Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Көкжар»жәрмеңкесінің әлеуметтік-экономикалық,мәдени дамуы

Автор:   •  Январь 31, 2018  •  Дипломная работа  •  20,639 Слов (83 Страниц)  •  1,220 Просмотры

Страница 1 из 83

        Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

                Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты

Орындаған: Наубетов М.С

  Диплом жұмысы

                  Ойыл «Көкжар» жәрмеңкесінің  құрылу  тарихы

Тарих 050114

Ақтөбе 2013

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

                   Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты

Отан тарихы және тарихи пәндер

Кафедра меңгерушісі:

Т.ғ.к, доцент Ғанибаева Ж.А

Диплом жұмысы

Тақырыбына: Ойыл «Көкжар» жәрмеңкесінің құрылу тарихы

Тарих 050114

Орындаған: Наубетов М.С

Ғылыми жетекші: т.ғ.к аға оқытушы ДемеуоваН.Қ

Рецензент: т.ғ.к аға оқытушы Маден А.Т

Ақтөбе 2013

Мазмұны

КІРІСПЕ................................................................................................. 4-10

І. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы  Патшалық  Ресейдің  отарлық  жүйесіндегі Ойыл өңірі

  1. Ойыл бекінісінің негізінің қалануы ........................................... 11-25
  2. Ойыл  өңіріндегі  Батыс Алашорда үкіметі................................26-38

ІІ. «Көкжар»жәрмеңкесінің  әлеуметтік-экономикалық,мәдени дамуы

2.1. Ойыл «Көкжар» жәрмеңкесінің тарихы  мен  өңірдің әлеуметтік-экономикалық  дамуы............................................................................39-52

2.2  Көкжар жәрмеңкесінің  мәдениетке тигізген ықпалы......................52-57

ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................57-60

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ .............................................61-63

ҚОСЫМШАЛАР ..................................................................................

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.Тарихсыз халық тұл дегендей, халқымыздың қуанышы мен қасіреті қатар өрбіген сан ғасырлық тарихы біздің баға жетпес асыл мұрамыз. Осыған дақ түсірмей болашақ ұрпаққа  жеткізу біздің борышымыз. Өйткені  өткенді білмей болашақты болжау мүмкін емес.

        Бүгінгі таңда егемен еліміз ұлттық жаңғыру процесін бастан кешіруде. Қазақстан Республикасының бүкіл әлем қауымдастығы  алдындағы алар орны айқындалып жатырған кезде оның өткен тарихын жан-жақты терең зерттеулер мен тарихи оқиғаларға жаңа тұрғыдан баға беруге зор мән берілуде. Әсіресе мұндай қажеттілік патша үкіметінің Қазақстандағы отарлық саясатын зерттеуге байланысты туып отыр.

        Міне бүгінгі таңда бұған мол мүмкіндіктер туып отыр.

        Ойыл өлкесі де ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің отарлық жүйесінің құрсауына ілігіп, жергілікті халықтың  мал-жаны есепке алынып, бодандықтың қыл арқанын  мойнына ілген кезі болатын.

        Саяси жағынан алғанда бұл өңірдің Қазақстанның басқа да аймақтары секілді мемлекеттіліктің барлық негіздерін жоюдан, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырудан, басқару органдарына қазақтардың қатысуын жергілікті деңгейге төмендетуден айқын көрінеді.

 Қазақстанның батыс бөлігінде салынған Ойыл бекінісі және осы бекіністе ашылған Көкжар жәрмеңкесі қазақ даласында сауда қатынасының дамуында ерекше рөл атқарды. Осы екі мәселе ғылыми түрде  көп зерттелмеді. Бұл мәселелер туралы деректі негізінен мұрағат деректері арқылы ала аламыз. Себебі бұл мәселелрге  жергілікті жерден шыққан кейбір тұлғалар ғана  еңбектерін жариялады.  Ойыл бекінісінің ашылу тарихы әлі толығымен зерттеле қоймады. Осы орайда Көкжар жәрмеңкесінің ашылуы, дамуы және оның өңір үшін маңыздылығын, тарихын жүйелі түрде топтап талдаудың бүгінгі күнге аса қажеттігі тағы да байқалады. Өйткені қазақстандық тарих ғылымы мұндай аса маңызды мәселеге талдаулар жасамай болашақта алға баса алмайды.

...

Скачать:   txt (265 Kb)   pdf (607.2 Kb)   docx (103.7 Kb)  
Продолжить читать еще 82 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club