       болды, тәлімдік мәні жоғары "Рамаяна" жыр-дастанын жазды.

                                      Ежелгі Үндістан өркениеті

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

а) Ежелгі Үндістан

ә) Үндi-будда мәдениетi

б) Өнері

     ІІІ.Қорытынды

                                                          Кіріспе 

   

       Дүние жүзінде өзіндік орны бар өркениеттер өте көп. Әр өркениеттің  ерекшеліктері, адам дамуына қосқан үлестері бар. Мысалы, Қытай, Грек – Рим, Түркі өркениеттері, Үндістан, Египет өркениеттері әлемдік тарихта орны қалған мәдениеттер деп айта аламыз. Соның ішінде Үндістан өркениетіне тоқталып, ақпараттар көзіне жүгіндім. Үндістан орта ғасырлар кезінде тілі мен мәдениеті толық өзгерген Египеттен және Алдыңғы Азияның бірқатар елдерінен айырмасы, ол өткенінің барлығын ұмыттырып жіберетіндей күрт өзгерістерге ұшыраған жоқ. Санскрит тілінде жазылған және ауызекі сөйлеу тілінде туған шығармалар ұрпақтан ұрпаққа тарап жеткізіліп отырды. Үндістан мыңдаған жылдар бойында Европа үшін сыры мәлімсіздеу ел болып келді. Б. з. XVIII ғасырында Үндістанды Европалық отаршылдар басып алды. Оның ескерткіштерін зерттеу де осы кезден басталды. Ағылшын зерттеушісі У. Джонс үндінің ежелгі жазба ескерткіштерін санскриттен ағылшын тіліне аударды.  Алайда бұл елдің тарихи ерекшелігі дұрыс түсінуге буржуазиялық ғылымға тән бірқатар әдейі  бұрмаланған көзқарастардың тууы кедергі жасады. Үнді-Иран тілдерінің европалық тілдермен сөзсіз байланыстылығы осы  тілдерде сөйлейтін  халықтарды жоғарғы нәсіл ретінде Үндістанның ежелгі тұрғындарына қарама-қарсы қоюға себеп болды.  Сөйтіп, Батыс Европа мен АҚШ-тағы қазіргі нәсілшілер ежелгі және орта ғасырлық Үндістанның билеуші топтары арасында қалыптасқан қате қағиданы толық қабылданды.Үндістанның өткен тарихын зерттеуге зиянды әсер еткен екінші жай – бұл елдің даму жолы өзге елдерге мүлде ұқсамайтын айрықша жол деген теріс концепция болды. Осы тұрғыдан келгенде Үндістанның осы заманғы буржуазиялық тарихшылар тарихи дамудың жалпы заңдарының өз елдеріне  де ортақ екенін мойындағысы келмей, көп қателіктер жіберді.        Үнді қоғамын зерттеу ісіне К. Маркс үлкен көңіл бөлген. Ол «осы кішкентай қауымдардың өзінде касталық айырмашылықтармен құлдықтың таңбасы болды» және «олар қаншалықты жанашырлықтай мүсәпір болып көрінгенмен, әрқашанда шығыс деспотизмінің берік негізі болып...» келгенін атап өтті.  Үндістанның мәдениетінің тарихы үшін С. Ф. Ольденбургтың,   Ф. И. Шербатскийдің және басқаларының еңбектерінің маңызы зор.. Әсіресе Д. Р. Чанананың «Ежелгі Үндістандағы құлдық» атты монографиясын атап айту жөн, ол өзінің бұл еңбегімен осы елдегі құл иеленушілік жоққа шығарғысы келетін теорияларға шешуші түрде соққы берді.  

...

Скачать:   txt (37 Kb)   pdf (470.2 Kb)   docx (23.4 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club